Арқалық қаласы әкімінің аппаратына құрылымдық өзгерістер енгізіліп, бұрынғы қала әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметі экономикалық мәселелер мен әлеуметтік сала бойынша орынбасары қызметі болып өзгертілді. Жаңа қызметке Зәуреш Мырзағалиқызы ӘЛМАҒАНБЕТОВА тағайындалды.
З. Әлмағанбетова 1962 жылы 12 қазанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1979 жылы Қостанай мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе станциясында жұмысшы болып бастаған. Сол жылы жануар шаруашылығы бөлімінің жұмысшысы болып қызмет атқарған. Одан кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, 1985 жылдан 1989 жылға дейін Шөптікөл ауылының Еңбек және еңбекақы төлемі бойынша аға экономисі, 1989 жылдан 1995 жылға дейін Ш. Уәлиханов атындағы КП аға экономисі, 1995-1997 жылдар аралығында сол мекемеде бас экономист, одан кейін бір жыл бас есепші болып еңбек еткен. 1998-1999 жылдары Қостанай облысы бойынша КБ бухгалтерлік есеп және есепке алу бөлімінің еңбек шарты бойынша есепшісі, бас инспекторы болып жұмыс істеген. Одан кейін 2014 жылға дейін Қостанай облысы бойынша Кеден басқармасы, Кедендік бақылау департаменті есеп бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, есеп бөлімінің бастығы, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамассыз ету бөлімінің бастығы сияқты қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаменті, ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.
Дархан Амантайұлы