Без флеша

Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка

A+ A A-

Арқалықтың алтын баласы...

Осы бір қағылгез баланың мектеп, қаладағы басқа да көпшілік бас қосатын түрлі іс-шараларының ортасында жүретінін үнемі көзіміз шалатын.

 

Төменгі сыныптардың өзінде Олжас Рауылдың есімі әр жерде мадақталынып, ел аузында жүретін. Құрбыларының ортасын думанға толтырып, жан-жағына нұрын шашып, жайдары мінезімен үйіріп әкететін қабілеті  бар жеткіншек талай игілікті бастамалардың басынан табылады. Өзінен кішілерге қамқор, үлкендерге ізетті жас биыл Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 11-сыныбын бітірді. Алтын ұя мектебімен  қош айтысып үлкен өмірге қадам басты. «Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы – ертеңгі ел болашағы» - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда  осындай жастарымыз көп болса екен деп тілейміз. Ұлт болашағын ойлайтын, елге пайдасы мен берері көп талапты да, таланттыларға артылатын сенім мен үміт жүгін сезінгенге не жетсін?!
Олжас  алгебра, қазақ тілі, тарих пәндерін сүйіп оқиды. Білім мен өнерге құштар балалардың бірегейі. Білімнің баспалдағы мектебінде алған, бойына жиған біліктілігін сынау сынында сүрінбей өтті. Себебі, осы уақытқа дейін сабақтағы жетістіктерімен қатар, алған марапаттаулары мен сыйлықтары да өз басына жетіп артылады. Ол ғылыми жетекшісі, әрі өзінің сынып жетекшісі Айгүл Ахметсапақызымен бірге біраз жетістіктерге қол жеткізді. Былтыр Алматы қаласында өткен республикалық кезеңде ІV орынға ие болса, биыл, Қостанай қаласында өткізілген, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты» атты тақырыпта ғылыми жұмсын қорғап, қазақ әдебиеті секциясында  ІІ орынды жеңіп алды.  Сондай-ақ, 2014 жылы Қостанай қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысып, І орынды қанжығасына байлады.
«Жігітке жеті өнер де аз» - демекші, бойындағы әр түрлі қабілеттерінің арқасында осы күнге дейін біраз жетістіктерге қол жеткізді. Қаламыздағы қосымша білім беру орталығындағы «Азамат» дебат пікірталас үйірмесіне катысып, ораторлық шеберлігін дамытса, «Сәлем» жас тілшілер үйірмесінде журналистика мамандығына бейімделіп, бақ сынап та байқады. Оның қауырсын қаламынан туындаған тырнақ алды  мақалалары қалалық, облыстық  баспасөз беттерінде, республикалық "Мөлдір бұлақ" балалар журналында жарық көрді. Олжас қалалық "Жайдарман" КТК-ның белсенді ойыншыларының бірі. Командаластарымен бірге бірнеше сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға талай қол жеткізді.
Қазіргі таңда «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығындағы «Ботақан» балалар телебағдарламасының жүргізушісі ретінде де көпшілікке жақсы таныс. Тізе берсек жеткіншектің өзінің жасына лайық жетістіктері жетерлік. Көшбасшылық қабілеті, жақсы қасиеттері мен адамгершілігі, азаматтығының өтеуіндей, 2013 жылы «Жастар көшбасшысы» номинациасы бойынша Арқалық қаласы жастарының «Алтын кітабына» есімі енгізілді. Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов Олжасқа салтанатты түрде арнайы сертификат  табыстады.
Еліміз жастардың жарқын болашағы жолында талай ізгілікті істер атқаруда. Соның бірі жоғарыдағы «Алтын кітап». Ел тізгінін ұстаған азаматтарға Елбасымыз  Жолдауында «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек» деген. Патриотизм қазақстандықтардың, әсіресе, жастардың бойында болса,  онда барлық экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси салаларда жұмыстар нәтижелі болады деп ойлаймын — деді.
Ендеше ағалардың ізін жалғастырар, бастаған ісін алға жылжытар өздерің екендігін естен шығармағайсыңдар. Мұндай марапат ең алдымен азаматқа артылатын сенімді білдіретіндігін түсін, үміт пен тілек қатар өрілген тамаша таңдаудың тұғырын аласартпа деп тілейміз. Бар болашағы алда екендігін ескерсек, киелі шаңырағы-отбасы, алтын ұясы-мектебі, алтын бесік-туған жерінің тілегі де, осы армандармен, үміттермен ұштасып жатқандығы айқын.Қандай істі қолға алсаң да, әрдайым жолың болсын, Арқалықтың алтын баласы.


Күлдір Изтелеуова,
Арқалық қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Комментарии  

 
#1 Елдос Тоқтарбай 19.07.2014 21:46
Шындығында, Олжас - талантты бала. Әмбебап. Лайым, жұлдызың жарық болсын! Ұлтқа, Елге адал қызмет ет!
Цитировать
 

ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Предыдущая Следующая

Мұңға толы жыр дәптері

29.05 10:05 Просмотров: 1984

Выдающийся поэт Тургайской степи

14.08 08:08 Просмотров: 1194

Декабрь 86-го: как это было…

10.01 06:01 Просмотров: 790

Артында аңыз болар іс қалдырған

08.12 12:12 Просмотров: 782

Жазылған жайдың жаңғырығы

14.02 12:02 Просмотров: 625

ПОСЛЕДНИЕ ИНТЕРВЬЮ

Предыдущая Следующая
Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

Благоустройство города. Планы на завтра. В гостях arknews.kz глава отдела ЖКХ акимата города Кайрат ГАЛИН

22-05-2013 Просмотров: 623

В прошлом году была проведена оживленная работа по благоустройству города. Сделано было немало. Появились десткие площадки во дворах, было установлено освещение...

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

«Ел ертеңі - жастар» - дейді Дархан Жоламанұлы

22-05-2013 Просмотров: 1615

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі егеменді елдің болашағы үшін қызмет етер жастарымызбен тығыз байланысты. Мемлекет керегесінің кеңдігі,...

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын: Қазіргі жастарды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр

09-04-2013 Просмотров: 2078

Ұстаздар  қауымының  барлық  адамзат  баласына  білім  беріп, ұлтты  ұйыстырудағы, Ыбырай  салған  ізді  жалғастырудағы өнегесі  әрқашанда  шәкірттеріне  ұлағат. Сол  Ыбырай  атамыздың  армандаған ...

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

Серик БАЙТУРОВ, представитель фонда "Даму" по г. Аркалыку: Льготные кредиты выдаются в сумме до 750 млн тенге

09-04-2013 Просмотров: 725

Начиная с нынешнего года вступает в активную фазу реализация Программы развития моногородов. Как известно, государственная Программа была инициирована Главой государства и...

Комментарии рубрики СТАТЬИ


© 2014 Arknews.kz - новостной портал города Аркалыка. Все права защищены.

При использовании материалов сайта активная сссылка на сайт arknews.kz обязательна!

Created by keraline.kz

Войти или Регистрация