Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

«Дипломмен ауылға» -жаңа мүмкіндіктер бастамасы

«Дипломмен ауылға» жобасы еліміз үшін маңызы зор мәселелердің шешімін табуға зор ықпалын тигізетін ұтымды жоба. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас, ертең  билік басында отыратын басшы. Ол  қабылданған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек.

 

«Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, қазір дағдарыс жағдайында бізді асырайтын — ауыл, ауылда жұмыс болу үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет». Президентіміздің осы сөзіне орай, қазіргі таңда жоғарғы оқу орнын бітіруші түлектерге арналған ұтымды жоба – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаның басты мақсаты — ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп. Қажетті білімді меңгерген, ауылдың абыройын көтеретін, өмірін өзгертетін жігерлі жас болу тиіс. Сонымен қатар сол ауылдан шықсаңыз тіпті жақсы. Ауылдың әлеуметіне қанық, жағдайына жетік бола тұрып, сол елдің  ертеңі үшін  аянбай еңбек ету сізге міндет. Дәл осы бағдарламаны ұтымды пайдаланып келе жатқан оқу орындарының бірі –Ы.Алтынсарин Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты. Институт Арқалық қаласының және Торғай төңірегіндегі ауыл мектептерімен және Қазақстанның басқа да облыстарындағы ауылдық мектептермен тығыз байланыс жасайды. «Дипломмен- ауылға!» бағдарламасы бойынша институттың 37 түлегі ауылдық мектептерге жұмысқа орналасты. Олар қазір өз мамандығының қыр-сырын меңгеріп, ауыл балаларын біліммен сусындатуда. Солардың бірі – қазіргі таңда абыроймен ауылда қызмет етіп жүрген жас маман - Теміржан Өмірханұлы.Алғашқы педагогикалық еңбек жолын аталмыш білім шаңырағынан бастап отырған ол өткен жылдың жазында Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемелекеттік педагогикалық институтын мемлекеттік грантпен оқып, жақсы тәмамдаған. Соңғы курста оқып жүргенде ректордың бітіруші түлектерге арналған жиналыстарына үздіксіз қатысып, «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасының мән-жайына қанығады. Содан институтқа түскен сұраныстардың бірінде Меңдіқара ауданы орталығындағы Ғаббас Жұмабаев мектебіне маман қажет деген ұсынысқа ойлана келе, қабыл алып, мұғалімдікті осы ортадан бастауды ұйғарады. Қазірде Теміржан өз жұмысын абыроймен атқарып жүр. Теміржан талай бітіруші түлектерге үлгі болары сөзсіз.

Институт қабырғасынан тәлім алған түлектер тек Арқа өңірінде ғана емес, Қазақстанның өзге ауылдарындада еңбек етуде. Солардың бірі де бірегейі - Ержан Жақыпов:

-Өзім Сырдария ауданының Асқар Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келгенмін. 2011 жылы Арқалықтағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтты бітірген соң аудан орталығына – Тереңөзек кентіне келіп, осындағы №210 мектепке жұмысқа орналастым. Қазір информатика пәнінен сабақ беріп жүрмін. Бағдарлама туралы ақпарат құралдарынан білдім. Мемлекет оқимын, жұмыс істеймін деген жастарды қолдауға қашанда әзір. Мен соны сезіндім. Үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие берді, бір реттік үстеме ақы берді. Қазір үкімет әлеуметтік сала бойынша мамандықтарға көңіл бөліп отыр. Сол сияқты ауылдарға электрик, механик, агрономдарды да көптеп тартса деймін. Ал өз басым ауылды көркейту үшін осында қалып, әлі де жұмысымды жалғастыра беремін – дейді. Бұданда басқа институт қабырғасында тәлім алған көптеген түлектер ауылдық жерде абыроймен білім беруде.

Ауыл өркендесе, еліміз көркейеді. Бұл мемлекеттің жастарға беріп отырған үлкен мүмкіндігі, ертең жоба өз нәтижесін берген уақытта аға буынның жастарға деген көзқарасының өзгеретіні, құрметпен қарайтыны анық. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы-жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жобалардың бастамасы.

 

Жапырақ Көшербай,

Нұрдана Қабылда,

АрқМПИ 4-курс студенттері.

Новости ОБРАЗОВАНИЯ

Предыдущая Следующая

Почему пустовали классы?

29.01 12:01 Просмотров: 101

Біздің жетістіктеріміз

18.12 09:12 Просмотров: 721

Жас ұстаздар жеңіске жетті

20.11 02:11 Просмотров: 387

АрқМПИ студенті болу – абырой

09.10 11:10 Просмотров: 445

Почетной грамоты достойны!

09.10 11:10 Просмотров: 360

Мектепке баруға мейлінше көмек

14.08 05:08 Просмотров: 210

Жазғы демалыс білім ордасында

24.07 10:07 Просмотров: 381

Прощай, колледж!

26.06 04:06 Просмотров: 274

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

Аскар ЖАНАЛИНОВ: «С коррупцией, как с болезнью – лучше предупредить, чем бороться с последствиями»

30-01 15:01 Просмотров: 72

В конце декабря минувшего года Указом Главы государства была утверждена новая Антикоррупционная стратегия, рассчитанная на 2015-2025 годы. О том, что представляет собой этот документ наша беседа с недавно назначенным на...

Главное условие развития государства – единство народа

Главное условие развития государства – единство народа

29-01 12:01 Просмотров: 90

Представляем читателю новую рубрику «Гостиная «АХ». Символично, что первым гостем, собеседником в рамках этой рубрики стал директор Торгайского гуманитарного колледжа им. Н. Кулжановой Сабыржан ТАСМАГАНБЕТ. Как известно, наступивший год богат...

Жолы болған азамат

Жолы болған азамат

18-12 09:12 Просмотров: 1608

Оқу мерзімінің бір жылға қысқаруына орай күнілгері журналистика факультетінің деканы Тауман Амандосовпен күндізгі бөлімшеге ауыстыруға келісіп, студенттер ауыл шаруашылығы жұмыстарынан оралғанша Алматы облыстық «Жетісу» газетінде уақытша тәжірибеден өтіп жүргенмін. Оқу...

Комментарии Образование

  • Повышая эффективность работы с молодежью...

    кустанайскии
    какие ляжки мм.....
     
  • Ыбырай ордасы шақырады...

    Балова Бакыт Умирбе
    Ахмет ұрпақтарын Алтынсарин ізімен жүруге лайым жазсын! Жүректері қалаған барлық талапкерлердің талабы оңғарылсын! Ақкөлдегі Аңсаған Қоңқабаев мектебінің түлектері менің бастауыштағы оқушыларым шын көңілден тілекшімін! Елдос, осылай жазып жүр үнемі.
     
  • Первый звонок: второе рождение школы

    student
    Қазіргі таңда өмірде өз орындарын таба алмай сандалып жүргендер көп, оның арасында жастар да бар, бұл кісілерді пәтер береміз деп қызықтырып бір акция немесе мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, оны өткізіп кейіннен еншілерін қолына ұстатса... бұл мемлекетке ...
     
  • Первый звонок: второе рождение школы

    student
    лучше бы в Аркалыке не сносили здания а наоборот ремонтировали бы их под жилые дома и привлекали бы туда народ...так наш Казахстан был бы сплочённее...от крыли бы лучше на эти деньги, которые выделяются для сноски этих домов пару заводов что ли...немесе ...

© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация