Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Жылусыз қалуымыз мүмкін бе? ПГТ болатынымыз рас па?

Қыс жақындағанда қыза бастайтын әңгіменің бірі – жылу мен мазут мәселесі, әсіресе, биыл көптеген алып-қашпа әңгімелерге ұласып жатыр. Тақап келе жатқан қыс айларында Арқалық жылусыз қалатыны рас па деген сауал бәрімізді де мазалай бастағаны шындық. Оның сыртында, Арқалық қала мәртебесінен айырылып, «қала типіндегі поселкеге» айналады екен деген қауесет те тез тарап кетті. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Мұндай сөздің тарауына не себепші болды әрі бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

Әрине, бұл әңгімелерін шығу төркінін нақты талдап-тарқатып беру қиын. Бірақ, жақында у-шу болған мәселенің бірі – Арқалық перзентханасының қайта құрылуы түрткі болды деп болжам жасауға болады. Себебі, бүкіл аймаққа қызмет көрсетіп отырған перзентхананың жабылуы – қаланың мәртебесі төмендейді дегенді меңзеп тұрғандай. Әйтсе де, ПГТ болудың қаупі төніп тұрғанын өзге де проблемалық тұстармен байланыстыра беруге болады. Бұл орайда әңгімеге не арқау болғанын дөп басып айту мүмкін емес.

Дегенмен де, жақында осы мәселе бойынша әкімдіктегі ресми жиналыста сөз қозғалды. Арқалық қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Теменов Арқалық ПГТ болады деген әңгіме негізсіз екенін айтты. Жиналыс барысында Е. Теменов облыс әкімінің кеңесшісі Виктор Мейстердің пікірі бойынша, Арқалықты ПГТ қылу «жоғарғы» жақта сөз болмағанын айтып, көңілімізді көншіткендей болды.

Соңғы күндері қала жылусыз қалуы мүмкін, қысқа дайын емес деген әңгіме де жиілеп кеткені рас. Бұған не себеп болды деген сауалға нақты жауап беру де оңай емес. Не болса да, қысқа дайындық өз кезегімен жүріп жатыр екен. Бұны да әкімдіктегі жиналыста білдік. Оқырмандардың есіне салар болсақ, жыл сайын Арқалыққа республикалық бюджеттен жүздеген миллион қаражат бөлініп отырады. Аса қымбат отын – мазутты сатып алуға қыруар қаражат биыл да қажетті мөлшерде, яғни 800 миллион теңгеден астам көлемде бөлінді. Е. Теменовтың мәлімдеуі бойынша, операторлар мен қызмет көрсетушілермен тиісті келісім-шарттарға қол қойылды. Келісім бойынша Арқалыққа жылу беру маусымы жақындағанда 27 мың тонна мазут отыны жөнелтіледі. Өткен жылдан 1,3 мың тонна мазут қалғанын ескере отырып, биыл қыстап шығуға отын жетіп артылатынына көз жеткізуге болады.

 

            Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

Новости РАЗНОЕ

Предыдущая Следующая

Елки-палки не прижились

27.02 11:02 Просмотров: 10

Юность, опаленная войной

13.02 12:02 Просмотров: 36

Снег как снег на голову

24.01 01:01 Просмотров: 99

Первое движение по новым рельсам

12.12 12:12 Просмотров: 215

Особая миссия прокуратуры

08.12 12:12 Просмотров: 139

Копите смолоду на старость

15.11 12:11 Просмотров: 185

Аркалык в статусе миллиардера

14.11 10:11 Просмотров: 191

В любую погоду под лед или в воду

29.08 12:08 Просмотров: 247

Почему два дня не было хлеба?

11.07 03:07 Просмотров: 265

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Жазылған жайдың жаңғырығы

 Жазылған жайдың жаңғырығы

14-02 12:02 Просмотров: 104

        «ДАТ» газетінің  порталында жарияланған «Ахмет Байтұрсынов жылап тұр» атты «тарихшы-ғалым» Ж.Шәмшінің мақаласына жауап.

Туысы біргенің, туы жығылмас

Туысы біргенің, туы жығылмас

08-02 14:02 Просмотров: 50

Ресей империясы өз билігін жүргізіп тұрғанда-ақ, атақты орыс ұлтының өкілі, ғалым, Григорий Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» - деп айтқанындай, 2013-ші жылдың бірнеше айында шынында да «Қазақстан...

Зинаида КОЛДАСБАЕВА: «Саморазвитие – непрерывный процесс в моей жизни»

Зинаида КОЛДАСБАЕВА: «Саморазвитие – непрерывный процесс в моей жизни»

15-01 14:01 Просмотров: 83

Среди нынешних аркалыкчан немало старожил, переживших вместе с родным городом весьма трудные периоды. Коммунальный коллапс, массовая безработица, болезненные реорганизации изрядно подшатнули социально-экономическое равновесие Аркалыка. Есть люди, которым не только довелось...

Комментарии Разное

  • Снег как снег на голову

    гость
    добрый день, это все понятно а что нам сельчанам делать в поселке северном по улице кооперативной, наша улица если сейчас не вывезти снег весной утонет, уже бьем тревогу чтоб не ждать начала весны, прошу принять срочные меры и к нашей улице
     
  • Первое движение по новым рельсам

    kera.zz
    Согласен с Вами! Железная дорога не манна небесная, да это существенное подспорье для развития экономики, но не в таком уж большом масштабе. Рабочие места будут создаваться, но вряд ли на жд будут работать местные, так как им нужны квалифицированн ые ...
     
  • Первое движение по новым рельсам

    Алина
    Цены то на недвижимость растут, да только покупать её некому :( Одно дело имеются рабочие места, но в городе особо перспективами и не пахнет. Сейчас выстроят дорогу, места закроют, а дальше где работать??? На что кв.брать??
     
  • "Ақ Берік" әні Арқалықтың хиты болды

    Нұрғалиев
    Қадірменді Берік Әбдіғалиұлы Арқалыққа жасаған еңбегіңіз ешқашанда ұмытылмайды сізге рахмет. қазақ еліне әліде еңбегіңіз сіне берсін деніңіз сау болсын
© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация