«Ақбота» би ансамблі облыс бойынша үздік болды
- Подробности
- Рубрика: ИСКУССТВО
- 08.08.2013 17:02
- Просмотров: 369
Жақында ғана өз мәресіне жеткен «Тың – Целина – 2013» жазғы облыстық спартакиадасында қала спортшылары жалпы командалық есепте VI орынды иемденіп қайтқан болатын. Бұл спорттық шарамен қатар бишілер де облыстық фестиваль-байқауға қатынасты. «Би - әсемдік әлемі» атты хореографиялық фестиваль-байқауда бас жүлдені Арқалықтың «Ақбота» ансамблі қанжығасына байлады.
Федоровка ауданында өткен би байқауында облыстың 17 ауданы мен қалалары өзара өнер жарыстырды. Бірінші номинация, яғни Қазақстан Республикасы халқының ұлттық биі кезеңінде «Ақботаның» биші ұл-қыздары «Алдар көсе» сюжеттік биін көрермендерге ұсынды. Бұл тек би болып қана қоймай, сахна төріндегі халықтың аңыз кейіпкерін нанымды бейнелеген, оның өмірінен үзінді келтірген сахналық қойылым түрінде жоғары бағаланды.
Келесі кезең – модерн биі жанрында жерлес бишілеріміз заманауи спорттық-класикалық биін тамашалатты. Байқауға барлығы 4 қыз, 2 ұл қатынасты. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімі бойынша, «Ақбота» ансамблі ең үздік деп танылып, бас жүлде – 100 000 теңгеге ие болды.
«Торғай ақпарат»
Новости ИСКУССТВА
ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ
Ошибка: Нет статей для показа