Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Қазақ мақтанышы сен боларсың – Айгүл

Таяуда Өскемен қаласында ересектер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты және кубогы болып өтті. Осы үлкен додаға Арқалықтан 3 спортшы қатысып, олардың қатарындағы №6 орта мектеп оқушысы Айгүл БЕЙСЕНОВА үлкен жетістікке жетті. Ол осы жарыста ауыр атлетикадан спорт шеберіне үміткер дәрежесін орындады.

 

БЖСМ-нің ауыр атлетикадан жаттықтырушысы Күнтуар ЖӘНКІШЕВ жарыс барысын былай баяндады:
– Қазақстанның әр жерінен белді-белді спортшылар қатысқан бұл жарыс тартысты деңгейде өтті. Қай облыстың ауыр атлеттері болмасын, үлкен жарыстарда шыңдалған, жас шамалары да ересек. Біздің спортшылар Қостанай облысы командасының құрамында қатысты. Шәкірттерім өз мүмкіндіктерін барынша айқын көрсете алды. Осы деңгейде алдыға үлкен мақсат қоя дайындалсақ, алдағы жылы биік дәрежедегі жүлделерге қол жеткіземіз – деп ойлаймын.
– Иә, қала спортындағы ауыр атлетикаға сіңіріп жүрген еңбегің қай жаттықтырушыдан да кем емес. Өзіңнің де, шәкірттеріңнің де төккен тері зая қалмас. Осы жарыстағы көрсеткіштер қалай болды?
– Чемпионатқа қатысқан ең жас спортшылардың бірі – Ерасыл Кеңесбаевтың, №4 орта мектебінің оқушысы, 62 кг. салмақта көтерген нәтижесі айтуға тұрарлық. Ол жұлқа көтеруден – 81 кг.,серпе көтеруден – 103 кг-ды бағындырып, нәтижесін, қоссайыста – 184 кг. көтерді.
77 кг. салмақта жарыс жолына шыққан Ерболат Балғынбаев көпшілікке танымал ауыр атлет. Ол спорт шебері, әрі өз салмағынан республикада жүлделі орындар алып жүрген спортшы.
Дегенмен, денсаулығына байланысты дайындықтан біршама қол үзген болатын. Жарыс алдында 2 айдай ғана дайындықтан өтті. Ерболаттың салмағында 24 спортшы қатысқан еді, солардың арасынан 8-орынға тұрақтады.
Бұл деңгейге ол өзінің жігерлігімен жетіп отыр. Е. Балғынбаевтың алар асуы әлі алда екені сөзсіз.
– Енді негізгі кейіпкеріміз №6 орта мектеп оқушысы Айгүл Бейсеноваға оралайық. Өткен оқу жылында осы қызымыздың әкесі Балғынбектің өтініш айтуымен, бокс секциясына арнайы әкеп тіркеткенім бар. Онда 6 ай дайындалған соң, саған ауысып, аз уақытта осындай деңгейге, жетістікке көтерілуінің сыры неде? (8 айдың көлемі ғана болған екен.) Әлде бір ерекше таланты бар ма?
– Ерекше таланты бар деп айта аламын. Айгүл негізінен «Ақбұлақ» елді мекенінен. Ауыл баласының өмірі қала баласының тірлігінен өзгеше болатындығы белгілі. Ішетін тамағының нәрлілігіне, денсаулыққа пайдалылығына дейін ап-айқын көрініп тұрады.
Таза ауада, үй шаруашылығынан қашпай, мал бағып, «ат құлағында ойнап» өскен баланың бірі – осы Айгүл, – дей бергенде Күнтуардын сөзін бөлдім:
– Айтқан пікіріңнің жаны бар. Балғынбекте баласы жайлы: шаруаны ер балалардан артық жасайды. Тіпті 16 келілік гирді екі қолымен аспанға көтеріп ойнатқанда, қатарластары оған жете алмай, қызыға қарап тұратын. Бейімі сол бағыт болса да, өзі «боксқа барайыншы» – деп болмай тұр деген.
– Ал енді Айгүлдің бұл жарыстағы нәтижесі көңілімді қуантты, – деп Күнтуар сөзін әрі жалғады. Оның 58 кг. салмақ дәрежесіндегі қыздар кілең «сен тұр, мен айтайын!» дегендер екен. Бұл жарыста біздің спортшымыз 4-орынды қанағат тұтты. Дегенімен, көрсеткішін қараңыз: жұлқа көтеруден 61 кг., серпе көтеруден 69 кг. алып, қосындысында 130 кг. көтерді. Бұл спорт шеберіне үміткер нормативінен 8 кг-ға артық болып шықты. Бір өкініштісі, серпе көтеруде 73 кг-ды кеудеге дейін әкелсе де әрі қарай шамасы келмеді. Осыдан 1 ай бұрын 17 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатында 2-орын алған, оның сол жолы І дәрежелі спортшы атанғанын газет арқылы көпшілік біледі. Ендеше, бұл жолғы көрсеткіштен оның нәтижесінің өте жақсы өскенін көреміз. Осы жолы жүлдеге ілікпеуі – оның қарсыластарының шетінен мықты болғандығынан. Одан жоғары тұрғандардың ең кемі – спорт шебері деген дәрежесі бар, әрі Айгүлден жас шағынан да ересек қыздар.
– Күнтуар, табысыңа әр кезде шын тілектес болып жүретінімді білесің. Осы жетістікке бүкіл қала, әсіресе, спорт жанкүйерлері ерекше қуануда. Айгүлдің бұдан да жоғары жетістікке жететініне, тіпті республика, әлем, Олимпиадада жүлде алатынына әңгімең арқылы сенгендей болдым. Дегенмен, ауыр спорт түрі ғой, Айгүліміз шаршап, «енді осы жарайды» – деп жүрмей ме?
– Айгүлге сенімім мол. Қандай биікті де алуға шамасы жетеді. Қаламызда қыздардан шыққан тұңғыш ауыр атлет. Оған ақыл айтатын сіздер сияқты ағалары, ұжымы барда, аздаған жетістікке масайрамай, биіктерге талпына берсе, – деген тілегім бар.
Мен де жаттықтырушы тілегіне қосылдым.


Сейтқали ОТАШЕВ

Новости СПОРТА

Предыдущая Следующая

Колледж мақтанышы- Ғалижан

25.12 10:12 Просмотров: 711

Жүлдені қолдан бермеген

18.12 03:12 Просмотров: 782

Жаннаның жеңісті жолы

11.12 02:12 Просмотров: 791

Айгуль покоряет… веса

29.10 07:10 Просмотров: 1249

Браво, Нурзат!

26.09 01:09 Просмотров: 678

В честь тренерского тандема

16.07 03:07 Просмотров: 480

Один за всех и все за одного!

10.07 12:07 Просмотров: 263

Кубки завоеваны «южанами»

26.06 04:06 Просмотров: 260

Две медали с Кокшетау

05.06 02:06 Просмотров: 367

Медали всех достоинств

21.02 09:02 Просмотров: 368

Қысқы спартакиада қызықты өтті

24.01 12:01 Просмотров: 453

Браво, чемпион!

24.12 01:12 Просмотров: 434

Из Болгарии с бронзовой медалью

17.10 11:10 Просмотров: 518

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

30-01 15:01 Просмотров: 74

В конце декабря минувшего года Указом Главы государства была утверждена новая Антикоррупционная стратегия, рассчитанная на 2015-2025 годы. О том, что представляет собой этот документ наша беседа с недавно назначенным на...

Главное условие развития государства – единство народа

Главное условие развития государства – единство народа

29-01 12:01 Просмотров: 92

Представляем читателю новую рубрику «Гостиная «АХ». Символично, что первым гостем, собеседником в рамках этой рубрики стал директор Торгайского гуманитарного колледжа им. Н. Кулжановой Сабыржан ТАСМАГАНБЕТ. Как известно, наступивший год богат...

Жолы болған азамат

Жолы болған азамат

18-12 09:12 Просмотров: 1610

Оқу мерзімінің бір жылға қысқаруына орай күнілгері журналистика факультетінің деканы Тауман Амандосовпен күндізгі бөлімшеге ауыстыруға келісіп, студенттер ауыл шаруашылығы жұмыстарынан оралғанша Алматы облыстық «Жетісу» газетінде уақытша тәжірибеден өтіп жүргенмін. Оқу...

Комментарии Спорт


© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация