Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Қазақ тілінің қолданыс аясына көңіліңіз тола ма? | Парасат бағдарламасы АрқМПИ

 

«Парасат» жайында пайымдау

Қазақ  жерінде  білімнің  алғаш  шамшырағы  жанған  жер-Торғай  даласы. Ұлы  ұстаз  Ыбырай  Алтынсарин  атын  иемденген  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық  институтының   студентімін. Студенттік  жылдарым  өте  қызық, көңілді  өтіп  жатыр. Тек  қана  сабақ  оқып  қоймай, өзімді  қызықтыратын  шаруалармен  де  шұғылданып  жүрмін.  «Жас  Орда»  студенттердің  өзін-өзі  басқару  ұйымының  президентімін, институтішілік  Міржақып  Дулатов  атындағы  әдеби-мәдени  бірлестіктің  төрағасымын.  Осы  бірлестік  ішінен  жас  тілшілер  үйірмесін  құрып, журналистика  саласына  ебі  бар  студенттер  арасында  жұмыс  жүргізіп  келемін. Ұстазым  Айбек  Киікбайұлының  қолдауымен  «Парасат» ток-шоу  бағдарламасын  ашып, жергілікті  «Арқа дидары» телеарнасын  көрсетіп, көпшілік  қауымның  назарына  ұсындық. Бағдарламаның  басты  мақсаты  кішкентай  шаһардың  тыныс-тіршілігімен, өзекті, көкейкесті  мәселелерін  көтеріп, осындай киын  мәселерді  шешудің  жолдарын  тауып, жергілікті  билік  пен  тұрғындар  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайтып, сұңғыла  сұрақтардың мән-мағынасын  ашу  болмақ. Ең  ғанибеті  сол- бағдарламамызда  көтерілген  мәселелер  оңтайлы  шешімін  тауып, орындалып  жатса, тұрақты  өз  көрермені  болып, жанайқайымызды  естір  құлақ  болса  болғаны. Бұл  бағдарлама  шығармашылық  топтың  жемісі, мен  осы  бағдарламаның   сценарийін  жазып, дайындап  апарған  соң, бейнеге  түсу  мен  монтаждалып, безендірілуіне  тікелей  режиссер  Марияш  Шаханова, бейне  операторлары  Темірхан  Айғожин, Ербол  Әбдіғази, монтаждаушы  Рустам  Купабаев   секілді  аға-апаларымның  еңбегі  зор.  Алдағы  уақыттарда  да  шаһардың  көркеюі  мен  гүлденуіне, қала  жастары  мен  тұрғындарына  қатысты  өзекті  мәселерді  көтерілуге  арналған  бағдарламалар  ашу  ойымызда  бар. 

 

Жалпы, мен  оқитын  оқу  ордасында  өз  идеяң  мен   жоспарыңды, жаңаша  бастамаларыңды   жүзеге  асыруға  мүмкіншілік  мол. Осы  жағынан  алғанда,  менің оқу  ордам - менің  мақтанышым.  Басшылық  тарапынан  қолдаулар  болып  тұрса,  етек  түре, білек  сыбана  жұмысқа  кіріспеске  шара бар  ма?!  Мен  көгілдір  экран  арқылы  жұртшылыққа  танылып, «жұлдыз » болу  мақсатында  емес, өзімнің  қабілетім  мен  шығармашылығымды  шыңдау  үшін, шебер  маман  болып  қалыптасу  үшін, осындай  қиын  әрі  күрделі  салаға  түсуге  тәуекел деп, бел буып  кірістім.

 

Бағдарлама авторы Елдос  ТОҚТАРБАЙ

 

І бөлім

 

ІІ бөлім

 


 

 

ПОСЛЕДНЕЕ ВИДЕО

Предыдущая Следующая

24 қаңтар - Мәуліт мерекесі

26.01 10:01 Просмотров: 450

24 января - праздник Мәуліт

26.01 09:01 Просмотров: 343

Демонтаж зданий 26.01.13

26.01 07:01 Просмотров: 322

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Жазылған жайдың жаңғырығы

 Жазылған жайдың жаңғырығы

14-02 12:02 Просмотров: 108

        «ДАТ» газетінің  порталында жарияланған «Ахмет Байтұрсынов жылап тұр» атты «тарихшы-ғалым» Ж.Шәмшінің мақаласына жауап.

Туысы біргенің, туы жығылмас

Туысы біргенің, туы жығылмас

08-02 14:02 Просмотров: 51

Ресей империясы өз билігін жүргізіп тұрғанда-ақ, атақты орыс ұлтының өкілі, ғалым, Григорий Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» - деп айтқанындай, 2013-ші жылдың бірнеше айында шынында да «Қазақстан...

Зинаида КОЛДАСБАЕВА: «Саморазвитие – непрерывный процесс в моей жизни»

Зинаида КОЛДАСБАЕВА: «Саморазвитие – непрерывный процесс в моей жизни»

15-01 14:01 Просмотров: 89

Среди нынешних аркалыкчан немало старожил, переживших вместе с родным городом весьма трудные периоды. Коммунальный коллапс, массовая безработица, болезненные реорганизации изрядно подшатнули социально-экономическое равновесие Аркалыка. Есть люди, которым не только довелось...

Комментарии видео

© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация