«Казахстан быстро развивающаяся страна в плане экономики и здесь есть огромный потенциал для ее развития, особенно на фоне действующих государственных программ» – такое мнение выразил господин Александр ВЕГА – синьор-эксперт, волонтер из Канады, который побывал с рабочим визитом в Аркалыке. Он провел две недели обучения персонала салона штор «Перделер» ИП Галия ЕРГАЛИЕВА.
Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде белгіленген болатын.Аталған мерекеге орай қаламызда салтанатты шара ұйымдастырылып, бірқатар қызметкерлердің мерейі үстем болды.
Ә.Боранбаев атындағы кинотеатр ғимаратында өткен салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Әлмағанбетова қатысып, мереке иелеріне құттықтауын жеткізді. «Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады. Себебі, сіздер мейірімділік пен қайырымды істерге күнделікті араласып, көптің алғысын арқалап келесіздер. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін атқарып жүрген жұмыстарыңызға сәттілік серік болсын!» , - деп жүрекжарды тілегін арнаған Зәуреш Мырзағалиқызы табысты еңбегімен танылған бірқатар маманды салтанатты түрде марапаттады. «Еңбек ардагері» медалі, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Құрмет» грамотасы, «Адал еңбегі үшін және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні құрметіне» Қостанай қаласы әкімінің мадақтамасы, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» грамотасы нәтижелі еңбегімен көрінген бірқатар қызметкерге табыс етілді. Салтанатты жиын қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, мереке иелеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.
Бүгінгі күні «Арқалық қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не қарасты төрт бөлімше жұмыс жасайды. «Жалғыз басты қарттар мен мүгедек жандарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде» осы топтағы 98 адамға қолғабыс жасалуда. Сондай ақ, «Мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан жүйке ауруы бар мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің» мамандары 41 жанды қамтып отыр. Ал, «Жүйке ауруы бар, жасы он сегізден асқан мүгедектердің күндізгі болу бөліміне» келуші 22 сырқатқа логопед, психолог, медицина мамандары арқылы дене шынықтыру мен еңбек терапиясы арқылы да олардың денсаулығын түзеу шарасы қолданылады. Арнайы жабдықталған инвотаксимен мүмкіндігі шектеулі жандарды үйінен орталыққа әкеліп, қайта жеткізіп тастау жағдайы да жасалып отыр. «Мүгедек балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі» болса, осы санаттағы 24 баланың заманауи дәрежеде медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.
Дархан Амантайұлы
Акцияны «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі Б. Ғабдуллин мен «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары А.Сарбозов, Ә.Қошан қаламыздағы 5 колледж және Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның студентерімен кездесті. Жиын барысында жастарға қоқыстарды шашпау, қаламыздың тазалығын көздің қарашығындай сақтау жөнінде насихат етілді. Арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, суденттер ортақ үйдің тазалығын қадағалап отыру жөнінде өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта «Жастар таза қала үшін» акциясы аясында мектеп оқушыларымен де кездесу жоспарланып отыр.
Дархан Амантайұлы
Бұл жөнінде № 2-ші бағыттағы жолаушылар тасымалы үшін өткізілген тендер барысында айтылды. Байқауға Төлегенов Ж. және Төлегенов М. аталатын екі кәсіпкерлік қатысты. Тендерге Қостанай облыстық Көлік инспекциясының бас маманы Н.Кәрібай арнайы келіп, жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің техникалық және құжаттық талаптарға сай келуін қалалық мәслихат хатшысы С.Нұрсалиұлы және «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Сейітжанұлы да қарап шықты. № 2-ші бағыттағы жолаушылар тасымалына қай кәсіпкерліктің көліктері сай келетіндігі және қызмет көрсетуші тарап ұсынған жол жүру құнын 50 теңгеге көтеру мәселесі қалалық әкімдік жанындағы бағалау комиссиясының алдағы отырысында қаралып,шешімін табатын болады.Сондай ақ, партиялық бақылау комиссиясы қала ішілік бағыттағы көліктердің аралық жол жүру уақытын да жиі бұзатындығын ортаға салып, осыны да бір тәртіпке келтіру қажеттігін айтты.
В нынешнем году в Аркалыке появились остановки нового типа. Казалось бы, только радоваться данному обстоятельству. Ведь в некоторых местах о сооружениях подобного типа давно забыли. Вот только есть повод для критики, как в плане того, что непосредственно касается новых остановок, так и того, о чем еще коммунальщики позабыли.