Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

Дүйсенбі күні Арқалық қалалық мәслихатынының кезекті сессиясы болып өтті. Жиынға Қостанай облысы тексеру комиссиясының мүшесі Бейбіт Сағадиев қатысты.

Күн тәртібінде Арқалық қаласының 2015 жылғы бюджетінің орындалу есебі тыңдалып, депутаттардың келісімімен бекітілді. Жиынды Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов жүргізді. Президиумда мәслихат хатшысы Сабыржан Тасмағанбет пен кезекті сессия төрайымы Гүлбану Елтебаева сессия жұмысын жүргізді.

Сессияда Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Анар Мұхамбетжанова есеп берді. Профильді мекеме басшысының мәліметі бойынша, Арқалық қаласы бойынша 2015 жылғы кіріс мөлшері 4 миллиард 280 миллион теңгеге жуық қаражат түскен. Оның ішінде салық – 1 миллиард 285 миллион теңге шамасында, салыққа жатпайтын кірістер 25 миллион теңге көлемінде. Негізгі капиталды жүзеге асырудан түскен қаражат 33 миллион теңгені құраса, трансферт арқылы 2 миллиард 935 миллион теңгеге жуық қаражат түскен. Жалпы шығыс мөлшері 4 миллиард 298 миллион теңгеге жуық.

Ескертулер мен ұсыныстарымен Қостанай облысы тексеру комиссиясының мүшесі Бейбіт Сағадиев мінбеден сөз сөйледі. Баяндамашы өткен жылғы тәжірибеге сүйене отырып, 2016 жылдың көрсеткіштерін оңалтуға нақты ұсыныстарын жеткізді. Баяндамалардан соң Арқалық қалалық мәслихатының депутаттары бірауыздан дауыс беріп, жылдық есепті бекітті.

 

«АХ»

  1. Вконтакте
  2. Инстаграм