Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111
buy xanax online no prescription

buy xanax online

Оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы, қаламгер Шөптібай Байділдин 70 жаста

 

xanax online no prescription

Қазір материалдық игіліктерді алға қойып, капитализмнің қапқанына түскен нарық заманында жаһандану атты жалмауыз халықтық, ұлттық болмыс, салт-дәстүр, тіпті тарихтың өзін бұрмалап, көмескілеп жібергендей. Міне, ұлттың біртұтастығына, оның өзгешелігіне, өміршеңдігіне қауіп төндірген жаһандану құбылысына төтеп беруші күш қазіргі таңда некен-саяқ. Өткеннің құндылығы өшіп барады, тарихтың сабағы ұмыт болып барады. Ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тағылымға толы тарихын кейінгіге аманат етер қазыналы қариялардың қатары сиреп барады.

xanax online pharmacy

Дегенмен де, өткеннен өнеге алып, дәстүріміздің дәнін сеуіп жүрген, ұлт, ұрпақ қамын ойлаумен маңдай терін төгіп жүрген қарияларымыз арамызда жоқ емес. Уақыт алға жылжып, рухани, адами құндылықтарымыздың құнын жоғалтып бара жатқанда, кеудесі алтын сандық азаматтар біздің қаламызда да тынымсыз еңбек етіп келеді. Міне, осындай көпті көрген, көпті көкейіне түйген, көріп, біліп қана қоймай, баға жетпес мол өмірлік тәжірибесі мен білімін өскелең ұрпаққа мирас етіп жүрген азамат – Шөптібай БАЙДІЛДИН десек артық айтқан болмаспыз.

xanax for sale

Ағамызды жоғарғы оқу орнын бітіріп, туған елге – Арқалыққа келген сәттен етене танып, оның еңбекқорлығына, білімділігіне, тарихқа деген ақ адал көзқарасына тәнті болдым, оның ұлтқа деген жанашырлығына куәгер болғанмын. Ол кезде сары ауыз балапан іспеттес, тілші қызметін төл газетім «Арқалық хабарында» енді бастап, журналистика атты дария көлдің қыр-сырына енді қанығып жүрген шағым еді. Сол кезден-ақ ағамыздың тарыдай шашылған тарихи деректерді жинап, оларды жүйелі түрде топтастыруы, шалғай түкпірдегі елді-мекендерде тұратын көргені мен естігені көп ақсақалдардан, жалпы халық аузынан естіген әңгіме-деректерін қағаз бетіне түсіруі, түсірудегі тиянақтығы, жинақылығы таңқалдырған еді. Шынтуайтына келгенде, көптеген журналистпін деп жүрген қалам тербеуші кәсіби тілшілердің жұмысынан кем түспейтін, тіпті мазмұны мен маңыздылығы бойынша асып түсетін дүниелерді туындатуы кім-кімнің де таңдай қақтыратыны хақ.

xanax online pharmacy

Бұл ретте айтуымыз керек, ағамыздың бір ғана «кемшілігі» бар. Ол не «кемшілік» дейсіз ғой. Тырнақша ішіндегі кемшілігі – мақалаларының көлемдігі. Алақандай газет бетіне мазмұны терең парақ-парақ мақалаларды сыйдыру біз үшін, газетшілерге, қиямет-қайым. Әрине, бұл ағамыздың әр іске жан-жақты келіп, әр уақиғаны егжей-тегжейлі баяндауына құлықтығын байқатса керек. Редакцияға әкелген мақаласын оқып шығып, оны қысқартуға дәтің де бара бермейді. Себебі, әр сөйлем мақаланың біртұтастығын қалап-қашап тұрғандай. Бір сөйлемі күзеліп, қырқылса, мақаланың жүйелілігі де бұзылады. Сол себептен, Шөптібай Байділдин ағамыздың қаламынан туындаған дүниелерді мүмкіндігінше толық нұсқада басуға тырысамыз, оқырманға тұтас жеткізуге амал іздейміз.

xanax for sale

Не десек те, ағамыздың шығармашылығын, публицистикалық туындыларын баспасөз форматына ығыстыру әсте мүмкін емес. Газетте шықпай қалған жазбалары бір емес, бірнеше том болып шыққан кітап-жинақтарында жарық көрді. «Қазақтың ою-өрнектері», «Оюмен ой айтқан елміз», «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым» (екі томдық жинақ), «Кейкі батыр» және тағы сол сияқты кітаптары өз оқырмандарын тауып, көне дәстүріміз турасында, тарих бетіндегі ақтаңдақтардың бізге беймәлім болған ақиқаты хақында көптеген тың дүниелерге сәуле жүгірткені шындық.

buy xanax online without prescription

Қазақтың басына қандай нәубет түспеді десеңізші... Сонау жоңғар шапқыншылығы кезендегі «Елім-ай» деп еңіреген Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама сияқты халыққа төнген қара бұлт, онан бері талай ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, дін мен тіл тамырына балта шапқан кеңес үкіметінің кесапаты – бәрі-бәрі тарихымызға таңба болып басылып, халықтың көз жасын көл қылғаны ащы да болса ақиқат. Осынау аумалы-төкпелі, аласапыран замандарда халықтың ішінен суырылып шығып, ұлт тағдырын, мұңын шаққан, ұлттың дінін, тілін, ең бастысы Азаттығын сақтауда арын емес, жаны мен тәнін құрбандыққа шалған қаншама қайсар жүректі ата-бабамыз болған. Солардың ерлікке толы өмірі мен ұлтты аман сақтаудағы қыруар еңбегі тарих беттерінде аталғанымен, көбісіне қатысты деректер көлеңкеде қалып жатқаны рас. Мысалы, репрессия құрбаны Шіменбай Әлшорин көзі тірісінде құйтырқы саясат салдыранан талай ауыртпалықты өз басынан өткергені көп жерде атала бермейді. Ш. Байділдин осы кісінің қуғын-сүргінде жазған еңбектерін, өлең шумақтарын қалың жұртшылыққа жеткізіп, бірталай еңбек еткен. Тіпті, «Жазықсыз жапа шеккен» деген атпен арнайы зерттеу нәтижесінде жарыққа шыққан кітабын оқырмандарға сыйлаған. Одан қалды Сатыбалды ишан, Файзолла ишан, Назаралы, Құлымбет, Күмісбай, Баймағамбет әулиелер, Торғай көтерілісінің басшысы болып, халықты бастаған Әбдіғапар хан Жанбосынұлы, құралайды көзге атқан мерген, аты аңызға айналған Кейкі, Аманкелді батырлар сияқты тұлғалар жайында, тіпті Ұлы дала елінің соңғы ханы, азаттық үшін арпалыстың символына айналған хан Кене туралы тың деректер Ш. Байділдиннің зерттеуімен, жан-жақты мағлұматтарды зерделеуімен қазіргі таңда тарихымызды жаңа қырынан көрсетіп жатқан жайы бар. 

Күні кеше премьер-министр Кәрім Масимовтың мұрындық болуымен, ресейлік кунсткамера арыстарымыздың бас сүйегін Отанына оралту жөнінде әзірлігін айтып, көзі қарақты, көкірегі ояу қалың қазақты елең еткізіп, қуантқанын жаңалықтардан естідік. Кенесары ханның басы табылмаса да, осы өңірдің мақтанышы, орыс басқыншыларымен күреске өмірін құрбан еткен Құлан Кейкі батырдың бас сүйегі туған топырақта мәңгілік тыныштық табары әбден мүмкін. Атақты аталарымыздың аруағы тынышталсын деп жасалған бұл игілікті істі жетілдіріп, мәресіне жеткізген, билік деңгейіне жетуі жолында талай азаматтар өз үлестерін қосқанын бәріміз де білеміз. Солардың қатарында Шөптібай ағамыздың да еңбегі жоқ емес.  

Он саусағынан өнер тамған ағамыз өз ісінің майталманы. Әңгіме басында айтқанымыздай, Ш. Байділдин – дәстүріміздің дәнін сеуіп жүрген жандардың бірі де бірегейі. Яғни, халқымыздың төл нақышы – ою-өрнек өнерін жаңғыртуға, дамытуға, ілгері жылжытуға, насихаттауға, дәріптеуге бірталай тер төккен. Ол ою-өрнектің 1500-дей жаңа түрлерін жасаған. Ою-өрнектері 1992 жылы Түркияда, 1996 жылы Америкада өткен Атланта олимпиадасында қойылған. Ою-өрнектері «Мәдени мұра», «Мәдениет», «Жұрағат», «Арай», «Алға» журналдарында, бірқатар республикалық газеттерде жарық көрген. Астанада Тұңғыш Президент мұражайында, Астана мектептерінде, Алматы қаласында және Қостанай, Арқалық қалаларында жеке көрмелері өткен.

Осыншама қыруар еңбектің басты жемісі, ол, әрине, халықтың оң бағасы. Ағамыз ешқашанда кеудемсоқтыққа, менмендікке салып, еңбегінің еленуін талап еткен емес. Еңбегін бағалаушы, құндаушы – халық. Билік тарапынан да мансап, атаққа құмартқан жан емес. Керісінше, халық өзі ұсынып, еңбегіне әділ төреші болғанын көріп жүрміз. Арқалық қаласының құрметті азаматы, бірталай республика, облыс, қала басшылығынан мақтау қағаздар мен Алғыс хаттар иегері, Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері және тағы басқа жетістіктері сөзімізді қуаттайды.

Жасы жетпістің жотасынан асқалы тұрған асқаралы ағамыздың жүріс-тұрысы, парасаттылығы, кішіге де, үлкенге де мейірімділігі, мәдениттілігі, сыпайылығы нағыз қазақтың сері жігіттеріне тән қасиеттер. Осындай адамгершілік қасиеттері, өнерлілігі, еңбекқорлығы – бәрі-бәрі ағамыздың бойындағы тектілікті, тәрбие көргендікті аңғартып тұр. Тектілік демекші – Ш. Байділдин Ұлы дала қолбасшысы, жарты әлемді жаулаған Шыңғысханның тікелей ұрпағы. Қазақты жарты мыңжылдық уақыт бойы билеген төрелердің, сұлтандар мен хандардың төл перзенті. Бұл тектілік те ағамыздың мінез-құлқына өзіндік қолтаңбасын қалдырмай қойған жоқ. Осыдан бірер жыл бұрын Ш. Байділдин Моңғолияда өткен төрелер құрылтайына қатысып, қазіргі төрелердің арнайы сертификатын алған еді. Оған қоса, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған арнайы мерейтойлық медальдің иегері. Тектілігіне серілігі сай Ш. Байділдин әрқашанда қарапайым қалпынан ажыраған емес. Бұл да болса оның шоқтығы биік, рухы асқақ азамат екенінен хабар беріп тұрғандай.

«Отан – отбасынан басталады» дейді. Ұлтқа деген жанашырлық, ең әуелі өз жанұяңа деген махаббаттан туындайтыны заңдылық. Осыдан да болар, Байділдиндер әулеті нағыз қазақи қалыпты сақтаған жанұяларды бірі болып келеді. Ағамыз жалындаған 20 жасында отау құрып, өнегелі отбасының отағасы болған екен. Міне, бүгін, сол сәттен жарты ғасыр уақыт зымырап өте шығыпты. Қазіргі таңда Азиза анамызбен бірге немерелерін сүйіп отырған жайы бар. Ұл-қыздары өмірде жолдарын тауып, бір-бір шаңырақ иесі атанған. Ағамыздың 70 жас мерейтойы мен 50 жыл Алтын тойларымен шын жүректен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, таусылмас күш-жігер және шалқар шабыт тілейміз. Бұл тілегімізге қаламыздағы барша ағайын да қосылады деген сенімдеміз, себебі Сіздің елге сіңірген еңбегіңіз – баршамызға да шарапатты, ізгілікті істер. Сіздің еңбегіңіз әлі талай ұрпақтың кәдесіне жарап, алғысына ие болатыны сөзсіз. Әлі де атқарар игілікті істеріңіз  көп болсын! Мерейтойыңыз құтты болсын!

 

Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

Комментарии Статьи

Объявления