Қаламыздың қадірменді қариясы, соғыс ардагері Мұратқали Қамалұлы – қазақтың алғаш журналист қызы Нәзипа Құлжанованың есімін дәріптеп, ұрпақ санасына жеткізуде көп еңбек сіңірген. Жасы тоқсанда болса да, бүгіндері де талай табалдырықты тоздырып, есімі еленбей, мерейтойы аталмай жүрген Торғай қызына лайықты құрмет көрсетуге үндеп жүр.

 

Ұлы Жеңіс күніне орай Мұратқали Қамалұлы Құлжановтар туралы жазған естеліктерін топтастырып, кітап қылып шығарды. Естеліктер жинағының тұсаукесеріне ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Р. Сарпеков, қала әкімі Қ. Ғабдулин, қалалық мәслихат хатшысы Н. Шалдыбаев және т.б. меймандар қатынасты.

Кітаптың бірінші бөлімінде Нұрғали мен Нәзипаның халқына көрсеткен қалтқысыз қызметі туралы мол деректер топтастырылған. Екінші жартысында ардагердің өзінің өмір жолы, майданда бастан кешкендері, бейбіт өмірдегі еңбек жолдары сипатталады.

Жаңа кітаптың тұсауын кесу рәсімі республикалық «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімов пен ҚР құрметті журналисі, кітапты құрастырушы Майра Шөкенге берілді. Керме қиылып, шашу шашылды. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің өнерлі шәкірттері ән - күймен әрледі.

Қарт қаламгердің Семейге барған сапарынан әзірленген жарты сағаттық деректі фильм көрсетілді. Қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев аруақтарға арнап Құран бағыштады.

Комментарии

Сарышаян
#1 Сарышаян 23.05.2013 11:08 Цитировать
Кезінде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, бүгіндері 90 жастағы ардагер ақсақал Мұратқали Қамалұлының Нәзипаның есімін дәріптеп, біреуге салмақ салып (М.Шөкен), кітап жазғаны құптарлық іс, әрине. Дегенмен, Нәзипаның Арқалыққа қандай қатысы бар? Мұратқали қария Нәзипаның есімін тықпалап, өлермендік таныта жүріп, гуманитарлық колледжге таңып берді. Жарайды, мұны да "хош" делік. Дегенмен, Арқалық қаласындағы мекмелер мен көшелерге әркім өз туыстарының атын тықпалай берсе, не болады? Кейде күлкім келеді, бас-аяғы 15-20 мың тұрғыны бар шағын қалада "Құрметті азаматтар" саны 15 млн халқы және бай тарихы бар Мәскеудің "таңдаулы азаматтары" санынан бірнеше есе көп екен. Бұл қазақтар құтыла алмай жүрген трайбализмнің жарқын көрініс емес пе? - деген сауал қоямын Әкімдіктің ішкі саясат бөліміне
Ғанибет Ғалымбекұлы
#2 Ғанибет Ғалымбекұлы 27.09.2013 10:06 Цитировать
Негізі, Нәзипа Құлжанованың руы Атымтай. Бірақ мұны Мұратқали ақсақал мойындамайды. )
даулетхан абилхаир
#3 даулетхан абилхаир 31.01.2018 01:21 Цитировать
ия .. кәзіргі кезде дүнмеденде өтіп кеттіау ардагер... бала шағымнан білетін едім... жаны жәннатта болсын!