Не так давно цены на сахар резко «взлетели» вверх. В большинстве торговых точек этот продукт дешевле, чем 300 тенге за килограмм, а то и выше не купишь. Такая ситуация, по словам руководителя отдела предпринимательства акимата г. Аркалыка Дархана ХАМЗИНА, в первую очередь объясняется сезонным фактором.
Сейсенбі күні Арқалық қалалық мәслихаты депутаттарымен келісу арқылы қала әкімдігіне жаңа басшы тағайындалды. Қостанай облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ қала активімен кездесіп, жаңа әкім Амантай Кәкімбекұлы Балғаринді жұртшылыққа таныстырды.
А. Мұхамбетов өз сөзінде жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей отырып, бірқатар міндеттер мен тапсырмаларын берді. Арқалық аймағының бірінші кезектегі мәселелері – жылу беру маусымына тиесілі дайындық жүргізу, ауыл шаруашылығын дамыту, әсіресе, мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан» сияқты бағдарламаларды талап етілген көрсеткіштерге сай орындау, ірі жобаларға бөлінетін мемлекет қаржысын ұтымды игеру, оларды жүзеге асыру барысындағы жұмыстарға жергілікті тұрғындардың кем дегенде 50 пайызын тарту сияқты міндеттерді атап өтті.
А. Мұхамбетовтың айтуы бойынша, Арқалық өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында шағын және орта бизнес әлеуеті толық ашылмай келеді. Нарықтың қозғаушы күші – кәсіпкерлік саласын жандандыруға мемлекет жылдық пайызы субсидияланатын қолайлы несиелер ұсынуда. Алайда, Арқалық аймағы бойынша бұл салада белсенділік әлі байқалмайтынын баса айтты.
Облыс әкімі, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, барлығы бойынша әлі де жұмыс атқару керектігін атап өтті. «Біз алдымызға іске асырымды міндеттер қойып отырмыз. Оларды еңсеру үшін тек қана еңбек ету керек», - деп түйіндеді ойын А. Мұхамбетов.
Арқалық қаласында 2013 жылдан бері үш жыл бойы қызмет атқарған Ғазиз Бекмұхамбетов әріптестерімен қоштасарда өзінің қимастық сезімін білдіріп, Арқалық қаласы жүрегінде ерекше орын алғанын толғана жеткізді. Енді жаңа деңгейде, яғни «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы бірінші төрағасының орынбасары қызметінде Арқалықтың мұң-мұқтажын ескеріп, оларды шешуге атсалысуға уәдесін берді.
Амантай Балғарин өз кезегінде Арқалықтың жағдайы қалыпты екенін айтып, облыс басшысы қойған міндеттерді шешуге күш жұмсайтынын тілге тиек етті.
Қ.ЕСМАҒАНБЕТОВ
Амантай Кәкімбекұлы Балғарин 1962 жылы 24 қазанда Қостанай облысы Әулиекөл ауданынның Тимофеев поселкесінде дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай ауылшаруашылық техникумын ветеринар фельдшері мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған.
1981 жылдың наурыз-мамыр айларында Семиозер ауданының «Қаймақкөл» кеңшарында ветеринарлық санитар болып жұмыс істеді. 1981 жылдың мамыры мен 1983 жылдың маусымы аралығында Сухуми қаласында Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1983 жылдың шілдесінен 1998 жылдың шілдесі аралығында «Қаймаққөл» кеңшарында ветеринар дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қаймақкөл» кеңшарының бас ветеринары қызметтерін атқарады. 1998 жылдың шілдесінен бастап 2004 жылдың наурызы аралығында Әулиекөл аудандық ауыл шаруашылық басқармасында жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді. 2004 жылдың наурызы мен 2008 жылдың қарашасы аралығында «Тимофеевка-Агро» ЖШС-інің атқарушы директоры болды. 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың желтоқсаны Әулиекөл ауданының «Кетебаева Зауреш» шаруа қожалығын басқарды. 2010 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың сәуірі аралығында «Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылық басқармасы» ММ бастығың орынбасары, 2011 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында облыс әкімі С.В.Кулагиннің 28 қарашадағы «Ауыл шарушылылығы басқармасы» ММ бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылы Науырзым ауданының әкімі болып тағайындалды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Әулиекөл ауданының әкімі.
Более недели в областном центре проходил чемпионат страны по стандартным шахматам среди сеньоров и сеньорит в возрастной группе от 50 до 65 лет. Честь Аркалыка на соревновании отстаивал кандидат в мастера спорта СССР Сергей ЛИНИКОВ.
Пока стрелки всех указанных на снимке вольтметров и амперметров стоят на нуле. Но с наступлением нового отопительного сезона, по словам дежурного инженера станции ТЭЦ ГКП «Аркалыкская ТЭК» Игоря ДУБИНЧЕНКО, все они начнут давать соответствующие показатели.
По случаю празднования Дня государственного служащего и Дня полиции в актовом зале Детско- юношеского центра «Жас улан» состоялось торжественное собрание, приуроченное к чествованию виновников торжества.