Қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің таңдаулы 100 романының бірі «Құланның ажалы» романының авторы, жерлесіміз Нұрманов Ақан Шайдахметұлының туылғанына 80 жыл толуына байланысты Ақан Нұрмановтың қысқа ғана жасаған ғұмырында, небәрі 34 жас, сол кеңес үкіметінің солақай саясаты мен цензурасын айналып өте біліп, халқына Кейкі батыр Көкембайұлын табыстырған жазушы.

 

Торғай елі Ақанның өсіп, тәрбие алған елі, әрине, Аманкелді ауданында, өзінің атындағы Байғабыл ауылындағы мектепте, Арқалықтағы №2 ОҒӘК-да шаралар жоспарланып, Ақан Нұрмановтың 80-жасы лайықты аталып өтпек. Дегенмен де, Ақан халықтың ұлы болғандықтан біржақты, ағайындардың бастауымен өтетін шаралар аясында қалмаса екен деген тілегіміз бар. Жазушы Қостанай облыстық, Амакелді аудандық газеттерінде  еңбек жолдарын бастап, республикалық «Жұлдыз» журналында қызметтерді де атқарған. Осындай асыл азаматымыздың 80 жасын Арқалық өңірінде аталып өтуіне Арқалық қаласындағы ақпарат құралдары, мәдениет ошақтары атсалысады деп үміттенеміз.

А. Нұрманов 1933 жылы 30 көкекте Талдықорған облысында туған. Ақанның ол жерде тууы, әкесі Шайдахметтің інісі Әбдіхамиттың әкесі үшін, байдың ұрпағы ретінде сотталуына байланысты. Көзі ашық, «Алаш қозғалысына атсалысқан, Аманкелді батырдың үзеңгілес сарбазы Нұрманұлы Шайдахметті Әліби Жанкелдиннің көмегімен, ұрпақты сақтап қалу мақсатында Жаркент жеріне астыртын көшіріп жібереді. Ақан мен Марат сол елде туылады. Шайдахмет әкеміз соғысқа кетуіне байланысты Қалима әжемізбен балаларды апалары Жамал Нұрманқызы мен нағашысы Серікбай Есмағанбетұлы Жаркеттен елге көшіріп әкеледі. Осылай бай дәулетті тұқымның ұрпағы тарыдай шашылады, алайда ағайынды Шайдахмет, Әбдіхамит ақталып, інілері Шәймерден үшеуі 1942-1943 жылдары жаудан Отанды қорғауға аттанады. Шайдахмет соғыстан оралмай, хабарсыз кетеді, тек 1990-жылдары Белоруссия жерінде ерлікпен қаза болғаны және сол елде жерленгені анықталады.

А. Нұрманов қысқа ғұмыры ішінде «Құланның ажалы» романын, «Солай болған екен», «Ор», «Аққу шоғыры» повестерін, «Күн ертеңге ауып барады», «Ымырт» – әңгімелері жинақтарын жазып шығарып, шебер жазушы екенін дәлелдеп кетті.

Жазушының 60-жылдығы республикалық деңгейде ағайындарының демеуімен, сол кездегі Торғай облысы басшылары, Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауларымен өскен ортасы, туған жері Байғабыл топырағында аламан бәйге, күрес, жыр, ақындар сайысы шарасында аталып өтті. Қазақтың не бір дүлдүл азулы ақын-жазушылары қатынасты. 70-жасы да осы жолдар авторының Ақан ағаның досы Қалихан Ысқақовқа арналған «ДАТ» газетіне басылған базына хатынан кейін қолға алынып, Алматы қаласында Жазушылар Одағында аталып өткен-ді. Енді, міне, уақыт зымырап өтіп, жазушының 80 жас мерейтойы да иек астынан көрініп тұр.

Ақанның замандасы Рамазан Тоқтаров «Құланның ажалы» романының алғы сөзінде былай деген-ді: «Ақан-халықтың Ақаны, назардан аумайтын мәңгілік ескерткіштердің бірі. Осы өмірі дәйім ұзақ болсын!».

Ақан өмірінің ұзақтығын бауырлары Аманкелді ауданы орталығында және туған елі Байғабыл жерінде қос бірдей ескерткіш /мүсінші Ақанның досы Ә. Ұзақов/ орнатып, мәңгілікке жалғастырды.

Құлан Кейкі батырын Торғайына табыстыра білген Ақанның творчествосы бүгіндері ақын-жазушыларға, естелік жазушы ағайынға арқау болып, небір шығармалар дүниеге келуде. Алайда, Кейкі батырдың есімімен қатар аталуға тиіс жазушының аты мен атағы көлеңкеде қалып тұр.

Әр шығармасының астарында қазағының мұңын жоқтап, абыройын асқақтата білген біртуар азаматтың еңбегі еленбей, бүгінгі күн авторларының артынан аталса аталып, аталмаса ұмыт қалып жатқаны біздің де, оқырмандардың да жүрегіне мұң ұялатады.

2013 жыл Кейкі батыр Көкембайұлының да 140 жасқа толар мерейтойы, яғни осы бірі-бірінің атын шығарған Қазақтың қос батыр ұлдарының тойларын барша қазақ болып еске алсақ бүгінгі жастарымызбен келер ұрпағымызға өнеге, «өліге иман-тіріге ғибрат» болары анық.

Сүгірбай Нұрманов,

жазушының інісі.

Комментарии

Баян Бабасова
#1 Баян Бабасова 01.05.2013 12:43 Цитировать
баріңізге Ақан Нұрмановтың "Құланның ажалы" романын оқуға кеңес беремін. Өте өте жақсы роман
литератор
#2 литератор 07.05.2013 23:15 Цитировать
А.Нұрманов інісі байбалам салатындай, аты аталмай, еңбегі еленбей жүрген қаламгер емес. Ақан мен оның замандастары Қ.Ысқақ, Ә,Тарази, С. Мұратбеков және басқалардың балауса шығармаларының өзі өткен ғасырдың 60-жылдары қазақ әдебиеті әлеміне құбылыс, болып енгенін ғалымдар да, оқырман да мойындайды., "Ақан аталмай жүр" деу орынсыз. Ақанды бүгінгі ұрпақ жақсы таниды, Жазушы А. Нұрмановтың 70 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өту үшін ҚЖО жыл бұрын ұйымдастыру комитеті құрылып), 2003 ж. қараша айында Алматыда жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған маңызды ҒПК өткізілген-ді, ҚР Мемсый иегерлері - жазушы-драматур гтер Қ. Ысқақ пен Ә. Тарази өмірден ерте озған үзеңгілес досы туралы, міне жарты ғасырға жуық үзбей қалам тербеп, Ақан атын асқақтатып келеді. Мерей дегеніміз осы. Ал мерейтой өткізу - бір сәттік шартты дүние.

Лента новостей

 

Интервью