Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Өмір өзені

Жастық шағыма ой жүгіртсем, балалықпен қоштасып, жігіт-желең кезіме аяқ басқан күндерім, өзімнен төрт жас үлкен әрі аға, әрі дос Балғатай Ысқақұлы есіме оралады.

 

Үш-төрт көйлекті ерте тоздырып, жігіттіктің жалына қол салып, көктем қызға қызыға қырындап, маған жол көрсеткен ағалығы мен қатар жасың кіші демей өмір өткелдерін бірге атқарғандығымыз болар. Ол  Петропавлдың индустриалды-педагогикалық техникумының екінші курсының мен бірінші курсының студентіміз. Оның бірден екінші курсқа түсуі жалпы орта білімділігінен болса, ал менің негізгі орта білімнен кейінгілігім еді. Сонымен қатар екеуміз де бір жердің, бір елдің азаматымыз. Оның ашық жарқын жайдары мінезі кім-кімді де тез үйіріп әкететін, жалғыз ұл болып өссе де көше бұзар тентектігі жоқ, оқып жатқан мамандығын игеріп, егде тартып қалған ата-анасына келін түсіріп, қызығымды көрсетсем, арман асуының алғашқы басқышын дұрыс бастадым деуіме болады деген мақсаты, оқуды бітіруге бір жыл қалғанда Роза сұлуды ғұмырлық серігі еткізді. Біздің оқыған ортамыз, талапқа сай орыс тілділіктің, орыс тәрбиесінің басым болып тұрған кезіне орай өз тілін, әдет-ғұрпын шала білетін, оны білмедім-ау деп қысылмайтын жастар ортасы болғандықтан Бәкең олардан іргесін аулақ салып, «мен елдің қызын серік етуім керек, қартайған әке-шешеме қарайтын, солардың көңілін тауып, қабақтарына кірбің түсірмесем, онда менің  перзенттік парызымның орындалғаны» дейтұғын. Ал оның осы ойы соңынан ерген маған әдиілеп айтпаса да ағалық, достық ақыл боп естілетін, жалпы Бәкең сөзге жүйрік, ұтқыр ойдың, шалт қимылдың адамы болатын. Алғашқыда оның өскен ортасы мен шыққан тегінен мен бейхабар болатын болсам, кейін оң мен солды айыратын жасымда тегіне тартқан тектінің «қасқадан қасқа тумаса да төбел туадысына» көзім жетті. Ол Әлшора әулиетінің нар қасқасы Шіменбай әкеміздің туған інісі екенін білдім.
Жалпы дос, қатар құрдастардың арасында кейде нағашылы-жиендей бір-бірін қатты қағытып «тұздықтап» (боқтап) жіберетін кездері де болады, міне осындай тұздықтың кезінде Бәкең, Ысқақ әкеме «әке, мынау Жәнібек сені боқтап отыр ғой, неге ұрыспайсың?» дегенде, Ысқақ әкем «е, боқтасын, әкеден-әкенің артықтығы жоқ, сен де оның әкесін боқтап отырған жоқсың ба» десе, Бәкең «ой әке, қызықсың ол сенің көзіңді бақырайтып қойып боқтады емес пе» дегенде қашанда бір қалыптан аспайтын Ысқақ әкем, «сонда сен оның әкесі естімейтін болған соң боқтай береді екенсің ғой, әй ерке тотайым-ай өзің де әке болсаң да әлі баладайсың» деп кеңкілдеп күлгенде бәріміз мәз болған едік. (Ол күндері мен училищеде педагогикалық тәжірибеден өтіп жатырған едім).
Бірде екеуміз бейтаныс төрт-бес жігіттердің қаһарына ұшырап «екі адам бір адамның құдайы» демекші, төбелес «майданына» тап болдық, таяқтың ащы дәмін тата берген кезімізде  «Жәнібек, қаш, мен кейін» дейді, артынан «оу Бәке, сонда сені тастап кетсем менің кім болғаным, маған қашың не?» десем, «әйтеуір мен сенен үлкенмін  ғой, ағаң емеспін бе, таяқты бір өзім жейін, сен аман болсын дегенім ғой»  деп қарап тұр. Міне Бәкеңнің не де болса жанымдағы досым, соңымнан ерген інім аман болсын деген ер көңілі, ал бүгінгі толқында «досыңды жауға тастама»  болар ма екен?!
Техникумнан кейін екеуміз екі жақта болдық, мен өскен ортам Екідіңде (Сарыторғайда) мектепте, ол Аманкелдіде қызметте болды. Сиректе болса кездескен сәттерімізде өткен күндерімізге ойша оралып, мәре-сәре болып, оқудан басқа бас ауыртып балтыр сыздатпайтын тек арман асуына ой жүгіртіп, иек артатын бұла күндерімізді еске алып, алдағы күндерге азды-көпті жоспар құрып, алар асуымыз алда деуші едік. Бірақ тағдыр шіркін Бәкеңді ортамыздан ерте әкетті, алайда оның артында ғұмырлық серігі Розасы, төрт құлыны оның пәнилік, мәңгілік өмірін жалғастырып тамырын тереңге жайдырды, сондықтан да Өмір өзені ағысын ешуақытта тоқтатпасын деп, оның дос – інісі,  мен бір Жаратушыдан тілек тілеймін.


Жәнібек Ғапбасұлы

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Мұңға толы жыр дәптері

29.05 10:05 Просмотров: 1986

Выдающийся поэт Тургайской степи

14.08 08:08 Просмотров: 1196

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 791

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 785

Жазылған жайдың жаңғырығы

14.02 12:02 Просмотров: 626

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 624

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 1617

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 2081

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 726

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ


© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация