Арқалықтың бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлы қызметінен кетеді дегенде, қала жұртына мұң ұялаған еді. Бір жылға жетер жетпес уақыттың ішінде қаланың жағдайы жақсарып, келбеті көріктене түсті, әкімдіктің жұмысы жанданды.
Берік әкімнің еңбегіне халық оң бағасын берді. Не керек, Беріктей іскер басшы қаламызда көп тұрақтамады. "Халық айтса, қалт айтпайды", әкім кетеді деген қауесет тарап еді, көп ұзамай әкіміміз ауысып кетті. Не дегенмен де, Берік Әбдіғалиұлының жасаған жақсылығы халықтың жадында. "Ақ Берікке" арнап, ән жазған өнерпаздар да бар екен. Сол әнді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әнді тыңдаған бетте, оның орындаушысы мен авторы кім екен деген сұрақ мазалады. Біліп едік, әнді орындаған ҚР мәдениет қайраткері АрқМПИ-ның ІІ курс студенті Нұрсұлтан Болатұлы болып шықты. Сөзін жазған Айбек Қалиев дегенді де естідік, бірақ бұған сену қиындау екен))
"Arknews.kz" сайтының 'материал салушысы' Қайрат )))
{youtube}znYZG402VlA{/youtube}
Комментарии
Аз ғана уақытта Арқалық үшін жасаған еңбегініңіз әрқашан халықтың есінде. Сізге кө-көп рахмет! Әкімдердің бәрі халыққа жаны ашып Сіз сияқты дұрыс жұмыс істесе Қазақстан әлде қашан өркениетті 50 елдің қатарында болар еді. Елдің де әлауқаты әлдеқашан дұрысталар еді.