Қала ішілік автожолдардың сын көтермейтіні бұрыннан белгілі. Осы мәселені шешу мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Жалпы қала көшелерінің қашықтығы 77,1 км құрайды екен. Қанағаттанарлық емес жағдайда-25,3 км.
2014 жылдың желтоқсанында 2009 жылы салынбай қалған Қайырбеков көшесінен Энтузиастов көшесіне дейін және Демченко көшесін қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Құрылысты-монтажды жұмыстың аяқталуына 102,8 млн. теңге сомасында қаражат қажет етілген көрінеді. Демченко көшесінің аяқсыз қалған бөлігіне жөндеу қаражаттың бөлуіне байланысты жүргізіледі.
Жалпы қаламызда жөндеу жұмыстарын қатты қажет ететін көшелер қатарында: Ш.Жәнібек көшесі А.Байтұрсынов көшесінен Оңтүстік аумаққа дейін, Ш:Жәнібек көшесі Демченко көшесінен Церквь ғимаратына дейін, Майлин көшесі Новый кенті, Сәтпаев көшесі Новый кенті, Первомайская көшесі Новый кенті, Московская көшесі Западный кенті, Жәнкелдин көшесі Демченко көшесінен Темір жол өткеліне дейінгі аймақтар. Осы ретте 19,6 млн.теңгеге «Алюминстрой» ЖШС жоғарыда аталған көшелерге жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Және де «Тазарту-Арқалық» ЖШС қызметкерлері Северный кенті және Дачный кенті көшелеріндегі шұңқырларды бітеу жұмыстарын жүргізген.
«Алюминстрой» ЖШС қала ішіндегі негізгі көшелердегі шұңқырларды қалпына келтіру ағымдағы жұмыстарын өз есебінен жүргізуді міндеттеніп отыр.
Сондай-ақ, қала көшелерінде лайтбокстар орнатылмақ. Бұл шараға 1,9 млн.теңге қаражатқа «AI-DI company» ЖК жұмысын бастауды көздеп отыр.
Б. Ажимухан