Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі - білімді ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Егемендік құқықтарымызды негізге ала отырып, «Қазақстанның келешегі – білімді ұрпағында» деп мәлімдеген Елбасымыз жас ұрпақтың жарқын келешегіне орасан зор сеніммен қарайтынын білдірді. Елбасының осы сөзі «Мен жастарға сенемін» деген Мағжан жырларымен тап бір үндесіп жатқандай.

 

«Мектеп – кеме, білім – теңіз». Сол теңізде әркім әрқалай «жүзеді». Бірі білім айдынында айды аспанға шығарып, ел болашағының кемелдігіне сүбелі үлес қоспаққа талпынса, енді бірі «дайын асқа тік қасық» болуға әзір-ақ. Ол ол ма, 11 жыл мектеп қабырғасында алған білімді жүйелі түрде тексеру, яғни Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – өз алдына жеке бір «роман».

«Еліміздегі ең адал министрлік» деген бағамызды ақтамай, ел қаражатының бірнеше миллионын жымқырып, тағы бір министр ағамыз кете барды. Білім саласындағы шетсіз-шексіз реформа өзі ақсап тұрған білім жүйесіне тың өзгеріс әкеле ме, әлде керісінше, «жығылған үстіне жұдырық» бола ма? Бұл сұрақтарға нақты жауап бере алуымыз екіталай.

Қоғамда «білімді ҰБТ арқылы тексеру - сәтсіз форма» деген пікір қалыптасқалы қашан. Осы факттерге сүйене отырып, 2015 жылдан бастап мектеп оқушыларының білімін екі этапты жүйелі тексеру енгізілді. Нақтылап айтсақ, біріншісі – мектеп аттестаты үшін, ал екіншісі – жоғарғы оқу орнының студенті атанғысы келетін абитуриенттер үшін болмақ.

Мен – Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның 10-сынып оқушысымын. Болашақта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «PR-менеджмент» факультетінің студенті атанғым келеді. Басты мақсат – грант иегері атану. Асқақ армандарым мені алысқа жетелейді, күн сайын білімімді толықтырып, игерген білімдеріммен ұштастырамын, білмегенімді білуге асықпын. Дегенмен, көңілімдегі бір күмән ертеңгі күнге деген сенімімді сейілткісі келетіндей. Ол – осы білім саласындағы олқылықтар.

Ендігі жерде ел жастарының болашағына алаңдайтын шын жанашыр ағаларымыз қоғамда орын алған толқуларды басып, білім жүйесін бір қалыпқа келтірсе екен деп тілеймін. Қазақстан – өте бай мемлекет. Маман тапшылығы айқын сезілетін салаларда өзіміздің қазақтың қара домалақтары мен қара көздері қызмет етіп, біреудің «қаңсығына таңсық» болмай, әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің алдыңғы қатарына қосылар күн алыс емес екеніне сенімдімін.

 

Самал МҰРАТОВА,

Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы.

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 456

Өмірі өнегемен өрнектелген

18.09 10:09 Просмотров: 186

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 91

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 273

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 573

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 815

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 277

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ

© 2013 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация