«Топжарған» жинағы жарыққа шықты
- Подробности
- Рубрика: КУЛЬТУРА
- 27.12.2013 15:41
- Просмотров: 131
Арқалық қаласының бұрыңғы әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫНЫҢ бастамасымен қаламызда идеологиялық жұмыс күшейгені баршаға аян. Соның бірі – Торғай кітапханасы атты әдеби жинақтар сериясы. Жақында аталмыш серияның алғашқы «Топжарған» топтамасы жарыққа шықты.
Торғай өңірі талантты ақындардың ордасы екені баршаға белгілі. Қазақ поэзиясының, жалпы әдебиетінің көрнекті өкілдерін түлеп ұшырған өлкенің бүгіндері есімі жиі аталмай жүрген ақындары да аз емес. Мұны Торғай кітапханасының алғашқы топтамасына енген ақындардың есімінен аңғаруға болады. Кітапқа арқау болған жыр шумақтарын редакция алқасының мүшесі, жергілікті пединститут деканы, «Торғай ақындық мектебі» ғылыми жұмысының авторы Айбек Қалиев жинақтаған.
Жалпы, Торғай кітапханасы атты серияның мақсаты – осы жердің талантты ұл-қыздарының шығармашылығын жарыққа шығару, оқырманмен қауыштыру болса керек. Бірақ, редакция алқасы бүгінгі замандастарымыздан бұрын Торғай ақындық мектебінің бастауында тұрған тұлғалардың шығармашылығынан бастауды ұйғарған еді. Кезекті жинақтарға бүгіндері қалам тербеп жүрген, көбіне, жас авторлардың туындылары енбек.
Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ
Новости КУЛЬТУРЫ
ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ
Ошибка: Нет статей для показа
Комментарии Культура
-
«Топжарған» жинағы жарыққа шықты
Ай, Елдосым-ай! Әзір дауысың алысқа жетпйді ғой, өзіңе келгенде бәрін ретке келтірерсің...Ә зір майдаланба, қайтесің... -
«Торғай елі» энциклопедиясы жарыққа шықты
Ақпаратыңызға көп-көп рахмет! Мен кітапты сатып алдым. -
«Торғай елі» энциклопедиясы жарыққа шықты
Гулжанат, китапты муражайдан сатып алуга болады. 7-22-99 -
«Торғай елі» энциклопедиясы жарыққа шықты
Гулжанат, бул китапты 31 кантар куни Берик Абдыгалиулы ози тусауын кескен болатын. Сонда сатылды. Окинишке орай, казыр гана окып отырмын. Бирак бул энциклопедия али де сатылуы тиис. Оны калалык мадениет болиминен, немесе муражайдан сурау керек.
Комментарии