Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті келісім шарт бойынша әскери қызметке азаматтарды жинау бойынша жұмыстардың жаңа кезенінің басталғаны туралы хабарлауда.

Кәсіби әскери қызметші мансабын таңдағысы келген 19 жастан 35 жасқа дейінгі барлық ер азаматтар, яғни запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар Горбачева көшесі, 38/ 1 үй, мекенжайы бойынша Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келісімшарт бойынша әскери қызметке жинау пунктіне хабарласуына болады.

Бұл әскери қызметтің басымдықтары, яғни, лайықты айлықақының уақытылы төленуі және әскери атағына, лауазымына сәйкес 75 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін  қарастырылған. Сонымен қатар, әскери қызметші мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда-тұрғын үйді жалдауға арналған ақшалай төлемақы төленеді. Бұл жерде төлемақы мөлшері отбасы мүшелерінің санына және жұмыс орына байланысты қарастырылады.

Ал жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты кемінде он жыл-30 тәулікке, оннан жиырма жылға дейін-35 тәулікке, жиырма жылдан және одан астам жыл-40 тәулікке созылады. Әскери қызметшіге демалыс беру кезінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төленетінінін еске салған жөн.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау шарттарына келер болсақ, Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға, курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес, және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шекті жасынан кіші болмауға, әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығы болуға, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен немесе әйелдерді қоспағанда, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиіс.

Ескерте кететін жайт, әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан, сонымен бірге, бұрын сотталған, оған қатысты қылмыстық із қозғалған, әскери қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдар қабылданбайды.

Сондай-ақ, толық ақпаратты 7-11-70  байланыс телефоны арқылы ниет білдірушілер мән-жайды сұрастыра алады.

 

Омарғали ОРАЗАЛИЕВ,

Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник.

Комментарии

Камшат
#1 Камшат 28.08.2013 16:50 Цитировать
Сәлеметсізбе? Мен әскери қызмет оқымағанмын бірақ мамндығым әскери болмасада бар, менде отан алдында қызмет еткім келеді маган кандай кенес бересиз? алдын ала рахмет

Лента новостей

 

Интервью