Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Өмірі өнегемен өрнектелген

                                                    

...Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы

ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның

бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына,

елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады.

Ал  менің кейіпкерім өмірден ұстаздықпен өтіп, сан

шәкірт, саналы ұрпақ қалдырды, сол үшін де

онымен ел мақтанады.

 

                                           

       Әкесі Гакаша Әбілқайырұлы Торғайдағы сонау өткен ғасырдың 40-шы жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған 3 ұстаздың бірі еді. Әкенің мәртебелі еңбегі мен өмірін үлгі тұтып өскен бала Ғалымбектің арманы да әке жолын қуу болды. Оның бұл ойын он беске толмай жатып қабырғасын қайыстырған Ана қайғысы да, жапандағы жалғыз ағаштай болып қалған Әке де, соңындағы шиеттей 3 сарыауыз балапандай інілерінің жайы да бұза алмады...

     Сонымен, 1960 жылы Торғайдағы орта мектепті бітірген Ғалымбек Гакашаұлы әке жолын қуып Қызылорда педагогикалық институының қазақ тілі мен әдебиеті және музыка факультетіне оқуға түсті. Оқуға түсуін түскенмен Ғалымбектің басындағы «қиындық» екі еселене түсті. Ең бастысы, арттан келер көмек жоқ, елден шыққандағы елу сомды қалай да олай бір жылға жеткізу керек... Қысқы сессияда ілігетін студент ақысына өмірінде ұстап көрмеген домбыра сабағы жеткізе ме, жеткізбей ме, ол да күмән. Күріш орып ақша табайын десе, өмірінде ұстап көрмеген қолорақ – ол да кедергі.

      Қиналса да басының бәсін түсірмейтін Ғалымбек терін сатпай, көзін сататын тірліктен ада, өмір сүруге адалынан берілген құштар жан болып шықты. Еңбекқорлығымен басты «қиындық» болған «Есеннің»  домбырасын да үйреніп, төрттік бағаға жетіп тынды. Ал басқа пәндердің барлығын, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетін жақсы оқығаны былай тұрсын, жете меңгергені сонша:

                                                     «Смағұлова Гүлзайға –

                                                    Түсінер өзі бұл жайға.

                                                    Әдебиетте Әукеңдей

                                                     «Қызыл ат» боп қызбай ма?» – деп, қазақ әдебиетінің алыбы – академик Әуелбек Қоңыратбаев деңгейіне жете алмайтын кандидатсымақтырды да әжуалап, қалтырататын дәрежеге жетті.

     Жастық жасынын жыр жолына арнап, студент шағының алғашқы жылдарында-ақ Қазақстан жастарының поэзия көшіне ілесті. Ол өзінің болашақ тағы арманын:

                                                     «Әр жүректен ізгілік тек іздеймін,

                                                     Осы бастан мәңгілікке қамданып...» – деп түйіндеп, серттесті.

Оқу бітірісімен Совет Армиясы қатарына қызметке алынған Ғалымбек солдат пилоткасының орамынан қаламын бір сәтке де бөлектеген емес. Ондағы басты өлеңі туған Торғайы мен Түйемойнақ тотысы – Гүлшарасы болды. Оның бұл жырлары Аудандық «Жаңа өмір» (қазіргі «Біздің Торғай»), облыстық «Қостанай таңы» газеттері, республикалық «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» журналдары мен «Жалын» альманағында үзбей жарияланып тұрды. «Жазушы» баспасынан «Көңілімнің шуағы» атты өлеңдер жинағы шықты.

Өзі табан аудармай 40 жыл ұстаздық еткен Торғайдағы Ы.Алтынсарин орта мектебіндегі еңбегі көп ұзамай-ақ әділ бағаланып, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен айшықталды.

Осындай құрметпен жүрсе де, Ғалымбек ұстаз:

                                         «Ұстамай адалдықпен әке жолын,

                                         Жүрмін бе арды аттап, әлде кейде?..» – деп, үнемі ел, халқы, отаны, ұрпағы алдындағы қызметін «ревизиялап та» қоятын еді. Мұның жемісі – бұл күндегі оның сан жетпейтін сапалы шәкірттері. Гүлшара Әбдіқадырқызы екеуінің тәрбиелеп өсіріп, орнын басқан Шәрбат, Ғибрат, Гүлмарт, Ғанибет, Әділет атты ұл-қыздарының атына заты сай білімді де білікті азматтар болып өсуі. Сұлтан атты немере, Ерәділ, Гүлданадай жиен сүйдіруі.

Қашанда ұстаздық жолда барлық атқарған ісін оң жолға жұмсаған, адалдықты ардың пірі деп білген Ғалымбек қайнары бітпес өмірдің дамуына себеп болды.

Бүгінде ортамызда жоқ болсаң да, ұстаз-ақын-тәрбиеші  атты еш өлшемге сыймайтын ұлы еңбегіңмен көңіл төрінен шықпайсың, Достым! Топырағың торқа, рухың биік, бейнең үлгі болып мәңгі жасасын!

                                                                                                  

                                                                                  Құрметпен, Ибраһим АҒЫТАЙ,

                                                                             ҚР Журналистер одағының мүшесі,

Қостанай қаласы

 

        

                                                                                                       

Комментарии  

 
#1 Ғанибет Ғалымбекұлы 18.09.2013 20:16
Қайран, әкеміздің жөні бір бөлек еді-ау...
Цитировать
 

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 456

Өмірі өнегемен өрнектелген

18.09 10:09 Просмотров: 186

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 91

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 273

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 573

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 815

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 277

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ

© 2013 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация