Желтоқсан айының 14 жұлдызында сағат 18.00-де Қазақ жасөспірімдер театрында М. Байсеркеновтың «Кенесары сұлтан» атты тарихи драмасының премьерасы болады.

Тарихи қойылымның бас режиссері Ибрагим Ниязбеков. Қоюшы суретші Еркін Мергенов.

Театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Жұмабаеваның айтуы бойынша, тарихи драма Қазақ хандығының 550 жылдық меретойы аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындысы ретінде ұсынылмақ. Еске салар болсақ, Облыстық Қазақ жасөспірімдер театрының әртістері ақпан айынан бастап Елордамызда, облыс орталығында өнер көрсеткен еді.

Тарихи драма екі бөлімнен, төрт көріністен тұрады. Режиссер мен әртістер көрініс арқылы Кенесары тұлғасының тарихи мән-маңызын ашуды мақсат тұтады. Бас кейіпкерді республикалық театрлар фестивалінің лауреаты Ерхан Барақов сомдайды.

Комментарии

даулетхан абилхаир
#1 даулетхан абилхаир 31.01.2018 01:00 Цитировать
жасөспірімдер театры ғой... өнер жолында жетістікке жете беріңдер!