Бас имам Бектұрсын ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ
- Подробности
- Рубрика: РУХАНИЯТ
- 22.12.2013 23:52
- Просмотров: 2385
Бектұрсын ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ,
Арқалық қалалық "Мухтасиб Әлмұхаммед молла" мешітінің бас имамы
Сұрақ №1
Ғабдолла: "Исламда сенім, ар-ождан еркіндігі бар ма?"
Бектұрсын ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ:
Уәғалейкум әссәләм! Әлбетте дініміз Исламда сенім еркіндігі бар. Дініміз ешқашан ешкімді күшпен, зорлық-зомбылықпен имандылыққа келтіре алмайды. Өйткені Ислам мейірімділік, рахымдылық діні. Әр кім иманға шынайы ықыласымен, өз қалауымен келеді. Құранда адамдар арасындағы түрлі сенімдердің болуы арнайы Аллаһ тағаланың қалауы ретінде қарастырылған. Аллаһ тағала: «Дінде зорлық, күштеу жоқ» (Бақара сүресі 256 аят). Ислам тарихына көз жүгіртсек, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс аударған кезде «Мәдина келісімін» (Мәдина конституциясын) жасап, ең алғаш қолға алған мәселесі осы «діни еркіндік» болған. Бұл келісімде ешкімге діни сеніміне қатысты ешқандай қысым көрсетілмейтіндігі нақты айтылған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз басқа дін өкілдеріне тізесін батырмай, әділетті болу қажеттігін үмметіне ерекше ескертіп, хадисінде: «Кімде-кім мұсылман елінде тұратын өзге дін өкіліне қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал, мен кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке есептесемін» делінген. Сол дәуірде көптеген елдер өз патшаларының, тіпті, өз діндестерінің зұлымдығынан құтылу үшін мұсылмандардан пана тілеп, мемлекетті басқару билігін де өз еріктерімен мұсылмандардың қолына берген болатын. Қанша ғасыр бойы мұсылман мемлекетінің құрамында болса да көптеген араб елдерінде христиандар әлі күнге дейін сау-саламат бейбіт ғұмыр кешуде. Мұсылмандар олардың діндеріне, тарихи жәдігерлеріне құрметпен қарап, сақтап қалған. Сондықтан Ғаболла бауырым, ислам дінінде сенім еркіндігі әлбетте бар, ал мұндай еркіндік жоқ деу, ислам дінін дұрыс білмеушілік болып саналады.
Сұрақ №2
Ғазезова Айгүл: "Салеметсізбе! Менің кояйын деген сұрағым, Ораза қай уақытта басталады. Және оны ұстау шарттарын атап айтсаңыз. Рахмет!"
Бектұрсын ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ:
Рамазан оразасы – маусым айының 28-нен басталады.
Оразаның шарттары:
1. Мұсылман болу: Ораза тек мұсылмандарға парыз.
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Сәби мен ақыл-есі кеміс, адамға ораза парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Алланың әмірі саналы жандарға келген. Балиғат жасына жеткенше оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, әрине оразасы дұрыс болады. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері қазасын өтеуге міндетті. Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Бұлар кейін қазасын өтейді. Кәрі адамдар ораза орнына пидия садақасын береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді.
4. Ниет ету: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету – жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің ораза екенін біліп, бұл айда ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәреге тұрса, бұл ісі ораза ұстауға ниет болып саналады. Бірақ тілмен айту абзал. Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет еткен дұрыс.
Сұрақ №3
25/06/14
Еркебулан: Ассалау магалейкум Бектурсын имам! Менин сурагыма сиз жауап беруге кукылысыз ба билмимин, дегенмен де бул акпарат мен ушин оте кажет. Каламызда вахабизм кен тараган ба? Оларга мешитке келуге тиым салына ма? Олармен жумыс жургизиле ме? Жане когамга кандай кауип тугызуы мумкин? Бул жайында акпарат ешкайда жок, жане Аркалыкта баска да ширкеу секталары коп екенин билемиз. Олар зан жузинде жумыс истеуде ме. Соларды атап отсениз Алдын ала рахмет
Бектұрсын ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ:
Қала бойынша аталмыш ағымда жүрген бауырларымыз бар. Оларға мешітке келуге ешқандай тыйым жоқ. Заң жүзінде де тыйым салынбаған. Бұл ағым қала бойынша өте кең тараған деп айта алмаймыз. Әлбетте бұл ағымға қарсы тосқауыл қою мақсатында насихаттар айтылып арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Асыл дініміз бен әдеп-ғұрыптарымызды жетік біле бермейтін жастар арасында еліміздегі кереғар ағымдар жайлы түсінік, мағұлматтар беріледі. Әсіресе мектептерде жалпы білім ошақтарында насихат жұмыстары жүргізіледі.
Қаламызда христиандық бағыттағы діни бірлестіктер де жұмыс істейді. Атап айтар болсақ: "Свято-Троицкий Приход" Костанайско - Рудненской Епархии; "Римско-Католический Приход "Иисуса Милосердного; Церковь "Благодать Иисуса Христа"; Церковь Полного Евангелия "Новая Жизнь"; "Евангельская христианская церковь "Агапе"; Церковь Евангельских Христиан Баптистов "Надежда". Бұл бірлестіктер заң жүзінде тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Жалпы қаламыздағы қандай да бір діни бірлестіктер жұмысы ішкі саясат бөлімінің қадағалауында болады.
Сұрақ №4
14/07/14
Аскар: Ассалаумагалейкум Бектұрсын имам! Ораза устап журип, арасында 1-2 кун устамай калып, сосын казасын кейн отеп жатады. Сол дурыс па?
Бектұрсын ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ:
Уәғалейкум әссәләм! Асқар бауырым! Оразаның тәртібі, шарттары бойынша белгілі, қажетті жағдайда ғана ауыз ашуға рұқсат етіледі. Мәселен: жол жүріп сапарға шықса, ауырып қалса немесе әйелдерге тән уақыт мерзімі болғанда т.б. с.с. Мұндай жағдайда оразасын тоқтатып кейін, яғни үш күн айттан соң оразасының қазасын өтейді. Ал, еш себепсіз оразасын бұзып, ашып жіберуге болмайды.