Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Жазылған жайдың жаңғырығы

        «ДАТ» газетінің  порталында жарияланған «Ахмет Байтұрсынов жылап тұр» атты «тарихшы-ғалым» Ж.Шәмшінің мақаласына жауап.

 

           Қысқаша мәлімет. Ж.Ш. мырза Арқалыққа тойға келеді, бірақ себепсіз әкімдікке барады, қаланы аралайды, «өзінің ойынша» көзіне түскен келеңсіз дүниелерді жазады. Түйткілі көп күйбең тіршіліктің  жақсы жаманы болатыны анық, бірақ бұл азамат тек қаланың емес, осындағы билікті қорлап, арымызды аяққа таптап отыр. Ж.Ш-ның мақаласын dat.kz сайтында оқуға болады.

           Мақалаңызды оқып шықтық, Жұмамұрат мырза!

          «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дейді», амал не, көңіл құлазып, мақаладағы фактілердің шындыққа жатпайтынын көргеннен соң пікірімізді білдіріп отырмыз.

           Әуелден, Сіздің ғылыми атағыңыз бола тұра, мақаладағы жіберген көптеген қате жазуларыңыз, ғалым басыңызға ұят екен. Сөз саптауыңыз ешқандай стилистикаға келмейді, қаптаған грамматикалық, орфографиялық қателер, шұбалаңқы, түсініксіз сөйлемдер. Екіншіден, Арқалыққа арнайы қонаққа келсеңіз, ел арасына кірбің туғызып, сырт көзге қаламызды мүсәпір халде көрсету ер басыңызға сын. Арнайы мақаланы екжеп жазу керек қой,  сонда да егер қалада тұрып, халықпен етене араласып, жай-жапсарын білсең ғана, ал өзіңдей Ұлт мүддесін көтеріп жүрген азаматқа осындай ұсақтыққа бару абыройыңды асқақтата қоймас, Арқалықтың мұң-мұқтажы жүз рет айтылып, мың рет пішілген дүние.

            "Ақша жоқ" деген жазу әкімдікке қатысты емес, банкоматқа қатысты ілініп тұруы әбден мүмкін. Бұл сынықтан сылтау іздеп, тырнақ астынан кір іздегенге ұқсайды. Қала әкімінің мойын омыртқасы емес, беліне зақым келген, бірақ ол азамат жұмыс орнында таңғы алтыдан түнгі 11- ге дейін болатынын білу керек еді. Сіз барған уақытта болмаса, қаланың уақыт күтпес мәселелерін тікелей араласып шешуге кеткені. «Әкімнің орынбасарлары түстен кейін басқарады»- деу де қисынсыз. Олар қала әкімімен бірге Арқалықтың жүгін көтеріп отырған жандар, басқарулары дұрыс. Әкімді орыс тілді деп жазыпсыз, Сіз ол кісімен жүздесіп сөйлеспесеңіз қайдан білдіңіз, әлде Сізге қазақша жауап бере алмады ма? Жалпы әкімде не жұмысыңыз бар еді? Әкім Елбасының өкілі, сынағанның жөні осылай екен деп аузыңызға келгенді айтып, орынсыз пікіріңізді жазу елге сын, ерге сын!

Тарихшы бола тұра, есімдері халықтың аузында жақсы істерімен қалған азаматтарымызды "орыс" болғанын атап, ұлтаралық теріс пиғыл туғындатуға барыпсыз. Масқара екен. Арқаның ақ қар, көк мұзын жастанып, аязды боранда қазақтың екі бірдей баласын өз денесінің жылуымен аман сақтаған, бірақ өзі құрбан болған Василий Горбачев барша Торғайлықтардың мақтанышы. Ал, Александр Волков болса, Торғай боксит кенін ашуға ерен еңбек еткен геолог. Тарихты білмеген «тарихшы» мырза!  Мөлтек аудандарға келетін болсақ, онамастика туралы Заңға сәйкес көше, ауыл атаулары уақытында өзгереді, Қазақстанның жер-жеріндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып, жауыр болған дүниені қайталап, патриот болмақсыз ба? Жол жөнекей келген жүргінші шешетін мәселе емес  Арқалықтың мұңы, тағдыры. Үкімет тарапынан мемлекеттік маңызы бар "моноқалалар" жоспарына сай дамып, оңалып, абаттанып келеміз! Өзіңіз тарихшы бола тұра, мұражайда не тұратынынан бейхабарсыз-ау, тарихи жәдігерлер музейде тұрмағанда қайда тұрады. Кейкі батыр Ленинді емес, қаламызға келіп, осындай орынсыз сын пікірін білдіретін Сіздей жандардан қорғап тұрғандай. Екіншіден мұражайдың атауы Облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайы, Өз ағамыз ашып берген.

Арқаның қаһарлы қысы қаламызды қыспаққа алып тұр, күніне қарлы боранның салдарынан тау-тау қар көше бойын, аулаларды, жолдарды бітеп тастауда, қатты жел ғимараттардың шатырын, мекемелердің  атаулары жазылған көрсеткіштерді жұлып кетуде, соған қарамастан қала тіршілігі жалғасуда. Қала табиғи апаттардың зардаптарын өз күшімен шешуде, оған әріпі ұшқан мектеп басшысы кінәлі емес. Рас, техника жетіспейді, сонда да қала әкімінің шешімімен қаламызға жол мекемелерінен тысқары Торғай боксит кен басқармасы, "Алюминстрой" ЖШС қол ұшын беріп, күнделікті тіршілік қөздеріне қажет нысандарды қар үйінділерінен тазалауда. Қаламыздың жас әкімі өзін іскер азамат ретінде көрсетпесе, Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов Арқалық қаласына әкім қылып тағайындамас еді.  Білмегенін ақылдасып, көмегімізге әрқашан жүгінуінің өзі "көп болып шешілген мәселенің келте болмайтынын" түсінгені,  Ғазиз Ерболатұлының өз беделін емес, халықтың мұқтажын ойлағандығын көрсетіп отыр. Әр нәрсенің анығына жетпей, фактілерді тексермей жазған сіздей ғалымдар тарихты да шатастырып болды, біздер Жұмамұрат Шәмшұлынан, біріншіден - ар алдында жауап беруін талап етсек, екіншіден - Арқалық қаласының атына келтірген моральдық шығынды өтеуді сот арқылы талап етеміз! Ахмет атамыз  заманында жылап болған, енді  қазағына, ұрпағына ренжіп «қабағынан қар жауып » тұр. Ахмет атамыздың «қабағының  қар жауып, налуы»,- осы Сіздей "бір қарын майды шіріткендерге" реніші шығар...

     Тарихтың таңбасындай болған Арқалық қаласы көне Торғай елінің мәңгілікке маңдайына басылған мақтанышы, Арқалық қаласы осы Торғай жерінің, елінің рухани астанасы! Сондықтан Арқалықтың арын, мұң-мұқтажын «көлденең келген көк атты», Сіз сияқты, той-тойлап шалқып жүріп шешетін шаруа емес. Шамасы бажаңыз келген қонаққа қазақтың салт дәстүрімен дәмін дұрыс бермеген шығар, әйтпесе адам су ішкен құдығына түкірмес.

          Сүгірбай НҰРМАНОВ,

«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси

апталығының Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі

 

Қол қоюшылар: Арқалық қаласының "Құрметті азаматтары" Жұмағали Өмірбек, Қайырден Жиенбаев, Жәнібек Ғаббасов, Мұхамедрахым Спандияров, Қостанай облыстық  мәслихаттың  депутаты Дәмеш Қосмұхамбетова, қалалық мәжілістің депутаттары Қаратай Нұрманов, Рүстем Шалабаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Ақан,"ОЛВИ" ЖШК-нің басшысы Тамара Соколова, «Арқалық хабары» газеттінің редакторы Арыстан Айтмағамбетов және  қала тұрғындары, зейнеткер Отаркүл Ордабаева, дәрігерлер Сәуле Спандиярова, Нұрлыбек Сағындықов, 2013 жылдың  «жыл адамы» Қарлығаш Жақыпбекова, кәсіпкерлер Айман Жакупова, Жарқын Ерғалиева  және көптеген арқалықтықтар осы мақалаға қолдарын қойған.

 

 

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Мұңға толы жыр дәптері

29.05 10:05 Просмотров: 1985

Выдающийся поэт Тургайской степи

14.08 08:08 Просмотров: 1196

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 790

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 785

Жазылған жайдың жаңғырығы

14.02 12:02 Просмотров: 626

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 624

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 1617

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 2081

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 726

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ


© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация