Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Жемқорлықты жеңу – берекелі өмірге қадам

Сыбайлас жемқорлық – ғасыр індеті. Желтоқсан айының атаулы күндері қатарында осындай қоғамның, жалпы ел экономикасының дамуын тежейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн де бар. Халықаралық деңгейде аталып өтетін бұл күнде біз қаржы полициясы жүйесінде көп жылдар бойы еңбек еткен, қаржы полициясының ардагері Нығметжан Батырболатовты әңгімеге тартқан болатынбыз.

 

Нығметжан Мұханбетжанұлы қаржы полициясында 1995 жылдан бастап 2007 жылға дейін үзбей қызмет еткен. Осындай жауапкершілігі мол қызметте 12 жыл еңбек еткен ол Арқалық, Астана қалаларындағы қаржы полиция бөлімдерінде бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор міндеттерін атқарған.

Н. Батырболатовтың өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, салық төлеушілердің қаржыларын жасыруы, арақ-шараптың акциздік маркасы, лицензиясы болмауы сияқты қылмыстардан бастап аса ауыр экономикалық қылмыстарға дейін болатынын айтты. Экономикалық қылмысқа – мемлекеттік қаржыны талан-таражға салу, алаяқтық, пара беру, қызметін асыра пайдалану сияқты жағдайлар жатады.

Он екі жылдық тәжірибесіне көз жүгірте отырып, Н. Батырболатов жоғарғы лауазымды тұлғалар қаржылық махинацияларға жол беріп, жемқорлықпен ұсталғандары аз болмағанын айтты. Олардың ішінде, аудан әкімдері орынбасарларының, мектеп директорларының, МАИ басшысының және тағы басқа шенді мен шекпенділердің құрықталуына атсалысқанын тілге тиек етті.

Жалпы, Н. Батырболатовтың пікірі бойынша, қазіргі таңда заң талабының күшеюі, тиісті органдар үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруының нәтижесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес күшею үстінде. Әрине, әлі де қоғамымыз бұл індеттен ада емес. Мемлекет қазынасына қол салудан тартынбайтын «кейіпкерлерді» бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі көріп жатамыз. Осындай демократиялық қоғамымыздың іргетасына сызат түсіретін кері құбылысты жою үшін не істеу керек? Осы сауалымыздың Н. Мұханбетжанұлына қойған едік.

- Жемқорлықты тоқтату үшін жан-жақты әрекет жасау оң нәтиже береді. Сол көп тармақтан тұратын кешенді жұмыстың бірі ретінде мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру қажеттігін ерекше атап өтер едім, - деді Н. Батырболатов.

Иә, мемлекеттік қызметкерлердің басым көпшілігінің алар айлығы шайлығынан аспайтыны шындық. Қаражаттан қысылған жағдайда жұмыстан басқа табыс көзін іздеп, тұрмысын жақсарту үшін жемқорлыққа қолын былғайтын жандар көптеп кездесетіні де ақиқат. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру – сыбайлас жемқорлықты ауыздықтаудың бір жолы ретінде қарастырған абзал.

Қазір «Торғай» өсімдік шаруашылығын өзара сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативі басқарма бастығы болып қызмет атқаратын қаржы полициясының ардагері 12-жылдық тәжірибесін күні бүгінге дейін пайдаға жаратып жатқанын айтады. Қаржы полициясының қызметкеріне заңның қыр-сырын білу шарт болғандықтан, Н. Батырболатов қазіргі таңда заңгерлік тұрғыда сауатты басшы. Ол келісім-шартқа тұру, басқа да заңнамалық түйіткілдерді шешуде бұрынғы қызметінде алған біліміне жиі жүгінетінін мойындады.

Айта кету керек, қаржы полициясында бірталай жыл еңбек еткен кейіпкеріміздің ұлы Абзал Батырболатов та әке жолын қуып, Арқалық қаласы бойынша қаржы полициясында 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда қаржы полициясының аға лейтенанты, аға инспектор. 

Еліміздің берекесі, халқымыздың тұрмыстық жағдайы мемлекеттік қаржының өз мақсатында жұмсалуына байланысты екені күмәнсіз. Сондықтан, жемқорлықты жеңе білу - берекелі өмірге қадам деп ойымызды түйіндейміз.

 

Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

Новости ОБЩЕСТВА

Предыдущая Следующая

Кружились в вальсе на балу

27.12 03:12 Просмотров: 14

Ледяные горки будут

12.12 11:12 Просмотров: 55

В духе Курбан айта

17.10 10:10 Просмотров: 83

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Артында аңыз болар іс қалдырған

Артында аңыз болар іс қалдырған

08-12 12:12 Просмотров: 98

Кеңес кезінде Аманкелді ауданында екі бірдей шаруашылықты Торғай облысының үлгі-тірек  шаруашылығы дәрежесіне көтерген (Қазақстанның  40 жылдығы атындағы және Коммунизм жолы) Республикалық,одақтық жарыс  жеңімпазы атағын иеленткен, басқару стилі өзгеше, халықты еңбек...

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

24-10 12:10 Просмотров: 136

Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі - білімді ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Егемендік құқықтарымызды негізге ала отырып, «Қазақстанның келешегі – білімді ұрпағында»...

Өмірі өнегемен өрнектелген

Өмірі өнегемен өрнектелген

18-09 10:09 Просмотров: 187

                                                     ...Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына, елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады. Ал  менің кейіпкерім...

Комментарии Общество

© 2013 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация