Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Облыс басшысы астық алқабында

Таяуда, яғни өткен аптада қаламызға жұмыс сапарымен Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов келген болатын. Бұл жолғы сапарда әкім жылумен қамтамасыз ететін мекемеге арнайы барып, алдағы жылу беру науқанына байланысты «АЖЭК» МКК-ның дайындығымен танысты.  Облыс әкімі сондай-ақ, қаламызға келудегі негізгі мақсаттарының бірі егін шаруашылығының алқабына барып, кейіннен кең көлемдегі жиналыс өткізді.

 

Жиналысқа қаламыздың жетекші өкілдерімен қоса, көрші Амангелді және Жангелді аудандарынан да қатысты. Облыс басшысы сонымен қатар, Арқалық-Шұбаркөл теміржолының құрылысына да арнайы тоқтала отырып, мән-жаймен қанықты.

Өз сөзінде әкім «АЖЭК»МКК-на қатысты алдымен кадр мәселесін сөз етіп, жұмыскерлердің санына емес сапасына көңіл бөлуді тапсырды. Себебі көптеген мәселелер дәл осы тәжірибелі кадрлардың жетіспеуінен болатыны белгілі. Еске салар болсақ, Н.Садуақасов жуырда ғана «АЖЭК»МКК-ның басшысы болып тағайындалған  Амандық Әбішевке жоғары сапалы жұмыскерлерді тартуды және олардың жұмысына баса назар аударуды тапсырған болатын.

Негізгі міндеттерді айта отырып, облыс басшысы бірінші кезекте алдағы жылу беру науқанының ойдағыдай өтуіне мүмкіндік беретін бірқатар жобаларды сөзге тиек етті. Сөз арасында 27 мың.тонна көлеміндегі артық жылуға қол жеткізуге болатын мемлекеттен 800 млн.теңгенің бөлінгенін де айтып өтті. Жоғарыдағы 27 мың.тонна жылу қаланы жылумен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Оның үстіне өткен жылдан қалған 1300 тонна жылуды қоссақ,  жылу жөнінен қала толық дайын екенін сеніммен айтуға болады.

Жалпы жылумен қамтамасыз ету мекемесінің технологиялық жағдайына келер болсақ, жөндеу жұмыстары бітудің алдында тұр. Ал, тарифтік мәселе орайында, облыс басшысы «АЖЭК»МКК-нің жетекшілерімен әңгіме барысында қозғады.

 Сонымен қатар, Нұралы Садуақасов жақында ғана толық жөндеуден өткен Абай Құнанбаев атындағы орта мектепте болды. Жалпы бюджеттен ауқымды қаржы білім беру нысандарына жұмсалатыны анық. Осы тұрғыда биылғы жылы мектептер мен балабақшаларға  2,4 млрд.теңге қарастырылғанын  атап өткен жөн. Көлемі 320 млн.теңгені құраған жөндеу жұмысынан өткен Абай Құнанбаев орта мектебі алғашқы қоңырауда өз шәкірттерін қабылдады. Дегенмен бұл нысанның жөндеу жұмысы толығымен 20 тамызда аяқталу керек болатын. Осы орайда облыс басшысы «GSM CAPITAL.GROU» ЖШС қызметкерлеріне жөндеу жұмысының мерзіміне және құрылыс жұмысының сапарына қатысты сын айтуды да ұмытпады. Н.Садуақасов  оған қоса Арқалық қаласының әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Теменовке мемлекеттік қаржыдан 291 млн, облыстық бюджеттен 32,5 млн. теңге бөлініп отырған Ашутасты ауылындағы А.Макаренко мектебінің жөндеу жұмысын басты назарға алуды тапсырды. Аталған жөндеу жұмысы желтоқсан айының ортасына дейін аяқталу қажет нысанның оқушылары «АСХОС» ЖШС әкімшілік ғимаратында оқуға мәжбүр.

Егін теріміне қатысты негізінен биылғы жылы Арқалық аймағы бойынша 300 мың.тонна астық жиналады деген болжам бар. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда екі есеге көп. Осы жөнінде Н.Садуақасов астық алқабын аралай жүріп, «Әліби-Сенім» ЖШС-не тоқтап, егін шаруа қожалықтарымен жүздесті. Жеке алғанда мол өнім Амангелді ауданымен Арқалық аумағынан жиналатынын да еске салды. Облыс басшысы шаруа қожалықтарымен басшыларға өз алғысын білдіре отырып, астық мәселесімен қатар, мал шаруашылығын дамытуды да ұмытпау керектігін айтты. Бұл тұрғыда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Сол себепті оны ұтымды пайдалану керектігін ескертті.

Мемлекеттік қолдаулар аясында өз сөзін қорытындылай келе облыс басшысы Қостанай облысы бойынша 2004 жылдан 2012 жыл арасында ауылшаруашылық өнімдеріне бөлінген қаражатты, яғни,  450 млн.теңгеден 12 млрд.теңгеге дейін өскенін атап өтті.

 

Баян АЖИМУХАН

Новости СЕЛА

Предыдущая Следующая

Хвала рукам, что пахнут хлебом!

14.11 10:11 Просмотров: 104

Облыс басшысы астық алқабында

16.09 10:09 Просмотров: 117

Егін қамын ертерек ойлаған жөн

01.04 10:04 Просмотров: 218

Екідіңге ерекше назар

10.01 08:01 Просмотров: 361

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Артында аңыз болар іс қалдырған

Артында аңыз болар іс қалдырған

08-12 12:12 Просмотров: 98

Кеңес кезінде Аманкелді ауданында екі бірдей шаруашылықты Торғай облысының үлгі-тірек  шаруашылығы дәрежесіне көтерген (Қазақстанның  40 жылдығы атындағы және Коммунизм жолы) Республикалық,одақтық жарыс  жеңімпазы атағын иеленткен, басқару стилі өзгеше, халықты еңбек...

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

24-10 12:10 Просмотров: 138

Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі - білімді ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Егемендік құқықтарымызды негізге ала отырып, «Қазақстанның келешегі – білімді ұрпағында»...

Өмірі өнегемен өрнектелген

Өмірі өнегемен өрнектелген

18-09 10:09 Просмотров: 189

                                                     ...Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына, елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады. Ал  менің кейіпкерім...

Комментарии Села

© 2013 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация