Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Мұңға толы жыр дәптері

Менің аты-жөнім Жұмагүл Ақтасова. 1938 жылы 3 ақпанда Қостанай облысы Торғай поселкесінде дүниеге келгем. Қолыма қалам алуымның себебі – бұрын зұлмат жылдары жазықсыз қудаланған әкем Ақтас туралы сөз қозғап, еске алу.
Әкем Ақтас 1899 жылы Аралбай ауылында қазіргі Қызыләскер совхозында дүниеге келді. Жастық шағы қазан төңкерісінің отты жылдарымен сабақтасады. Әр жылдары ауылдың кеңсе төре, қызыл отау жетекшісі болып қызмет істеген. Аудандық мәдениет бөлімін басқарған. Оң мен солын танып, еліне шын мәнінде қызмет істеп жатқан ол Голощекиннің сорақы саясатының кесірінен 1937 жылы халық жауы атанады. Мен әкем ұсталып кеткенде, ана құрсағында 6 айлық болыппын.  Төрт айдан соң дүниеге келгенмін.

 


Анам Дәмет Жаркулбаева 1953 жылы дүниеден өтті. 10 баладан ең соңғы мен ғана қалыппын. Содан нағашым Бекқожа Доспанғожин деген кісінің қолында тәрбиелендім. 1956 жылы Албарбөгет совхозы Қаратүбек орта мектебінде 10 сыныпты бітірдім. Ол кезде мектеп директоры Ғазез ағай Әмірханов болған.
Сөйтіп, жаңағы нағашымның үйінде әкемнің 2 дәптер өлеңін шешем марқұм жастықтың ішіне тығып алып қалған екен. 1957 жылы Алматов Ханырбекке тұрмысқа  шықтым. Содан осы арабша жазылған қос дәптерді аударуға Хамитбек Қапанов деген кісіге бердім. Ол үлгірмей, дүниеден өтіп кетті. Үйінен 1 дәптерді таптырып алдым.
Сақталған дәптерді Ғазез аға Әмірханов аударып берді. Әр түрлі суреттер болып еді. Бір жылдары жарыққа шығарамын деп, Ильясов Байтұрсын  алып, ол кісі де дүниеден өтіп кетті. Дәптерді зорға тауып алдым, суреттер жоқ болды. Қайырбектің әкесі Алмат пен менің әкем бір күнде ұсталыпты. Содан Қошырбек партияға өтерде біраз кедергі болды. 1957 жылы бұл кісілердің ақталғаны жөнінде хабар болды.  Өзім әр түрлі салада жұмыс істедім. Пенсияға ең соңғы Әліби Джангельдин музейінен шықтым. Еңбек ардагерімін. 19 немерем, 8 шөберем бар.

Байлауда тұрған қазықсыз

Қойбақ Ақтас ақынның өлең жазбасы

Торғайдағы кеңестік кезеңнің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ат арқасына мінген көзі ашық ел азаматтарының бірі – қойбақ Ақтас Тұрғымбайұлы болады. Елде енді орнығып келе жатқан кеңестік өкіметті ол көзсіз қолданған да. Елдегі сол кездегі ұсталынған саясат – ауылдық атқа мінген сілкіп алар азаматтарының көзін жоя беру болса керек. Сол қармаққа ерте іліккен жандардың да бірі Ақтас болыпты. Ақыры «халық жауы» танылып, сотталып кеткен.
Ақтас Тұрғымбайұлы 1899 жылы Аралбай ауылында дүниеге келеді. Жастық шағы Қазан төңкерісінің отты жылдарымен сабақтасады. Ауыл мектебінде оқыған, көзі ашық, ізденісі мол жігіт кеңестік ұжымдастыру жұмыстарына белсене араласады. Әр жылдары ауылдық кеңес төрағасы, Қызыл отау жетекшісі болып қызмет істейді. Аудандық мәдениет бөлімін басқарады. Ағайын арасында Ақтастай азаматтардың «қылмысын» көрсетушілер де табылды. Сонымен, Ақтас Тұрғымбайұлы 1937 жылы «халық жауы» болып, ұсталып тынады.
Қойбақ Ақтас ақыннан қалған белгі қызы Жұман Алмат келінінің қолында сақталған бір дәптер өлең-ді. Қалың дәптерге араб әрпімен жазылған өлеңді Ғазез Әмірханұлы қайыра көшіріп шықты.
Қолыма жазамын деп алдым қалам, болып жүр қайғыменен көңілім алаң. Тарихта бастан кешкен оқиғаны, берейін түсіндіріп келсе шамам, – деп басталатын өлең хикая машинка басылымымен жиырма бес беттік, тым ұзақ. Өзінің жазықсыз ұсталу жәйі, түрме азабы өлеңде жүйелі сөз болады. Асыра сілтеу кезеңіндегі аудақтық партия комитетінің хатшысы Талтаңбаевтан бастап талай адамдардың аттары бар. Жалған белсенділердің жасанды ылаңы елді аштыққа ұрындырады.
«Болмасын асыра сілтеу» ұраны бар,
«Қалмасын аша тұяқ» деген малың
Солшылдық сотқарлықтың арқасында
Торғайдың елу пайыз қырды жанын...
Ақтас өлеңінде отыз екінші жылдың ашаршылық ауыртпалығы осылайша жырланып, аштықтан көмусіз қалған елдің жарты тұрғындарының дәл дерегі ашылады. Хатшы Келімбетов, прокурор Жұбанышқалиева, орготдел Оразбаев, милиция бастығы Өтемішев сияқтылардың озбырлық әрекеттері өлеңде сенімді жырланады. Ахметқали Мейірманов бастаған құпия топ бар деп бұларды ұстап, түрмеге жабады. Солардың ішінде Ғалымжан, Төлепберген, Төремұрат, Қайырбек, Мықан, Қасен есімдері анықталды.
Көнбеген түрмеге адам топырлатты,
Бірыңғай соққан желдей екпін қатты.
Газеттің редакторы Махмұтсұлтан,
Бір күні үстімізге оны жапты –
Ұйым бар Кеңеске жат ертеден деп,
Болмаған оқиғаның басын шатты...
Ұйымның әрекеті - «егісті орындатпау». Ұйым басшысы деп кінәлаған А. Мейірманов онда РайЗО төрағасы болып істейтін. Не керек, бұлар Ырғыз, Шалқар, арқылы Ақтөбеге айдалады. Сталинге дейін хат жазып, бұл жаладан зорға аман қалады.
Дәптердегі келесі өлең 1934 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе түрмесінде жазылған «Сәлем хат» деп аталады. Өлең тақырыбында - туыс, жекжатқа түрмеден жолданған сәлем, аманат.
Келесі өлеңге «1933 жыл, июль айында Торғай түрмесінде жазылған» деген белгі қойылған. Дәптерге кірген өлеңдердің ішіндегі жеңіл оқылатын, көркемі де осы туынды.
«Сәлем хатқа» Ерғали Есенейұлы, Қарқынбай, Мықан өлеңмен жауап қайтарған. Жауап өлеңдер де дәптер жазбасында сақталыпты.
Ақтас ақынның Торғай түрмесінде жазылған өлеңі газет оқырмандарының назарына ұсынылып отыр.

 

Жабықтық жатып жазықсыз

1933 жылы шілде айында Торғай түрмесінде жазылған.

 

Үстем боп жалған шын қалды,
Өңделіп өтірік шыңдалды.
Өзімен бірдей болған соң,
Қылмыстылар қорланды.

Жабықтық жатып жазықсыз,
Бозардық жүдеп азықсыз.
Қол-аяқ бос, ермек жоқ,
Байлауда тұрмыз қазықсыз.

Бояманың бойы өсті,
Жала жауып беттесті.
Қарайтын бетті көз жұмыл,
Өтірік айтып, шын десті.

Кім шешер айқын анықты,
Жағылып күйе жаламен.
Жасып көңіл жабықты.

Сарғайдық, саулық, сән кетіп,
Қажыдық қайрат, әл кетіп.
Сартөсек боп жата алмай,
Саламыз күйге әндетіп.

Әділдік күтіп,
Жалығамыз жабығып.
Ұзаған соң бұл іске,
Қайғырамыз қамығып.

Тұрмыстың көріп тарлығын,
Қылмыстың сезбен барлығын,
Алдандырғыш алдағыш,
Орындап зорлық жарлығын.

Меңіреу түрме – бұл қоныс,
Созылған күлкі бір жатыс.
Сағатқа минут паралар,
Болды тілек күн батыс.

Өткенін өмір тілейсің,
Нақақтан күйіп жүдейсің,
Жабықса біреу ішінен,
Көтеріп көңіл сүйесің.

Қудаланып ескі дат,
Бұрмаланып әділет.
Табымыз кедей болса да,
Болып та шықтық, міне, жат.

Толғаусыз топ ұраны,
Толғаусыз кінә құралы,
Шындық жеңіп, шешпесе,
Болжаусыз өмір тұрағы.

Содырлы солшыл істердің,
Бас қажы жік істердің.
Тексерілсе талданып,
Өзіңе лайық піскенің.


Ақтас ТҰРҒЫМБАЙҰЛЫ

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Мұңға толы жыр дәптері

29.05 10:05 Просмотров: 1986

Выдающийся поэт Тургайской степи

14.08 08:08 Просмотров: 1196

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 790

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 785

Жазылған жайдың жаңғырығы

14.02 12:02 Просмотров: 626

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 624

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 1617

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 2081

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 726

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ


© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация