
Қазақстанда Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы 100 000 адамға шаққанда 170,4 қант диабетімен ауыратындар тіркелген.
Қант диабеті – кеңінен таралған созылмалы ауру. Оған инсулиннің болмауынан (қант диабетінің 1-типі) дамитын гипергликемия (қан құрамындағы глюкоза деңгейінің жоғары болуы) немесе инсулинді өндірудің жеткіліксіздігі мен инсулинге резистенттілік (қант диабетінің 2-типі) жатады.
Қант диабетінің індеті әлемде, әсіресе, дамушы елдерде артып отыр. Оның себептері - артық салмақ, семіздік пен дене белсенділігінің жоқтығы.
Қант диабеті мен оның асқыну оқиғасының айтарлықтай үлесін дұрыс тамақтану, үнемі дене белсенділігінің болуы, дұрыс дене салмағын сақтау мен темекіні тұтынудан бас тартудың көмегімен алдын алуға болатыны жөнінде расталған нақты мәліметтердің болуына қарамастан, ол шаралар кеңінен қолданылмайды.
Қант диабетімен ауруды төмендету үшін оның белгілі қауіпті факторларының әсерін төмендету мен медициналық көмек пен оның сапасын арттыру қажет.
Бұл емделмейтін ауру емес екендігін білген абзал. Дер кезінде ауруды анықтау мен қан құрамындағы қант деңгейін бақылау, оны қалыпты деңгейде ұстау – аурудың салдарымен күрес, ұзақ және толыққанды өмір сүру жолы.
Қант диабеті адамның өмірдің жаңа бағытын қабылдауға, тұрмысын, тамақтану ережесі мен өз ағзасына қарым-қатынасын өзгертуге (үнемі қан құрамындағы қант деңгейін бақылау, уақытылы дәрі-дәрмекті қабылдау, міндетті түрде физикалық және басқа жаттығуларды орындауға) мәжбүрлейді. Қант диабетімен ауыратын адам өзіне, денсаулығына уақыт бөлуге, уайымға түспеуге, ауруға бола азаптанбауға, кез келген жағдайда көңілін көтеруге, өзін-өзі бақылауға, көмектесуге дағдылануға және өз ауруын басқаруға үйренуі қажет.
Сағынтай Абенова,
Аркалык өңірлік емханасы
бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.