Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

Тәуелсіздік алғалы бері  еліміз өзіндік даму  жолына түсіп,  экономикамыз да, басқада мемлекетті қалыптастыратын негізгі тетіктер қарқынды дамып келеді. Елбасы қашанда жарқын бастамалардың жаршысы, алдағы өмірді айқындай білетін бағдарлаушы іспеттес, оның сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын халқымыздың әл-ауқаты артып,  еркіндікті ту еткен егемен еліміздің мәртебесі шыңдалып отырғанын байқауға болады. Әлемдік аренада  ойып түсер орын алатын Қазақстанды дамыған  30 елдің қатарына енгізуге  мүмкіндік беретін Президенттің "100 нақты қадам”  Ұлт жоспарымен бір адамдай болып танысып шықтық. Байқағанымыздай, әр қадамның ерекше қоғамдық-саяси маңызы бар, онда  кәсіби мемлекеттік аппарат құру,  заңның үстемдігін қамтамасымз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім,  біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру  секілді ауқымды мақсат-міндеттер қойылған.

Қазақстан дамуның 25-жылдығында жүргізіліп жатқан күрделі реформалану нәтижесінде әділ сот үдерістеріне халықтың қолжетімділігі арта түсуде. Былтырғы жылдың өзінде осы бағыттар бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылдың басынан бері сот органдарының автоматтық жүйесі жұмыс жасай бастаған. Ақпараттық технологиялар да сот өндірісіне енгізілді, ал бұл дегеніңіз бюрократиялық кедергілерді жоюға ықпал етіп, сот жүйесінің ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізіп жатыр.

Шындығында, сот жүйесінің бес сатылық үлгісі Кеңес Одағынан бері келе жатқан әрі әлем елдерінде қолданудан қалып бара жатқан ескі үлгі болды. Ал дамыған әлем елдерінің басым бөлігі үш сатылы жүйеде қызметті жандандырып отыр. Яғни, Қазақстан сот жүйесіндегі осындай оң өзгерістер арқылы халықаралық стандарттарға бір қадам жақындай түскені сөзсіз.


Жаңа реформаға сәйкес, облыстық соттарда  тек апелляциялық сатылар ғана қалды, ал кассациялық саты Жоғарғы Соттың құзырына енді.
Реформа аясындағы екінші бір басты мәселе - кәсіби сот жүйесін дамыту. Азаматтардың сот жүйесіне сенімділігін арттыру көп жағдайда судьялардың кәсібилік деңгейіне байланысты болып табылады. Сондықтан да, Елбасы судьяларға қатысты қойылатын біліктілік талаптарын күшейтіп, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетігін қатайтуды жүктеді.


Тағы да реформалар аясында соттардың есептілігі де күшейтіле түсті. Бұл ретте судья этикасына арналған жаңа кодекс әзірленуде, ол күзде өтетін 7-ші республика судьяларының суъездінде қабылданады деп жоспарлануда. Оның негізінде ҚР Жоғарғы Сотының жанынан құрылатын арнайы сот алқасына судьялардың әрекеттеріне шағымдану үшін заңды және жеке тұлғалардың құқықтары кеңейтіле түсті. Жалпы, Жоғарғы Сот жағында екі комиссия жұмыс істейтін болады.

Қазір барлық сот процесстерінде аудио-бейне жазбаларды енгізу қажеттігі туындады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Судьялар съезінде судьялар корпусының кәсібилігін арттыру маңызды екенін, ешкімнің де қателік жібермейтініне кепілдік жоқ екенін, бірақ, судьялар жұмысындағы қателіктер барша қоғам үшін және әрбір адам үшін қымбатқа түсетінін, судьяларға заң атынан әділеттілік үшін әрекет ету сеніп тапсырылғанын, бұл оларға екі есе жауапкершілік жүктейтінін, бұл міндеттің шешімі ең алдымен сот құрылымы жүйесін жаңғыртуды қажет ететінін айтты.

Президенттің судьялардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейтуі заман талабынан туындап отырған мәселе. Себебі Ата Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, сот төрелiгiн іске асыру өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болып табылатын мемлекеттің лауазымды адамы судьялармен жүргізілетіні белгіленген.


Білікті маман судьямен қабылданған сот актілерінің сотқа жүгінуші тараптардың наразылығын тудырмайтыны, азаматтардың мемлекетке, сот билігіне деген сенімінің артуын, олардың конституциямен қорғалатын құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуінің кепілі.

Тәуелсіздік жылдарында соттар бұрынғы партиялық саясат кезіндегі бодандықтан ажырап, өздерінің жұмысына, судьялар қызметіне қатысты қарапайым қағаздан бастап, зәулім ғимаратқа, заманауи техникалық құрылғыларға дейінгі материалдық мәселелердің барлығы дерлік шешімін тапты. Бүгінде бәрі ерекше заманауи келбетке ие. Осының барлығы біріншіден халық игілігіне жасалып жатқан шара, бұрынғы өткен съездердің жемісі. Ашық ойлар алаңы әр аймақтан келген судьялардың еркін ой-пікір алмасуына, сот жүйесінің дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына, сот жүйесінің материалдық базасының нығаюына айтарлықтай ықпалын тигізеді.

Судьялардың 2013 жылдың 20 қарашасында өткен VI съезінде сот саласындағы соңғы 4 жыл көлеміндегі атқарылған сан-салалы жұмыстары таразы басына салынып, сараланды. Съезде елбасы қазақстандық сот жүйесінің алдына бірқатар мәселелер қойып, абыройлы міндет жүктеген еді. Кейін, осы жұмыстардың жоспарлы түрде жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынып, онда құқық қорғау органдарына қатысты жүзеге асырылатын қадамдарды «Заңның үстемдегін ету» бөлімінде жіктеді. Одан бері де біраз уақыт өтті. Ұлт жоспары жүктеген міндеттер бүгінгі күні  толық орындалды деуге болады.

Қазақстандық сот жүйесі көрсеткен қызметті қолдану аясы бойынша ыңғайлы, ал құқықтық қорғауы басқа дамыған мемлекеттердікіндей бекем бола түсуі керек.  Осы бағытта Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бөлімі жасақталған болатын.

Сот жүйесі өзінің даму тарихында Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарауға арналған, мамандандырылған алқа құрылды.  Ол даулар бойынша тараптар ірі инвесторлар болуы шарт. Ұлттық сот жүйесін жетілдіріп, экспертті кеңестер беретін Халықаралық Кеңес құрылды.
Жоғарғы сот жанындағы сот жюриі қайта құрылып, оның құзыреті екі комиссияға бөлінді.

Осы жылдар аралығында еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық және Азаматтық процестік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамалары күрделі өзгерістерге ұшырады.

Сондай-ақ, тергеу судьясының өкілеттіліктері күшейтіліп, алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің ауқымы артты, азаматтық істер бойынша прокурордың қатысуы шектелді. Судьялыққа өтуге үміткеркерлерге қойылатын талаптар да күшейтілді.

 

Арқалық қалалық

отының судьясы                                                      Л.Ж.Әбішева

Комментарии Разное

  1. Вконтакте
  2. Инстаграм