Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Арқалықта аймақтық "Жырларым ұяласын жүрегіңе..." ақындар айтысы өткізілді

Көптен күткен көктем келді. Ән көктемнің алғашқы күнін ән-жырмен қарсы алдық.

Қаламызда дүбірлі той болып өтті. Құран қари Файзолла Сатыбалдыұлының 130 жылдығы мен ақын Құтжан Қанжығалиннің 110 жылдық мерейтойына орай аймақтық «Жырларым ұяласын жүрегіңе...» атты наурыз айтысы мен «Дала дауысы» атты дәстүрлі ән орындаушылар байқауы ұйымдастырылып, небір хас жүйріктер өнерлерін көрсетіп, қаламызды бір сәт өнер ордасына айналдырып жібергендей болды.

Байқауға 14 айтыскер ақын, 7 термеші сынға түсті. Бақандай жеті сағатқа созылған байқаудың қорытындысы бойынша Файзолла Сатыбалдыұлы атындағы сыйлық Жанкелді ауданынан келген айтыскер ақын Байбатыр Ахметбековке, Құтжан Қанжығалин атындағы сыйлық рудныйлық Ғалымкерей Кенжеғожинге, Нұрхан Ахметбеков атындағы сыйлық астаналық Саят Әбеновке, Әлмұхамет Оспанов атындағы сыйлық жас ақын Батырлан Сағынтаевқа, Ахметхан Әбіқаев атындағы сыйлық рудныйлық Мамай Ізтілеуовке, Әбіқай Нұртазаұлы атындағы сыйлық астаналық Мақсат Нұрмұхамедовке, Назарбек Бектемісов атындағы сыйлық қостанайлық Салтанат Өтелбаеваға, Байдоқ Молдашұлы атындағы сыйлық қостанайлық Нұрболат Қадыровқа берілсе, жүлделі ІІІ –орынға жетіқаралық Марғұлан Оспанов, ІІ-орынға семейлік Айдана Сегізбаева, І-орынға астаналық жас ақын Сырым Әуесханға, бас жүлде Тоба Өтепбаевқа бұйырды. Бір қызығы, Тоба ағалық жолымен інісі, жас ақын Сырым Әуесханға өз сыйлығын беріп, мәрттік жасады. Сырым да табан астында сыйлықты алып тұрып: «Тоба ағамның ниеті де үстіндегі шапанындай ақ екен» деп өнершіл қауымды тәтті жырымен риза қылды. Жезтаңдай, күміс көмей термешілер байқауының нәтижесі бойынша ынталандыру сыйлығы Бану Мұқатқызына (Қостанай), арнайы номинациялар Рамазан Әмірбекұлы (Арқалық) мен Нұрсұлтан Есенқабылға (Арқалық), жүлделі ІІІ-орын Нұрдәулет Тойшинге, ІІ-орын Айбат Маратовқа, І-орын Нұрсұлтан Болатұлына, бас жүлде Абзал Алпысовқа бұйырды. Қос байқауға бас төрелік еткен Айбек Қалиев, әділ қазы құрамында болғандар жергілікті айтыскер ақын Бағила Балмашева, ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы Бөлтірік Молдашұлы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы Шөптібай Бәйділдин, облыстық мәдениет басқармасының маманы Роза Төлешқызы.

Көктемді осылай ән-жырмен бастап жатсақ, қуанарлық жәйт. Алдағы шуақты күндеріміз тек қана той-думанмен көмкеріліп, жанасып келе бергей! Домбыраның үні жасасын, ұлы өнер жасасын!

Елдос ТОҚТАРБАЕВ

Комментарии  

 
#1 Ақбота 10.09.2013 10:09
Арқалықтың жастары арасындағы қазіргі қала ғана республика көлеміне танылып келе жатқан жастар баршылық. солардың алдыңғы белді өкілдері №1 ақын Ерхан Молдағалиев пен Батырлан Сағынтаев,№1 сатирик, қайталанбас талант иесі Щыңғыс Кенжалиев, №1 журналист-проза шы Елдос Тоқтарбай екеніне еш күмәніміз жоқ! Жасаңдар жігіттер!
Цитировать
 

Новости ИСКУССТВА

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Артында аңыз болар іс қалдырған

Артында аңыз болар іс қалдырған

08-12 12:12 Просмотров: 98

Кеңес кезінде Аманкелді ауданында екі бірдей шаруашылықты Торғай облысының үлгі-тірек  шаруашылығы дәрежесіне көтерген (Қазақстанның  40 жылдығы атындағы және Коммунизм жолы) Республикалық,одақтық жарыс  жеңімпазы атағын иеленткен, басқару стилі өзгеше, халықты еңбек...

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

Білім беру жүйесі. Бізді не күтіп тұр? Самал МҰРАТОВА

24-10 12:10 Просмотров: 138

Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі - білімді ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Егемендік құқықтарымызды негізге ала отырып, «Қазақстанның келешегі – білімді ұрпағында»...

Өмірі өнегемен өрнектелген

Өмірі өнегемен өрнектелген

18-09 10:09 Просмотров: 189

                                                     ...Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына, елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады. Ал  менің кейіпкерім...

Комментарии Искусство

  • Тілші болғым келеді...

    Ғани Әл-Торғаи
    Өзгеріп кеткен бе, қалай? Шынымен азулы ма?
     
  • Тілші болғым келеді...

    kera.zz
    Сәлем Ғанибет! Арыстан Есмұхамбетұлы іссапарда болған, Баян деген Арқалықтың азулы журналисті ғой))
     
  • Тілші болғым келеді...

    Ғани Атымтай
    Айткүл апай қолынан ұстап тұрған кім болды екен, Қайрат-ау? )))
     
  • Тілші болғым келеді...

    Ғанибет Ғалымбекұлы
    "Арқалық хабары" газетінің бас редакторы, іскер де ұйымдастырушы ағамыз Арыстан Айтмағамбетов көрінбейді ғой?
© 2013 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Разработка и дизайн: kera.zz

Войти или Регистрация