Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.

 

 Қазақстанда бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу күрделі мәселелердің бірі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататын өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Яғни, мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.

 Самат Құлтан,

    Арқалық қаласы Әділет

    басқармасының бас баманы.

Новости РАЗНОЕ

Предыдущая Следующая

Назначен председателем суда

15.01 10:01 Просмотров: 373

Много новшеств в Новый год…

08.01 03:01 Просмотров: 466

Топ событий Года Лошади

25.12 10:12 Просмотров: 774

Предновогодняя экономия

18.12 03:12 Просмотров: 726

Театр-тәрбие мектебі

18.12 03:12 Просмотров: 703

Поддержим предпринимателей!

18.12 10:12 Просмотров: 604

В преддверии значимых событий

04.12 01:12 Просмотров: 321

Выражая коллективное мнение

27.11 11:11 Просмотров: 336

Опыт достойный внимания

20.11 03:11 Просмотров: 438

Басты бағдар

20.11 02:11 Просмотров: 428

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

30-01 15:01 Просмотров: 74

В конце декабря минувшего года Указом Главы государства была утверждена новая Антикоррупционная стратегия, рассчитанная на 2015-2025 годы. О том, что представляет собой этот документ наша беседа с недавно назначенным на...

Главное условие развития государства – единство народа

Главное условие развития государства – единство народа

29-01 12:01 Просмотров: 92

Представляем читателю новую рубрику «Гостиная «АХ». Символично, что первым гостем, собеседником в рамках этой рубрики стал директор Торгайского гуманитарного колледжа им. Н. Кулжановой Сабыржан ТАСМАГАНБЕТ. Как известно, наступивший год богат...

Жолы болған азамат

Жолы болған азамат

18-12 09:12 Просмотров: 1610

Оқу мерзімінің бір жылға қысқаруына орай күнілгері журналистика факультетінің деканы Тауман Амандосовпен күндізгі бөлімшеге ауыстыруға келісіп, студенттер ауыл шаруашылығы жұмыстарынан оралғанша Алматы облыстық «Жетісу» газетінде уақытша тәжірибеден өтіп жүргенмін. Оқу...

Комментарии Разное


© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация