Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Сейтқали ОТАШЕВ. Батаменен ер көгерер

Бата беру- қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Бата беру түрлерінің ішінде – дастарханға бата беру салты, күнделікті өмірде көп кездеседі.

Кейінгі кезде қарт кісілердің арасында да батаны тілек айтумен шатыстырып, шұбыртпа сөзді сұйқылтым жеткізіп жататындары аз емес.

Бата – кемел ойдан туындап, қорытылған алтынның зеріндей көрінетін – көркем тілмен кестеленіп, үйлесімді ұйқаспен, мазмұны берік,айшықты ақ тілекпен адам зердесіне құйылуы керек. Сонда ғана көпшілікті риза етіп, өзіне қаратады. Санаға еніп, қабыл болуы да содан болар.

Ақ батаны да ауызға салатын бір Алла! Сондай бір сәтте ойыма оралған батамды көпшілікке ұсынбақпын. Қажет еткен азамат игілікпен жаратып тұтынса, кәдеге асқаны. Ойынан шығарған адам осы деп, есімімді атап жатса, маған да ғанибет болар демекпін.

 

Ақ бата

 

Иә, құдайым, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

Топтан озсаң, тобыңнан айрылма,

Қанатыңнан қайырылма,

Бірге жүрген сыйласып,

Достарыңнан айныма.

 

Туыс – туған бір болсын,

Айналаңнан кетпесін.

Көңіліңе нұр толсын,

Алтын күн шуақ төккесін.

 

Пәле, жала қашықтап.

Жанұяңа жетпесін.

Бақытты да ғұмырлы боп,

балаларың өсіп - өніп көктесін

 

 

Көрші – көлемеге тату бол,

Білдірмесін өкпесін.

Айналаңа дұрыс қара,

Мәртебеңе жеткесін.

 

Бүгінгінің жастары,

Айтылмақ емес текке сын.

Мақсат қойсын алдына,

Өмірден босқа өтпесін.

 

Соңына ерген жас ұрпақ,

Білімге өрлеп беттесін.

Дәстүрден кетпей қашықтап,

Тәрбиесін ел сөкпесін.

 

Денсаулығың мықты боп,

Ауру – сырқау шектесін.

Қызметте де алда бол,

Айбырой – атақ кетпесін.

 

Жақсылықтармен жарылқап,

Үйіңе Қыдыр кеп кірсін.

Көңілің көкке шарықтап,

Бір Алла өзі жеткерсін!

 

Сейтқали Сабыржанұлы,

Ш.Уәлиханов атындағы № 1 орта мектебінің мұғалімі.

Комментарии  

 
#1 Сарышаян 13.09.2013 15:48
Ойың өте дұрыс, Сейтқали! Бүгінгінің шалдары бата беруді білмейді және жаттап алған бата - бата емес. Әр жағдайға байланысты батаны қысқа да нұсқа берген жөн.
Мысалы: Ас буынан айрылмасын, Еліміз туынан айрылмасын. Арулар асылынан айрылмасын, Ел батырынан айрылмасын! Азамат жақынынан айрылмасын, Шалдарымыз ақылынан айрылмасын, -деп мен де шұбырта аламын немесе Дала түлуісіне, Бала күлкісінен, Тұлпар намысынан, Шалдарымыз намысынан айрылмасын. Аумин
Цитировать
 

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Мұңға толы жыр дәптері

29.05 10:05 Просмотров: 1985

Выдающийся поэт Тургайской степи

14.08 08:08 Просмотров: 1196

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 790

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 784

Жазылған жайдың жаңғырығы

14.02 12:02 Просмотров: 625

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 624

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 1617

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 2081

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 726

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ


© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация