Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

«Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі»

Жаңа ХХІ ғасырда өзіміздің болашағымызды қандай күйде көргіміз келеді? Жас өспірімдерді салауаттылыққа, өмірді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу керек. Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір сүру және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

 

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан халқына жолдауында Елбасымыз: «Егеменді еліміздің болашағы  қазіргі жастар десек, олардың денсаулығының мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті.
Білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі колледжіміздің  басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» қалалық «Денсаулық фестивалі» аясында өткізілген «Толағай» көңілді мәре  отбасылық жарысқа Арқалық медицина колледжінен қатысқан Қонысбаевтар отбасы білім ошақтарының арасынан оза шауып ІІ орынға ие болды. Студенттер арасында «Жаңа толқын» спартакиадасына 22 Фкб тобының білім алушысы Мажман Ерболат жеңіл атлетика спортынан  3000 м  қашықтықты бағындырып ІІІ орынды иеленді.
 «Денсаулық фестивалі» аясын кеңейту мақсатында колледжімізде Апталық  жоспар жасалынып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Іс-шара мақсаты оқушылардың өз денсаулығын сақтау және зиянды заттарды пайдаланудан қашық болу, денсаулықты сақтау және нығайту  болғандықтан колледжіміздің бүкіл оқушылары, ұстаздары, топ жетекшілер  қауымы қатысты.
Жоспарланған іс-шара барысында дене шынықтыру  пәнінің оқытушылары Сүлейменов А.М, Қонысбаев У.Б  білім алушылар арасында футболдан, тоғызқұмалақтан колледжішілік біріншілігі, 1-2 курс білім алушылар арасында жеңіл атлетикадан, шахмат ойынынан жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Топтарда «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізілді.
«Саулық байлық негізі»-  деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір
салтымен өмір сүру үшін аурудың алдың алу және болдырмау,дұрыс тамақтану, дене шынықтырумен айналасуы керек. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Демек, әр адамның өзінің де, өзгелердің де денсаулығы үшін қоғам алдында моральдық жағынан жауапты екендігі бізде жүргізілген тәрбие сағаттарында басты мақсатқа қойылды.
Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресі жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Ең негізгі назар аударатын нәрсе өскелең ұрпақ болып табылады. Себебі, олардың өз денсаулығына деген көзқарастары келер ұрпақтың денсаулығының жағдайына әсер етеді.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, біздер мен  сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан біздің таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау.
Денсаулық – зор байлық.  Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.

Самал Жиенбаева,
Арқалық медицина колледжінің әдіскері.

Новости СПОРТА

Предыдущая Следующая

Колледж мақтанышы- Ғалижан

25.12 10:12 Просмотров: 323

Жүлдені қолдан бермеген

18.12 03:12 Просмотров: 394

Жаннаның жеңісті жолы

11.12 02:12 Просмотров: 452

Айгуль покоряет… веса

29.10 07:10 Просмотров: 1060

Браво, Нурзат!

26.09 01:09 Просмотров: 650

В честь тренерского тандема

16.07 03:07 Просмотров: 422

Один за всех и все за одного!

10.07 12:07 Просмотров: 239

Кубки завоеваны «южанами»

26.06 04:06 Просмотров: 230

Две медали с Кокшетау

05.06 02:06 Просмотров: 324

Медали всех достоинств

21.02 09:02 Просмотров: 343

Қысқы спартакиада қызықты өтті

24.01 12:01 Просмотров: 394

Браво, чемпион!

24.12 01:12 Просмотров: 405

Из Болгарии с бронзовой медалью

17.10 11:10 Просмотров: 500

Всей семьей за здоровьем

16.09 11:09 Просмотров: 414

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Жолы болған азамат

Жолы болған азамат

18-12 09:12 Просмотров: 709

Оқу мерзімінің бір жылға қысқаруына орай күнілгері журналистика факультетінің деканы Тауман Амандосовпен күндізгі бөлімшеге ауыстыруға келісіп, студенттер ауыл шаруашылығы жұмыстарынан оралғанша Алматы облыстық «Жетісу» газетінде уақытша тәжірибеден өтіп жүргенмін. Оқу...

Феномен строителя ИШУТИНА

Феномен строителя ИШУТИНА

07-08 17:08 Просмотров: 1231

Старожила города, одного из его первостроителей Константина Ивановича ИШУТИНА (на фото) ценят и почитают многие. И дело не только в его возрасте. На мой взгляд, Константин Иванович является ярким носителем...

Өмір өзені

Өмір өзені

07-08 09:08 Просмотров: 1146

Жастық шағыма ой жүгіртсем, балалықпен қоштасып, жігіт-желең кезіме аяқ басқан күндерім, өзімнен төрт жас үлкен әрі аға, әрі дос Балғатай Ысқақұлы есіме оралады.

Комментарии Спорт


© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация