Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111
Loader

Жуырда «Арқалық хабары» газетінің редакциясында зейнеткер қоғамдық тілшілердің қалалық «Арқалық хабары», «Торғай» газеттерінің қызметкерлерімен бірлескен кеңесі болып өтті.


Бұл жиын – қалалық ардагерлер ұйымындағы «Қазыналы қариялар мектебінің» бастамасымен жүргізілді.


Келелі кеңеске газет редакторларымен қатар қызметкерлері және он шақты қоғамдық тілшілер қатысты. Олардың қатарында, газет бетінде үнемі өзекті мәселелер мен тәрбиелік мазмұндағы мақалалар, естеліктерге, өлең-жырларға қалам тартып жүрген ардагерлер болды. Әсіресе, Х. Досжанов, О. Алмат, Ш. Байділдин, Ж. Ғапбасов, Қ. Ағуанов, Қ. Қазымбеков, М. Жапаров, С. Оташев біраз жылдардан бері қалалық газеттермен байланыстарын үзген жоқ. Баспасөздің бұқаралық сипатта көрінуіне өз үлестерін қосып келеді.


Газеттеріміздің оқырмандары алдындағы беделінің артуы үшін не қажет? Осы төңіректе кеңеске қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Қаламызда биылғы жылы атап өтілетін айтулы мерекелердің газет бетінде айшықты да әдемі көрсетілуін, жан-жақты толықтырыла жазылуын – басты міндеттерінің бірі деуге болады. Олардың бастылары: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл, қаламыздың 60-жылдығы, республика тәуелсіздігінің 25 жылдығы т.б. мерекелер.


Кеңесте зейнеткер тілшілер көкейде жүрген ойларын ашық айтып, газеттің болашағына жанашыр сезімдерін жеткізді. Газет редакторы Қ. Есмағанбетов алдағы жоспарларымен бөлісті. Қоғамдық тілшілерге шын көңілден алғысын айтты. Кеңес газет пен оқырман байланысының үзілмейтінінің айғағы болды.

  1. Вконтакте
  2. Инстаграм