Әлем ғарыштап дамып, қарыштап қанат қағып келе жатыр. Бүгінде, зымырандай зымыраған уақыттың тізгініне ие болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, таңертеңгі жаңа туынды кешке өз өзектілігін бәсеңдетіп, оның орынына тың өнертабыстар келіп, ғылым мен техника, өнер мен білім адам айтқысыз жылдамдықпен алға жылжып келеді.
Осынау қарбалас кезеңде, Қазақстан жастары уақыт, заман талабына сай, әлем елдерімен бәсекеге түсе алатын қабілетке сай болмай жүргені көңілге қаяу түсіреді.
Рас, біздің бірсырыпа белсенді жастары қоғаммен етене араласып, ғылым-білімнен жаңалықтар ашып, халықаралық олимпиядалардан жүлделі орындар иелеп, түрлі өнертабыстар ойлап тауып өз деңгейлерінде табысты қызмет жасап жатыр. Мұны жоққа шығаруға болмас. Мысалы: Арқалық қаласының «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастары түрлі тренингтер, іс-шаралар, қайрымдылық концерттерін, қарттар мен жетім баларға көмек және тағы басқа да игі істерді атқарып келеді.
Бірақ, бұл жастардың бір парасы ғана. Жастардың көпшілігі қоғаммен араласып, халыққа көмектесу арқылы өз болашағына да жол ашудың орнына, басқа ермек тапты. Бұл - әлеуметтік желілер. Адам жақсылыққа қарағанда жамандықты тез қабылдайды. Әлеуметтік желінің пайдасына қарағанда зиян жағын, яғни, алтыннан қымбат уақытты босқа өлтіру, пайдасыз жазбаларды оқу, теріс ағым мүшелерінің ықпалына түсу қаупі, жақын адамдарына көңіл бөлмеу – бәрі айналып келгенде пайданың көзі болып отырған әлеуметтік желілер.
Әлеуметтік желілерде көп отыратын жастардың басты себебі – қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық. Бұған қоса, біз көрмеген қызықты осылар көрсін, бізде болмаған заттар балаларымызда болсын, біз кимеген киімді осылар кисін, бізде болмаған заттар балаларымда болсын деген әке-шешенің дұрыс емес сана сезімі. Мысалы: әлеуметтік желіде отырып, басқалардың қымбат мейрамханаларда түскен, қымбат киімдер киген, шет елдерде қыдырып жүрген «мақтаншақ» суреттерін көрген жастар, қызыға да, қызғана да қарары сөзсіз. Осыдан келіп, ата-анасына салмақ салып, «аша керектің»астана алып, пайдалы рухани құндылық жинайтын кітаптар сатып алып оқуды орнына, бұл да өз «мақтаншақ» суреттерін әлеуметтік желілерге шығарып, бір «жеңілдіп» қалады. Осыдан келіп, әлеуметтік желілерге тәуелділік туындайды. Шынтуайтына келгенде, ата-ана балаларына материалдық қажеттілікке қарағанда идеологиялық жақсы тарбие беру керек.
Жастайынан сұрағанының бәрін алдына әкеліп жаман үйренген бала, өсе келе осы әдетінен танбайды. Әке-шешесі үйін, машинасын алып береді, жұмыс таба алмаса параны беріп отырып жұмысқа орналастырады. Не керек бәрі дайын. Ішкені алдында, ішпегені-артында. Адам баласын азғандыққа, енжарлыққа, берекесіздікке алып келетін кесапат-осы.
Бұған қоса, халықта бәсекелестік бар. Ашып айтқанда: «Бәленшенің баласы ағылшын үйреніп жүр екен, менің балам неге бармасқа?» деген ой туындап, баласын қосымша курстарға береді. Әрине, бұл – жақсы бастама. Ағылшын тілін меңгерсе жоғарғы оқу орынан түседі, жұмыс табады, бай болады. Осының барлығы, түптеп келгенде, материялық қажеттіліктің шекарасынан аспайды. Бұны әлде-қайда жоғары – ел болашағына бағыттау дұрыс шешім болмақ.
«Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық аздырар адам баласын» - деп атқан Абай атамыздың осы сөзінде үлкен мән жатыр. Әрине, барлық мәселе түптеп келгенде ата-ананың дұрыс тәрбие бере алмауында. Баланы ақшаның құнын, өмірдің мәнін, білімнің мәртебесін,өнердің бағасын түсіндіріп, тал бесіктен тәрбиелесе, «бала жастан» дегендей, елін сүйер, от басын, отанын сүйер азаматтар болып өсіп, ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер дегендей, болашақта өз балаларына да сол жақсы тәрбиені беріп, ұлттың өркендеуіне өз үлесін қосар еді. Әрине, бірақ бұл біздің қоғамада, енжар жастар, құлқын тескен адамдар арасында әлі өз шешімін таппаған өзекті деген мәселелерің бірі. «Жастар бұзылған, жастар дүниенің қадірін білмейді, жастар жалқау» деп үлкендер өз ойын айтып жатады. Бұлай болудың себебі неде? Жастарға дұрыс бағдар берудің, жол көрсетіудің орнына, қолына ақша ұстатып еркіне қоя беруде.
Бір ұрпақтың орынына келесі ұрпақ басады. Аға буын өмірден озғанда жастар, оң мен солынан хабары жоқ, алдына дайын нарсені әкелуге бейімделген телефон милы жастар еңбекке қаблетсіз болып шыға келеді. Мамандар жетіспей, сатып алған дипломымен жұмыс істей алмай, мемлекет бюджетіне орасан зор шығын әкеледі. Бұл жастардың азғындалып, жақсыға емес жаманға еліктеуінен туындап отыр.
Ал, енді осы мәселеден шығудың жолы неде? Бұл әр бір жас отбасын құрған жастарға тәрбиенің маңызын түсіндіру. Педагогиканың тек педагогтарға ғана емес барлық маманық иелерінің оқу бағдарламасына енгізу, жалпы айтқанда халықтың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру. Әке-шешенің баласына дұрыс тәрбие беру керектігін түсіндіріп, оқыту.
Әрине, бұл процесс бірден орынадала қоймасы анық. Сондықтан болашақ жастарды бала кезінен бастап педагог – ата-ана – оқушы арасындағы байланысты арттырып, бүлдіршін кезінен бастап тәрбиені дұрыс жолға салу.
Сондықтан, құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесіне баса мән беріңіздер. Себебі, сіздер, тек өз ұларыңыз бен қыздарыңыздың болашағын ғана емес, Қазақстан-отанымыздың болашағын тәрбиелеп жатсыздар. Қазақстантың болашағы жастар болса, жастар-сіздердің қолдарыңызда!
Рәнә Екпін,
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының
Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 4-курс студенті.
Арқалық қаласы.