Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Отбасының ұйытқысы - әйелдерді аялайық

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында бүгінгі қоғамымыздың өзекті мәселесі - әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбын өзек еткен Дөңгелек үстел болып өтті.

Бүгінгі таңда әйелді зорлау, қиянат көрсету сияқты сорақылықтардың жиілеп кеткені жасырын емес. Ел жаңалықтары адам шошырлық оқиғаларға толы. Бәзбіреу жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне лақтырып кетсе, енді біреу 10-15 жасар қызды зорлап кетіп жатыр. Жұбайын ұрып-соғу, адамды құлдыққа сатып жіберу деген сияқты хабарлар да үйреншікті жағдайға айналып барады. Осындай қоғамдағы кері құбылыстың себеп-салдары қайда жатыр?
Алысқа бармай-ақ, Арқалықты алайық. Былтырғы жылдары қала тұрғыны өз бауыр еті – балаларының анасын балконнан лақтырып жібергені елді елең еткізген еді. Ал, отбасында өз зайыбынан қысым-қиянат көріп жүрген нәзік жандылар қаншама. Мұндай айуандыққа итермелейтін басты себеп ішімдік екенінде талас жоқ.
Қыз балалардың ашық-шашық жүруі, ішімдікке, темекіге әуестенуі – батыстың феминизм, эмансипация сынды құбылыстарының жемісі. Әйелдің құқығы ер адамдармен тең болса да, физиология жағынан ерекшеленетіні ұмыт қалғандай. Нәтижесінде, сыраны суша сімірген сұлулар мен көк түтінмен көркіне көр қазған қыз-келіншектерді көрсек – бей-жай жүре береміз.
Әрине, әркім өз өмірінің қожайыны. Оның үстіне ХХІ ғасыр деп ақталамыз. Бірақ тәрбиенің осалдығынан, адами құндылықтардың жоқтығынан біздің қаламызда да талай ұят нәрселер болып жатыр. Күні кеше кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қала мектептерінің бірінде 14-жасар қыз жүкті болғаны сөз болды. Ал, жасанды түсік жасатуға мәжбүр болып жүрген қаракөздеріміз қаншама.
Дәл осындай алаңдатарлық әрі ауқымды тақырыпқа арналған жиында қала әкімінің орынбасары Е. Мәметеков, қалалық сот судьясы Ләззат Нұрханқызы, Арқалық қаласы Ішкі істер басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Ақмарал Абзалқызы, қалалық нәресте үйінің аға акушері Светлана Сейітқызы және т.б. өз ойларын ортаға салып, жиналған студенттерге тағылымды әңгімелерін айтты.
Дөңгелек үстелде жас ақын Батырлан Сағынтайдың жыр жолдары оқылды. Жас автордың шығармасын оқырманның назарына ұсынып отырмыз.



Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

 

Ағайын, ал жырымды ақтарамын,
Жөн болар сенімдерді ақтағаным.
Кешегі Ақан сері, Біржан салдар,
Айтулы тұлғаң еді көпке мәлім.

Талай қызға ғашық болған дейді ақынды,
Мұнысы жақын түгіл жатқа мәлім.
Бірақта біз білеміз сері ақынның,
Иманын нәпсісіне сатпағанын.

Ал, бүгін көріп жүрміз көп жігіттер,
Сері боп шырғалаң іс бастағанын.
Қыз деген күні ертеңгі ана емес пе,
Сондықтан сақтаған жөн аппақ арын.

Қыз арын таптағандар білер ме екен,
Аналардың арын да таптағанын.
Тағы да айтайын мен кісілік жыр,
Кетейін тыңдарманға ұсынып жыр.

Ал, енді қыздар жайын қозғар болсам,
Ұшқалақ боп кейбірі ұшынып жүр.
Кіндік ашып қылады екен кімді ғашық,
Көңілім осы жайға қысылып жүр.

Көлігі жоқ жігіттерге қарамайм деп,
Мұрнын көкке шүйіріп, ісініп жүр.
Ағайын мұндай қызға не айтамыз,
Әйтеуір ер бағасын түсіріп жүр.

Байға тию дегенді кейбір қыздар,
Тікелей мағынада түсініп жүр.
Байыпты ойларымды саралаңдар,
Бұл сөзімді жөн көрмес пе көп адамдар.

Бәрі де бір Алланың бейнесі ғой,
Әйелді кем, ерді артық санамаңдар.
Бес күндік бұл дүние өтер, кетер,
Бір-біріңді қашанда бағалаңдар.

 

Батырлан САҒЫНТАЙ,

АрқМПИ студенті.

Новости РАЗНОЕ

Предыдущая Следующая

Первое движение по новым рельсам

12.12 12:12 Просмотров: 118

Особая миссия прокуратуры

08.12 12:12 Просмотров: 64

Копите смолоду на старость

15.11 12:11 Просмотров: 118

Аркалык в статусе миллиардера

14.11 10:11 Просмотров: 126

В любую погоду под лед или в воду

29.08 12:08 Просмотров: 185

Почему два дня не было хлеба?

11.07 03:07 Просмотров: 221

Нет счетчика - нет экономии

20.05 10:05 Просмотров: 193

Поклонимся великим тем годам

16.05 01:05 Просмотров: 188

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Артында аңыз болар іс қалдырған

Артында аңыз болар іс қалдырған

08-12 12:12 Просмотров: 93

Кеңес кезінде Аманкелді ауданында екі бірдей шаруашылықты Торғай облысының үлгі-тірек  шаруашылығы дәрежесіне көтерген (Қазақстанның  40 жылдығы атындағы және Коммунизм жолы) Республикалық,одақтық жарыс  жеңімпазы атағын иеленткен, басқару стилі өзгеше, халықты еңбек...

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

24-10 12:10 Просмотров: 133

Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі - білімді ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Егемендік құқықтарымызды негізге ала отырып, «Қазақстанның келешегі – білімді ұрпағында»...

Өмірі өнегемен өрнектелген

Өмірі өнегемен өрнектелген

18-09 10:09 Просмотров: 186

                                                     ...Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына, елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады. Ал  менің кейіпкерім...

Комментарии Разное

  • Первое движение по новым рельсам

    kera.zz
    Согласен с Вами! Железная дорога не манна небесная, да это существенное подспорье для развития экономики, но не в таком уж большом масштабе. Рабочие места будут создаваться, но вряд ли на жд будут работать местные, так как им нужны квалифицированн ые ...
     
  • Первое движение по новым рельсам

    Алина
    Цены то на недвижимость растут, да только покупать её некому :( Одно дело имеются рабочие места, но в городе особо перспективами и не пахнет. Сейчас выстроят дорогу, места закроют, а дальше где работать??? На что кв.брать??
     
  • "Ақ Берік" әні Арқалықтың хиты болды

    Нұрғалиев
    Қадірменді Берік Әбдіғалиұлы Арқалыққа жасаған еңбегіңіз ешқашанда ұмытылмайды сізге рахмет. қазақ еліне әліде еңбегіңіз сіне берсін деніңіз сау болсын
     
  • "Ақ Берік" әні Арқалықтың хиты болды

    Жұмашев
    Құрметті Берік Әбдіғалиұлы сізге айтар алғысым шексіз! Әрқашанда жолыңыз ақ болсын сізді Арқалық ешқашанда ұмытпайды
© 2013 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация