Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Басты бағдар

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен-ақ Тұңғыш Президентіміз Қазақстан халқының алдында: «Бізге бірінші кезекте керегі - саясат емес, керегі экономика» деген болатын. Міне, осы көрегендіктің шындығына біздің толық көзіміз жетіп отыр. Ал, бұрынғы посткеңестік кейбір республикаларда бірінші орынға саясатты қойып, ал оның соңы неге айналғанының біз толық куәсіміз. Кешегі 2007-2008 жылдардағы бүкіләлемдік экономикалық дағдарыстың кезінде де Елбасымыздың болашағымызды дұрыс болжай білгенінің арқасында,  ол кезеңнен де қиындықсыз өткенімізді өздеріңіз жақсы білесіздер. Оның сыртында, еліміздегі кейбір патриотсымақтардың Ұлттық қордағы жиналған қаржыны әрбір азаматқа тең бөліп берейік деген жалаң ұрандарының бүгінде негізсіз екенін растайды.

 

Биылғы Президент Жолдауы біздің еліміздегі билік партиясы «Нұр Отанның» кеңейтілген отырысында әдеттегіден ерте жарияланды. Өйткені, партияның Сайлауалды тұғырланамалары және оның саяси доктринасының елімізді мекендейтін халықтың мұң-мұқтажымен сәйкес келгеннен кейін және іске асырылып жатқан істермен ұштасып жатқаннан туған болатын. Әлемдегі болып жатқан геосаяси  және экономикалық дағдарыстардың негізінде туындайтын кедергілерден қиналмай өту үшін Президент осы Жолдауды халық назарына ұсынды. Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға тез арада Жолдауда айқындалған іс-шараларды орындауға мүмкіндік берді.

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдау Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясаты, стратегиялық Жолдау. Ұлттық қордан 2015-2017 аралығында жыл сайын 3  миллиард доллар ел экономикасын дамытуға қаржының бөлінетіні, белгіленген іс-шаралардың міндетті түрде орындалатынына сенімділік туғызады. Елбасы «...алысты жақын ету-бүгінгі Жолдаудың түйіні болмақ» дегені, барлық қазақстандықтардың ойынан шықты. Көлікті-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға берген нақты тапсырмасында Қазақстан аймағының өзара байланысын  жақсарту  еліміздің ішкі әлеуетін арттыратынын да баса айтты.  Аталған автожолдардың ішінде бірінші кезекте салынатын жолдардың бірі, бізге байланыстысы «Астана-Ақтөбе-Атырау» бағытындағы жол. Бұл жол, біріншіден, бізді еліміздің жүрегі Астанамен байланыстырса, екіншіден, біздің Арқалық қаласы арқылы оңтүстік батыстағы көршілес Аманкелді мен Жанкелдин аудандары арқылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданымен  тас жол арқылы байланыс болады деген сөз.  Осы тас жолдар бойында бірнеше автобекеттер мен басқа да инфрақұрылымдар бой көтерері анық. Жол бойын мекендеген елдің әлеуеті де жақсарары сөзсіз.

Президент атап көрсеткен энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында да ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Оңтүстік және шығыс облыстар аймағында жоғары кернеулі элекетр желілерінен тыс біздің Арқалық қаласында да жел күшімен электр энергиясын өндіретін стансалар салынбақшы. Бұл біз үшін жақсы жаңалық.

Ал, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту туралы тапсырмасы көкейтесті мәселе. Бұл бағытта да қазіргі уақытта біраз жұмыстар атқарылуда. Өйткені, біздің қаламыздың өзін алсақ, осыдан 40-50 жылдан астам бұрын салынған тұрғын үйлердің тозығы жетті, су және жылу желілері де әбден тозғанын бәріміз де білеміз. Төленетін тариф өте жоғары. Осы мақсатта үстіміздегі жылы біздің қаламызға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту  үшін 300 миллионнан астам қаржы бөлініп 10 үй жөнделуде. Бұл жұмыс алдағы жылдарда да жалғаса бермек. «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолы іске қосылғаннан кейін көмірмен жағуға арналған жылу беру орталығы салынады деген жоспарлар да бар.

Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту шарасында да істелер шаруалар жеткілікті. Ауылдағы ағайындар мен жастардың жұмыс іздеп  қалаларға қоныс аударуына байланысты, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қымбатшылыққа әрі қолжетімсіздікке әкеліп отырғаны шындық. Көптеген жас отбасылар үй жалдап бірнеше жылдар бойы тұрады. Міне, осы түйткілді мәселені шешу мақсатында Елбасы, әлеуметтік баспаналар салып, ұзақ мерзімді жалға ұсына отырып және оны делдалдарсыз 1-2 пайыздық несие беріп, бастапқы жарнасыз сатып алу құқығын беруді ұсынып отыр. Президенттің осы ұсынысы барлық қазақстандықтардың қолдауына ие болып отыр. Қолжетімді баспанаға ие болу кімнің де болса арманы! Біздің Арқалық қаласының өзінде 1000-ға жуық адам үй кезегінде тұр. Мәселе өз шешімін табарына сенімдіміз.

Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту үшін Ұлттық қордан 2017 жылға дейін 70 миллиард теңге бағытталатынын да Президент Жолдауда атап көрсетті. Индустрияландыру  бағдарламалары шеңберінде, базаларында ғылымның  экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысын қамтамасыз ететін 10 жоғары оқу орны анықталды. Осы жоғары оқу орындарының қатарына  біздің Қостанай облысы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру үшін қомақты қаржы бөлінетін болды. Бұл өте қуанарлық жаңалық.

ЕЛБАСЫ бізді ешнәрсеге алаңдамауға шақырды. «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауылшаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді» деп нақтылады Президент өз Жолдауында. Оның сыртында, Елбасымыз әрбір басшының өз жұмыс учаскесі үшін жауап беретінін де қалыс қалдырған жоқ. Бұл тапсырманың бізге де қатысы бар. Өйткені, біздің институт осы аймақтағы болашақ педагогтарды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орыны, сондықтан да декандар, кафедра меңгерушілері мен оқытушылар өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн. Басты міндет: студенттерді тек диплом алу үшін ғана оқытпай, оларға қалай оқу керек екендігін үйрету. Еңбек рыногында өз орынын табуға бейімдеу. Ал, ол үшін, институтымызда  барлық жағдай жасалған.

Елбасы өз Жолдауында,  аса бір толғаныспен «Алда үлкен де жауапты істер күтіп тұр» деген болатын. Олар - Қазақстанда тұратын халықтың бір-біріне деген сенімінің нығайуы, тағаттылық танытуы. Бұл мәселелер біздің болашағымыздың негізгі кілті екені айдан анық. Қазақстанды жүзден астам ұлттар мекендейтіні бізге белгілі, сондықтан да этносаралық келісім бірінші орында тұруы керек. Тек, бірлік пен келісім ғана бізді алға жетелейтін бірден бір механизм. Қазіргі уақытта неше түрлі ағымдар жеткілікті, сондықтан да біздің ең басты жеңісіміз-тәуелсіздіктің маңыздылығын, бізде оқитын студенттерге жақсылап түсіндіріп, бүгінгі жастарға, кешегі өткен тығырық уақытты көрмегенін ескере отырып, тұрақтылық пен этносаралық келісім туралы жиі айуымыз  және насихаттауымыз керек. Сонда ғана олардың өз білімдерін онан әрі жалғастыруына, еңбек етуіне, жалақы алуына, отбасы құруына  толық мүмкіндік туатынына көздерін жеткізу біздің қасиетті міндетіміз.

Әкелік қамқормен Елбасы Жолдауда «Мен жастар- біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты!  «Нұрлы жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!»  дегені. Нақтырақ айтсақ, біздің педагогикалық институттың студенттеріне де бұл сөздің тікелей қатысы бар деп қабылдадық. Оны, өз мамандықтарыңызды сүюге және соның арқасында елге қызмет атқаруға, отаншыл және елжанды болуға шақырғаны деп түсіндік. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауыл мектептеріне жұмысқа бару  студенттердің арасында ынтазарлық танытуда. Студенттер, «Бұл жұмысты  мен істемесем, кім істейді?» деген құлшыныстан қалыс қалмау мақсатында, жастарға ғана тән бастамашылдық  қалып танытуда.

Келесі жылы Қазақстан  ҚАЗАҚ хандығының құрылғанына  550, Конституциямыздың қабылданғанына 20 және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толғандарын тойлағалы отырмыз. Ал осы мерекелерді, Біз, жақсы еңбек табыстарымен қарсы алуға бекембіз.  

Еліміздің Тұңғыш Президенті саяси көрегендік танытып,  МӘҢГІЛІК ЕЛ болуымыз  үшін  «Нұрлы Жол» -   ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН бізге – Қазақстан халқына жолдады, ал оны  іске асыру біздің қасиетті міндетіміз! 

Сейітбек Қуанышбаев,

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ ректоры, география ғылымдарының докторы.

Новости РАЗНОЕ

Предыдущая Следующая

Назначен председателем суда

15.01 10:01 Просмотров: 372

Много новшеств в Новый год…

08.01 03:01 Просмотров: 465

Топ событий Года Лошади

25.12 10:12 Просмотров: 773

Предновогодняя экономия

18.12 03:12 Просмотров: 726

Театр-тәрбие мектебі

18.12 03:12 Просмотров: 703

Поддержим предпринимателей!

18.12 10:12 Просмотров: 604

В преддверии значимых событий

04.12 01:12 Просмотров: 321

Выражая коллективное мнение

27.11 11:11 Просмотров: 334

Опыт достойный внимания

20.11 03:11 Просмотров: 437

Басты бағдар

20.11 02:11 Просмотров: 428

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

30-01 15:01 Просмотров: 73

В конце декабря минувшего года Указом Главы государства была утверждена новая Антикоррупционная стратегия, рассчитанная на 2015-2025 годы. О том, что представляет собой этот документ наша беседа с недавно назначенным на...

Главное условие развития государства – единство народа

Главное условие развития государства – единство народа

29-01 12:01 Просмотров: 91

Представляем читателю новую рубрику «Гостиная «АХ». Символично, что первым гостем, собеседником в рамках этой рубрики стал директор Торгайского гуманитарного колледжа им. Н. Кулжановой Сабыржан ТАСМАГАНБЕТ. Как известно, наступивший год богат...

Жолы болған азамат

Жолы болған азамат

18-12 09:12 Просмотров: 1609

Оқу мерзімінің бір жылға қысқаруына орай күнілгері журналистика факультетінің деканы Тауман Амандосовпен күндізгі бөлімшеге ауыстыруға келісіп, студенттер ауыл шаруашылығы жұмыстарынан оралғанша Алматы облыстық «Жетісу» газетінде уақытша тәжірибеден өтіп жүргенмін. Оқу...

Комментарии Разное


© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация