Облыстық қазақ жасөспірімдер театрында белгілі қаламгер Шойбек Орынбайдың «Тозаңды терезе» спектаклі көрермен назарына ұсынылды.


Спектакльдің қоюшы режиссері Ғ.Арынов болды. Қойылымда ауған соғысынан мүгедек күйінде оралған азаматтың арбаға таңылған азапқа толы ғұмыры, өзгелердің азғыруынан шаңырағы шайқала жаздаған отбасы, бір-біріне адал ғашық жандар бейнесі,сонымен қатар аз да болса Сталинге деген халықтың сол кездегі көзқарасы көрініс тапты.
Басты рөлді ҚР Мәдениет қайраткері О. Нұрғали өз деңгейінде сомдап шықты. Театр әртістері Е. Барақов, Б. Ордабаева, Ұ. Сейдахметова , Г. Балғынбевтар қолдарынан келгенше өз кейіпкерлеріне жан берді. Спектакль көпшіліктің көңілінен шығып , театр әртістері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Айта кету керек, бұл кезекті театр маусымының алғашқы қойылымы. Шығармашылық ұжым әлі де қала тұрғындарын жаңа қойылымдармен қуантпақ.


Асылайым БЕКМҰРАТ