Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Балғадай балуанның бағы жанды

Қаламыздың спорт саласында жыл сайын қомақты жетістіктерімен қуантып келе жатқан спортшылардың бірі – ауыр атлеттер екені даусыз. Жуырда республикалық чемпионаттан жүлдемен оралған Ерболат БАЛҒАБАЕВ – осы сөзімізге дәлел.

Жалпы Арқалықта ауыр атлетика топшысын қатайтып, қанатын кеңге жайып келе жатқаны байқалады. Жаттықтырушы Күнтуар ЖАНКИШЕВТІҢ қарамағындағы ер балалар бірнеше жарыстарға қатынасып, туған қала қоржынын түрлі медальдарға толтырып келеді. Жеңіске деген жігері таусылмай жүрген осындай зілтемірші балуанның бірі – Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушысы Ерболат Балғабаев. Осыдан 6 жыл бұрын осы спортқа аяқ басқан жас спортшы бұған дейін де талай облыстық, республикалық додаларда күш жарыстырып, бірталай жүлдеге қол жеткізген. Бүгіндері спорт шебері.


Ерболат бұған дейін талай жарыстан топ жарып шыққан. Әйтсе де, жас спортшыға республикалық дәрежедегі сайыста жүлдеге қол жеткізу бұйырмапты. Тамыздың таяу күндерінде Көкшетау қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында «балғадай» балуанның бағы жанды. Ең тартысты өткен салмақ дәрежесі – 77 келіге дейінгі салмақта 19 спортшы күш сынасса, оның 12-сі спорт шебері екен. Барлығы да өз өңірлерінің үздіктері. Қостанай облысының құрама командасынан барған Ерболат қоссайыс нәтижесінде айтарлықтай нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.


    

Жаттықтырушы Күнтуар ЖАНКИШЕВ,
жүлдегер Ерболат БАЛҒАБАЕВ,
Арқалық БЖСМ директоры Рүстем ШАЛАБАЕВ,
жас атлет Ерасыл КЕНЕСБАЕВ.     

Бірінші орынға жетуге небәрі үш-төрт келі жетпей қалды. Бірақ, бапкері де, спортшының өзі де бұл жеңісті қанағат етуде. Себебі, үшінші орын да – жақсы жетістік. Оған қоса, Ерболат қоссайыста үшінші орынға көтерілсе, жұлқа көтеру сайысында ІІ орынды иемденіп қайтты. Бұл сайыста ол 167 келі штанганы бағындырды. Серпе көтеруден 124 келі көтерді. Қоссайыста 291 ұпайды еншіледі.


Бүгінгі таңда Ерболат қараша айында өтетін республикалық дода – 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындалу үстінде. Оған Арқалықтың үздік спортшылары іріктеліп, жебірелмек.
Жеңіс – еңбек пен маңдай тердің жемісі. Бұл қағида, әсіресе, өз салмағынан бірнеше есе ауыр зіл темірді көтеріп, бейнетпен биік белестерге жетуге талпынып жүрген ауыр атлеттер үшін арнайы айтылғандай. Бүгінгі жүлдегер спортшыны, жалпы барша спортшылар қауымын Спорт күнімен құттықтай отырып, қажымас қайрат, таусылмас жігер тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті, жарыстарыңыз жеңісті болсын!



Қайрат
ЕСМАҒАНБЕТОВ

Новости СПОРТА

Предыдущая Следующая

Айгуль покоряет… веса

29.10 07:10 Просмотров: 397

Браво, Нурзат!

26.09 01:09 Просмотров: 451

В честь тренерского тандема

16.07 03:07 Просмотров: 316

Один за всех и все за одного!

10.07 12:07 Просмотров: 166

Кубки завоеваны «южанами»

26.06 04:06 Просмотров: 167

Две медали с Кокшетау

05.06 02:06 Просмотров: 256

Медали всех достоинств

21.02 09:02 Просмотров: 285

Қысқы спартакиада қызықты өтті

24.01 12:01 Просмотров: 337

Браво, чемпион!

24.12 01:12 Просмотров: 353

Из Болгарии с бронзовой медалью

17.10 11:10 Просмотров: 442

Всей семьей за здоровьем

16.09 11:09 Просмотров: 367

Балғадай балуанның бағы жанды

14.08 08:08 Просмотров: 432

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Феномен строителя ИШУТИНА

Феномен строителя ИШУТИНА

07-08 17:08 Просмотров: 592

Старожила города, одного из его первостроителей Константина Ивановича ИШУТИНА (на фото) ценят и почитают многие. И дело не только в его возрасте. На мой взгляд, Константин Иванович является ярким носителем...

Өмір өзені

Өмір өзені

07-08 09:08 Просмотров: 544

Жастық шағыма ой жүгіртсем, балалықпен қоштасып, жігіт-желең кезіме аяқ басқан күндерім, өзімнен төрт жас үлкен әрі аға, әрі дос Балғатай Ысқақұлы есіме оралады.

Поэзия. "Жүдетіп тұр бұл көктем көңілімді". Мұқият ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ

Поэзия. "Жүдетіп тұр бұл көктем көңілімді". Мұқият ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ

24-07 11:07 Просмотров: 649

  Аяғы ауыр мас келіншек Қиянаттан болғандай дала жауыр, Кірпігінен бүркеді  нала,  дауыл.   О, масқара тапа тал түс хан көшеде, Мас келіншек барады аяғы ауыр.

Комментарии Спорт


© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация