Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Біз – бір жанұямыз!

«Отан отбасынан басталады» дейміз. Жанұдағы татулық, бірлік, береке - әр баланың болашағы. Себебі бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Отбасының, әке мен ананың жылуын, мейірімін, махаббатын сезінген бала бақытты болып өседі. Ал бақытты бала айналасындағыларға, қала берді қоғамға тек жақсылық жасайды.

Бұл тақырыпты қозғап отырған себебім, биыл екінші жыл ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленді. Бұл мерекенің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.


Осындай мерекені атап өтуде көңіліне қаяу түсіретін балалар да жоқ емес. Олай дейтінім, мен өзім 14 жыл болды баспанада жұмыс жасаймын. Бұл өз қызығы мен шыжығы мол шағын ғана мекеме. Ол жұмыс істей бастағалы қаншама жасөспірім балаға пана, қорған болды. Себебі мұнда ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балалар келіп жатады. Келген әрбір бала мұнда әлеуметтік, психологиялық, медициналық көмек алады. Дегенмен бұл балаларға ең қажеті - ата-ана мейірімі, отбасы жылуы. Ал осында жұмыс істейтін адамдардың әрқайсысы оларға келген күннен бастап бірі анасындай, бірі тәтесіндей қамқорлық көрсетіп, отбасылық жылу беруге күш салып жүрген жайы бар.


Олардың бойына отбасылық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбие береді. Бір шаңырақ астындағы әр отбасынан келген балалар бір үйдің баласындай тату-тәтті, бірі үлкен, бірі кіші болып өмір сүріп жатады.


Бесіктен белі шықпай жатып, тағдырдың сынына түскен балаларды өмір сүруге үйрету, оларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, отбасылық сезімдерін ояту біздің еншіміздегі міндет. Ол үшін мұндағы әр баламен жас ерекшелігіне байланысты жұмыстар жүргізіледі. Қандай жағдайда өмір сүрсе де, не себеппен келсе де олар үшін ең бастысы ата- ана, отбасы. Мүмкіндігінше олардың ата-анасымен, туыстарымен байланысын үзбей, кездесіп тұруларын ұйымдастырамыз. Мекемемізде теріс жолға түскен ата-аналарға, отбасыларына  қолдау беру, көмек көрсету қызметі жұмыс жасайды. Онда ата-аналарға кеңестер беріліп, әлеуметтік көмек көрсетіледі.


Осы мерекеге орай біздің мекемемізде «Отбасы – Отанымыздың болашағы» атты мерекелік шара өтті, балалардың өз жанұясы туралы, армандары туралы салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.


Осындай мереке күні әрбір отбасында тек татулық, бірлік, береке, сыйластық, сүйіспеншілік болсын! Әрине адамдар тек бұл күні ғана емес, әрбір сағат, әрбір минут сайын отбасын шексіз махаббатқа бөлеуі тиіс. Қоғамымызда әр бала тек өз  отбасында бақытты өмір сүрсе екен!? Өйткені бала біздің болашағымыз, Отанымыздың болашағы.



А. Әбділдә,
«Арқалық балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанасы» КММ-і тәрбиешісі.

Новости ОБЩЕСТВА

Предыдущая Следующая

Легализовал и спи спокойно

12.11 09:11 Просмотров: 1198

Үкіметтік емес ұйымдар семинары

19.09 04:09 Просмотров: 1370

Біз – бір жанұямыз!

19.09 04:09 Просмотров: 1094

Бродячий скот продолжает бродить

29.08 02:08 Просмотров: 1126

Прогуляемся по городу?

19.06 10:06 Просмотров: 355

По случаю Пасхи

28.04 05:04 Просмотров: 296

Махаббат - мәңгі ертегі

22.04 12:04 Просмотров: 499

Снег «покидает» пригород

27.02 11:02 Просмотров: 385

Отанды сүю иманнан

20.02 12:02 Просмотров: 369

Девальвация тенге: до и после

13.02 12:02 Просмотров: 451

СПАСибо СПАСателям!

17.01 10:01 Просмотров: 442

Тарифы, вам не хочется покоя?

16.01 12:01 Просмотров: 435

Проезд в поездах подорожал

15.01 02:01 Просмотров: 502

Кружились в вальсе на балу

27.12 03:12 Просмотров: 450

Ледяные горки будут

12.12 11:12 Просмотров: 473

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

30-01 15:01 Просмотров: 74

В конце декабря минувшего года Указом Главы государства была утверждена новая Антикоррупционная стратегия, рассчитанная на 2015-2025 годы. О том, что представляет собой этот документ наша беседа с недавно назначенным на...

Главное условие развития государства – единство народа

Главное условие развития государства – единство народа

29-01 12:01 Просмотров: 92

Представляем читателю новую рубрику «Гостиная «АХ». Символично, что первым гостем, собеседником в рамках этой рубрики стал директор Торгайского гуманитарного колледжа им. Н. Кулжановой Сабыржан ТАСМАГАНБЕТ. Как известно, наступивший год богат...

Жолы болған азамат

Жолы болған азамат

18-12 09:12 Просмотров: 1610

Оқу мерзімінің бір жылға қысқаруына орай күнілгері журналистика факультетінің деканы Тауман Амандосовпен күндізгі бөлімшеге ауыстыруға келісіп, студенттер ауыл шаруашылығы жұмыстарынан оралғанша Алматы облыстық «Жетісу» газетінде уақытша тәжірибеден өтіп жүргенмін. Оқу...

Комментарии Общество


© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация