«Арқалық хабары» газетінің алғашқы санының шыққанына, міне, 10 жыл толғалы отыр. Осы онжылдық ішінде газет дамудың даңғыл жолына түсіп, Арқалықтың ақпараттық айдынында өзіндік орнын тапты. Газеттің онжылдық тарихы – қала тарихының ажырамас бөлігі. Бұл басылым оқырмандар қауымына қаламызда болып жатқан жаңалықтардың жаршысы ғана емес, оның өзіндік жылнамашысы болды десек те артық айтқандық емес. Бұған он жыл бойы шығарылған газет тігінділерін парақтағанда көз жеткізуге әбден болады. Онда осыншама уақыт аралығында болған қаламыздың айтарлықтай жетістіктері мен оқиғалары жазылған. Бұл ретте «Арқалық хабары» газеті мен ондағы журналистердің еңбегін бағаламау мүмкін емес. Себебі, «Арқалық хабары» әркез мемлекеттік саясаттың насихаттаушысы болып келеді. Ол оқырмандар мүддесін алға қойып, жергілікті билік саясатының, қаламыздағы мемлекеттік органдар қызметінің ашық болуына ақпараттық қолдау көрсетуде.
Редакция ұжымын 10-жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да газет өз бағытынан аумай, жемісті қызметін жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Журналистердің кәсіби шеберліктері арта берсін, оқырмандар қауымының қатары қалыңдап, олардың арасындағы өзара сыйластық пен құрмет нығая берсін дегім келеді.
Арқалық қаласы әкімінің м.а. Ерлан ТЕМЕНОВ
С 10-летием газеты
«Аркалык хабары»!
Исполнилось 10 лет со дня выхода первого номера газеты «Аркалык хабары». За свою десятилетнюю историю газета прошла путь становления и развития, прочно завоевав свою нишу на информационном пространстве Аркалыка. Десятилетняя история газеты – это частичка истории города. Ведь газета не просто информирует читателя о событиях из жизни города, но и является, своего рода, летописцем. В этом можно убедиться, пролистав подшивки газет. В них отражена история города, запечатлены знаковые события и достижения. На этом фоне трудно переоценить значение газеты «Аркалык хабары» и значимость труда журналистов. Ведь газета «Аркалык хабары» всегда была проводником государственной политики. Она служила интересам читателей, освещая политику местных властей, обеспечивая прозрачность деятельности местных государственных органов.
Поздравляя коллектив редакции с 10-летним юбилеем, выражаю уверенность в том, что и впредь редакция газеты будет оставаться верна своим традициям. Пусть растет профессионализм журналистов и ширится читательская аудитория, основанная на взаимном уважении и доверии.
И.о. акима Аркалыка Ерлан ТЕМЕНОВ