Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Поэзия. "Жүдетіп тұр бұл көктем көңілімді". Мұқият ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Аяғы ауыр мас келіншек

Қиянаттан болғандай дала жауыр,

Кірпігінен бүркеді  нала,  дауыл.

 

О, масқара тапа тал түс хан көшеде,

Мас келіншек барады аяғы ауыр.

 

 

 Емес едік жоқ неге   күйіншек  ұлт,

Болушы еді сабырға күнім серік.

 Ал мынаның қылығын қарай көрші,

Көз тастайды  өзге жұрт жиіркеніп.

 

Көңілімнің көбігін шайқап егес,

(Көз алдымда барады сайтан елес).

Құрсағында шикі өкпе бар екенін,

Бейбақ – ай,  тіпті өзіде байқар емес.

 

Мұндай халге түсірген бейшараны,

Ашылмаған құбыжық жершары әлі.

Өксік атып  ішінен күрсініп тұр,

Сәбиді аяп сыртынан ел саналы.

 

Не айтасың  жұқтырған тымауға енді,

(Ұлтсыз рух, санасыз ұран жеңді).

Тумай жатып уланған құрсақтағы,

Болашағы байқұстың сұрау белгі.

 

Түсініксіз жәйлар бар  әлем де өткір,

Арамызда шауып жүр арам, көп пір.

Адамдар азды десе сенбеуші едім,

Мына сорлы ал  соны  дәлелдеп тұр.

 

16 . 04.  2014ж

 

Арба сүйреген ана

 

Белін бекем намысын түйген арға,

Қарапайым құлым деп сүйген Алла.

Ың – жыңы көп базарда күні бойы,

Ақ самайлы ана жүр сүйреп арба.

 

Ойлы – шұңқыр жолдарға епті аяғы,

Айғыз – айғыз қалың із бет бояғы.

Арлы – берлі қасынан өткендерге,

«Шәй іше ғой қарағым!» - деп қояды.

 

Көзінде мұң болғанмен жаны сергек,

Әр тиыннан осылай табысы өнбек.

Жамау жанын жазатын көрінеді,

Шәйін ішкен адамның алғысы емдеп.

 

Бұл базарға байланып басыбайлы,

Үйдегі жаман шалды асырайды.

Күміс теңге толса егер уысына,

Жүзінен үміт оты шашырайды.

 

 

Арба сүйреп өтеді тегіс күні,

 Сірә құдай өлтірмес кебістіні.

Өз – өзіне риза табысына,

Байқалмайды өмірге кейістігі.

 

 Өміріннің еңбекпен іиі  қанып,

Базар жаққа тартады жиі бағыт.

Қара құлып базарға салынарда,

Қайтады ана заттарын жиып алып.

 

Ұлан – қайыр басында тұрып өңір,

Болып жүрміз қоғамның құлы не бір.

Анасына дариға – ай, арба жеккен,

Бүгінгі ұрпақ сүріп жүр қызық өмір.

 

17. 04 . 2014 ж.

 

Білек күшін сатқан жігіт

 

Әңгүдіктеу  әрі аңқау бөсбе көңіл,

Бүлік етбейді күн санап көшседе өмір.

Базарларда сатып тұр білек күшін,

Жап  - жас жігіттер үзетін тепсе темір.

 

Қисық  тістеп мұртына  бір шылымын,

Жасырған боп тұрады түр сынығын.

Жанталасқан толқында қайықшыдай,

Үзіп – жалғап келеді тіршілігін.

 

Мына өмірі өзі үшін қымбатырақ,

(Өйткені нан тауып жүр бір жапырақ).

 Рухымен жігері селге кеткен,

Қарап тұрсаң бәрі де  мұңды ақымақ.

 

Арман үзік, болашақ бұлдыр үміт,

Көңілде астаң – кестең тұр құбылып.

Біреу келіп қасына тоқтай қалса,

Таласады бейбақтар зыр жүгіріп.

 

Өздерін әлде қайда көкесінген,

Ал олар тіл қатады кекесінмен.

Өзіннің жұмысына дәл керегін,

Шертіп тұрып алады шекесінен.

 

Бұл күні адамдарда кем адалдық,

(Өлседе бірін – бірі өледі аңдып).

О, тәйірі айналып келетіндей,

Келмеске кеткен қоғам феодалдық.

 

 

17 , 04 . 2014ж

 

Қуыршақ

Жүйкемді, жүрегімді сан кемірген,

Кейде ләззат табамын мәнді өмірден.

Жақын досым толғанда төрт айға ұлым,

Бір қуыршақ силады хан көңілмен.

 

Қайдан ұқсын япыр – ай бала мұны,

Өзіне сай болса да баға, құны.

Тетігіне қол тисе тым ақ көңіл,

Тек жасанды демесең бар айыбы.

 

Сезе білсең өмірдің мол сабағы,

Иыр – қиыр тоқиды тор сананы.

Мына бейбақ қуыршақ қарап тұрсаң,

Есті адамға өте ауыр ой салады.

 

Мазасын ап  өзінің  қайғы жеумен,

Асырсам деп таласқан айбын елден.

Күнделікті өмірде көп көретін,

Бұл қуыршақ   аумайды қай біреуден.

 

Басы, дені,   тұрғанда ай, күн  аман,

Сарқыт іздеп сабылған бай мұрадан.

Бастығының алдында зыр жүгірген,

Тура соның өзі ғой айнымаған.

 

Тым қызыққа толы ғой мына мекен,

Шын айтамын құдайға құда көкем.

Табиғаттың заңы да түсініксіз,

Мұндайда тым ұқсастық болады екен.

 

Беу өмір,  күн, айым, төре түндер,

Маған түзу жолымның белетін бер!

Онсызда көбеймесе азаймай тұр,

Мені де қуыршақ еткісі келетіндер.

 

Өзіме сай болсада арымда айбын,

Жеткенше әлім тоқтамай арындаймын.

Қуыршақ бас болсада қанша ақылды,

Мен бәрібір оларға бағынбаймын.

 

18 . 04 . 2014

 

Үш хамелон

 

Арпалысып ауыр ой, ішкі әуремен,

Өзегін тым әуесқой күш кернеген.

Несі барын білмейсің сағынысып,

Ай сайын бас қосады үш Хамелон.

 

Көрер көзге ақылды тым мейірбан,

Ал шынында арбаумен  жүлде жиған.

Ішіндегі үлкені сәл именшек,

Қалған екуінде түйсік жоқ, кемдеу иман.

 

Жиғандары басына тезек несіп,

 Бірін – бірі арбайды кезектесіп.

 Одан қалса сидырмай жер – әлемге,

Бас шұлғып отырады изектесіп.

 

О, тәйірі ай қалса да күндік өрі,

Бір – бірінен бөлмейді кіндік елі.

Мақсаты бір шығатын биіктерге,

Үшеуі де көздеген бір мүдені.

 

 Бәрін бағып тұр көкте адал аспан,

 Үшеуінің әр сәтін жаза басқан.

 Ал бұлар балық ауыз, бақа тілдес,

Өзгенің көз жасына қарамастан.

 

Күтер тіпті жер түгіл айдан да үміт,

Әне сосын салмасын қайдан бүлік.

Өздерінің заңы бар өзгермейтін,

Ескі тонын киіп жүр айналдырып.

 

Тосқауыл жоқ әзірге бұл қадамға,

Осындай ауыр жағдай тұр қоғам да.

Қайтер екен бір күні теңіз толқып,

Ақ шағала адамша шулағанда!!!

 

24. 04. 2014ж

 

Бақыт

Қалықтап ұшса көгінде құстар,

Бақытты ол да сездің бе достар.

Бақыт деген лүпілі әр жүректің,

Әне сондай сәт сайын өмірге құштар.

 

Бақыт деген ақ сағым жұмбақ маған,

Оны ойласам таң атып,  күн батпаған.

Бақыт деген мөлдір шық кірпігіңе,

Қуаныштан, қайғыдан қонақтаған.

 

Бақыт деген жалт еткен сағым қырдан,

Өнбойыңды өртеген,  жалын қылған.

Бақыт деген сәулесі тіршіліктің,

Айналаңды шаттыққа шомылдырған.

 

Бақыт деген тәтті елес сол бір өткен,

Сағынышқа айналып елжіреткен.

Бақыт деген әр күнің іләзәтті,

Арайланып қауышқан көкжиекпен.

 

Бақыт деген осындай тірлікті өлкем,

Әлі талай алатын биікті ертең.

Бақыт іздеп қайтесің бақыт деген,

Өз қолыңда жүрмей ме сүйікті еркем.

25. 04. 2014ж

  

Мысық

Қарағанда көзіңде  күй тұндырып,

Жаратқанмен тәбиғат сүйкімді ғып.

Мысық деген бәлеге тамақ құйса,

Марқұм әжем қоятын ши сындырып.

 

Жәндіктерді жан емес алалайтын,

Ал әжемнің өмір де  талабы айқын.

Қашан көрсең мысыққа  тамақ берсе,

Сол баяғы әдетін қайталайтын.

 

Көз алдымда көп сағым   көшуде мұнар,

( Сол қылығы марқұмның есімде болар).

Кеш  түсіндім мысықтың  жан дүниесін,

Қашан болса жолымды  кесуге құмар.

 

Бойынан табылмайды ұят бұл күн,

Жанталасқан тапқанша  тоят құлқын.

Сұмдықтарды тұрады ойластырып,

Салалап сипап қойып қияқ мұртын.

 

Қихметі көп – ақ ә, мына өмірдің,

Жүргендері жақсы еді біле құнын.

Бірақ, бірақ  жол кескіш мысықтардың,

Жамандығын  атама тілеуінің.

 

Дегеніңмен  бір жолға  қи өкпені,

(Сенен де жақын тұрған сүйекке елі).

Қаншалықты өзіңе тартқаныңмен,

Сол баяғы қалпында ниеттері.

 

Емес оның қылығы еріккендік,

Күнделікті өмірде көріп,  көндік.

Не бетімді айтайын мысқтарға,

Құдай өзі қойғасын беріп теңдік.

 

24 . 04. 2013ж

 

Бір топ Асық

Кез – келген бола бермес ұлға нәсіп,

Кетті менен көп елес қырдан асып.

Бала кезім тұр әлі көз алдымда,

Марқұм әкем беретін жинап асық.

 

Қазақтың сүрінгенбе салты сыннан,

Қастерлеп айдан ары халқы ұшырған.

Ырымдап түсіп жүрсін деген шығар,

Асығы   өмір бойы  алшысынан.

 

Бетінен қайтармайтын ер тілегін,

Бірақ бала болсам да өршіл едім.

Сол асықты   беремін үлестіріп

 Әкетеді тентегі көршілердің.

 

Қатпаған кезі шығар   қанатымның,

(Болашағын кім ұққан бұл ақынның).

Әкемнің қол табы бар  асығымнан,

Әне солай   көз жазып  қалатынмын.

 

 Кешір әке білместен  құндап, құнын,

Еңбегіңді бір талай ұрлатты ұлың.

Кеш түсініп жатырмын кеш түсініп,

Әке берген әр заттың қымбаттығын.

 

Адамдарға қойған сап дала көген,

Сүреді өмір қуаныш, наламенен.

Азаматпын  ал  бүгін  әлде де сол,

Қолдағымнан айрылып қала берем.

 

Жүрек те іштен кейійді мұңмен әлек,

Бірақ  намыс орнында  білген  әдеп.

Рас екен  өзіңмен кететіні,

Әуелден  сүйегіңе сіңген әдет.

 

Өмір  мүмкін бір сурет көшірме бұл,

Сәл емеуірін танытар мүсіркей құр.

Тірлік деген қитұрқы асығымды,

 Алшышынан әлде де  түсірмей жүр.

 

25 . 04. 2014ж

 

Қайран алыптарым...

 

Өмір – ай, өмір,  ұршықша шыр айналған,

Саған сірә тірі жан шыдар қайдан?!

Тағы бір гүл көктемді қарсы алып тұр,

Көз жазып қалған дала Тұманбайдан.

 

Жалғанбай тұр үзілген адырнам да,

Кетпейтұғын шаншу бар қабырғам да.

Кеше тағы күрсінді, күңіренді,

Адасып қалған аспан Қадырдан да.

 

Бірақ олар тұрады – ау аласармай,

Аймалап қабырларын аласұрды ай.

Кеше кетті артынан Фариза ақын,

Сәл кешіксе олардан адасардай.

 

Алға тартып барады таңда асыға,

Тарих деген өшпейтін таңба сірә.

Көзіннің тірісінде шексіз сүйген,

Жәйлі тигей қара жер  жамбасына.

 

Тәңір өзі силаған ісіне ерлік,

Мұралары даламды тұрсын өр ғып.

Көктем келді, көктеммен ұлыларым,

Кезек – кезек қояды түсіме еніп.

 

Ақын жүгі шынында батпан сынар,

Жалғыздық, сары уайымнан тапқан сыңар.

Марқұм ұлы тұлғалар  менен құран

Болмаса  өлең дәметіп жатқан шығар.

 

Олар емес қазаққа ақын бөтен,

Куә оған көкте күн, жасыл мекен.

Әлде өлеңнің қашырған қасиетін,

Жағымпаздарға өкпелеп жатыр мекен.

 

28. 04. 2014ж.

 

Бақытым өзіңсің...

 

Тек сен деп  өмірге,

Көктен нұр тамғандай.

Қылығың  көңілге,

Байланып қалғандай.

 

Нәр алып әр таңнан,

Жүзіңнен бал тамған.

Силадың ерке мұң,

Жанымды өртедің.

 

 Ай, жылды, уақытты,

Ұзаттым сезіммен.

 Баянды бақытты,

 Байқадым көзіңнен.

 

Тұра бер тұнығым,

Жүректің  әні боп.

Өзіңсіз ғұмырдың,

Шын айтам мәні жоқ.

 

29. 04. 2014ж.

 

Қоңыр шарфы

Балағыңнан тартқанмен күшік өмір,

Адал едің сертіңе, ісіңе бір.

Әлі есімде құдай – ау күз еді ғой,

Маған шарфы силадың түсі қоңыр.

 

Кірпігіне  таң сырын жасыратын,

Сондықтанда өзіңе ғашық ақын.

 Ақ  білегің секілді мына шарфы,

Еркелеп кеп мойныма асылатын.

 

Басқа перде тартқанмен күз өңірге,

Бар аумақтың тұрғандай құны өзіңде.

Қарғам сенің  жібектей жұмсақ  тағы,

Қоңыр шарфы секілді мінезіңде.

 

Сол шарфымен  жүруші  ем шабыттанып,

Қанатымды тым биік жазып, қағып.

Кім ойлаған көз жазып қала бердім,

Абайсызда бір тойға тағып барып.

 

Сағымындай шашылған шартараптың,

Жаңғырады санамда қайталап мұң.

Жоғалған шарфыменен  өзіңнен де,

Адасып қаларымды байқамаппын.

 

Айта алмапты әуелде  шешімді ағаң,

Кешір күнім, кешір күз, кешір далам.

Қоңыр мұңға оранып жүрмін қазір,

Қоңыр шарфы силадың несін маған.

13 . 05 . 2014 жыл.

 

 

Көрсетпеші  көз жасыңды...

 

Баурап мені өзіне тұлғаң  сырлы,

Ұмыттырып жібердің өз басымды.

Шыдай алмай қаламын кеудем нәзік,

Көрсетпеші  аяулым көз жасыңды.

 

Қуанышпен қайғыға етене бұл,

Бәрімізден осылай өтеді өмір.

Налығанда қайтесің мұңайғанда,

Шүкір етіп бәрінде көтере біл.

 

Кірпігіңнен көп сырды қалам ұғып,

Жаулап алған жаныңды  бала күдік.

Шыда жаным өмірдің заңы солай,

Өтпелі  уақыт бәрі де болады ұмыт.

 

Ақ дидарың  толқып тұр  толған айдай,

Ал ерініңнен ақ сәлем жолданардай.

Сынағы көп тағдырдың сондықтан да,

 Еркелеп  жүр  ешнәрсе болмағандай.

5. 06 2014 жыл 

Комментарии  

 
#1 Айдана 24.07.2014 15:20
Керемет,Жалпы Мұқият мықты ақын.
Цитировать
 
 
#2 Жандос 26.07.2014 01:15
Цитирую Айдана:
Керемет,Жалпы Мұқият мықты ақын.

Сапалы, ойды қоғайтын, намысты оятатын өлеңдерін көп болсын, бауырым Мұқият!
Цитировать
 
 
#3 Мақсат 30.07.2014 09:20
Керемет, базар жоқ!
Цитировать
 

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Мұңға толы жыр дәптері

29.05 10:05 Просмотров: 2552

Жолы болған азамат

18.12 09:12 Просмотров: 1607

Феномен строителя ИШУТИНА

07.08 05:08 Просмотров: 1569

Өмір өзені

07.08 09:08 Просмотров: 1479

Выдающийся поэт Тургайской степи

14.08 08:08 Просмотров: 1401

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 940

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 875

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 717

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 1870

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 2290

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 865

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ


© 2015 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация