Талай жас жеткіншекті өнер әлеміне жетелеп, талабын ұштаған ұстаз Қарлығаш Жақыпбекованың қаршадай әншілері жуырда кезекті жеңіспен оралды.
buy xanax no prescription
Еске сала кетсек, қала көрермендерінің көзайымына айналған «Інжу маржан» вокалдық тобы республикалық «Ақ көгершін» жастар шығармашылық фестивалінің жеңімпазы атанған болатын. Бұл жолы аталмыш фестивальда вокалдық топ әншілері жеке-дара бақтарын сынады. Мақтанарлық жайт, өнерлі өрендердің барлығы да жүлделі орынға қол жеткізіп, ұстазының, жанкүйерлерінің сенімін ақтап келді.
Жеке орындауда Ақмарал Жәнкіш пен Жәнібек Сәбитбек бірінші орын лауреат атанса, Әділхан Мырзағалиев екінші орынды, Дамира Жүсіпова мен Айдана Қозбақова үшінші орынды жеңіп алды. Республиканың жер-жерінен талай талантты өнерпаздарды жинаған бұл фестивальда бәсекелестік жоғары болғаны айтпаса да түсінікті. Осыған қарамастан, шынайы талантымен, ашық, әуенді дауыстарымен көпшілікті тәнті қылған қаламыздың қаршадай әншілері биіктен көріне білді. Жас орындаушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын!