Бұл жөнінде  № 2-ші бағыттағы жолаушылар  тасымалы үшін өткізілген тендер барысында айтылды. Байқауға Төлегенов Ж. және Төлегенов М. аталатын екі кәсіпкерлік қатысты. Тендерге Қостанай облыстық Көлік инспекциясының бас маманы Н.Кәрібай арнайы келіп, жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің техникалық және құжаттық талаптарға сай келуін қалалық мәслихат хатшысы С.Нұрсалиұлы және «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Сейітжанұлы да қарап шықты. № 2-ші бағыттағы жолаушылар тасымалына  қай кәсіпкерліктің көліктері сай келетіндігі және қызмет көрсетуші тарап ұсынған жол жүру құнын 50 теңгеге көтеру мәселесі қалалық әкімдік жанындағы бағалау комиссиясының алдағы отырысында қаралып,шешімін табатын болады.Сондай ақ, партиялық бақылау комиссиясы қала ішілік бағыттағы көліктердің аралық жол жүру уақытын да жиі бұзатындығын ортаға салып, осыны да бір тәртіпке келтіру қажеттігін айтты.  

У вас нет вкладок для отображения