Казалось бы в недалеких, но уже десятилетней давности временах, в 2004 году в руки аркалыкчан впервые попала газета в двухцветном варианте – Аркалык хабары.  В том же году было проложено начало замечательной традиции – проведение легкоатлетического кросса на призы «Аркалык хабары».  

Қаламызда қоғамның арасындағы алтын көпір, яғни жаңалықтың жаршысы бола білген «Торғай» және «Арқалық хабары» басылымдарының бары баршаға аян. Санаулы айда өзінің он жылдығын атап өткелі отырған «Арқалық хабары» газетінің мерейтойына орай №2 Орталық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бөлімінде ұйымдастырылған кештің куәсі болдық. «Ел тағдыры-ел жаңалығы»  атты кешке «Арқалық хабары» басылымының бас редакторы Арыстан Айтмағамбетов, «Торғай» газетінің редакторы Қайрат Есмағанбетов, сонымен қатар газет қызметшілері,  Торғай агро-техникалық колледжінің басшысы Арман Шамшин және Молдатай Жапаров, Қуанышбай Қазымбеков, Сейтқали Оташев сынды ел ағалары мен бір топ жастар қатысты.

Ұлты өзге болса да, қазақ тілін қадір тұтқан жерлестеріміз арамызда бар. Бар болып қана қоймай, мемлекеттік қызметте қаламыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүр.
Қазақ тілінде сөйлеу, әрине, айтарлықтай жаңалық емес, бірақ сондай жандардың бірі, ұлты әзербайжан Эсмира САМЕДОВА жақында көптің ішінен топжарып, табыспен оралды. Яғни ол Қостанайда өткен өзге ұлттар арасындағы «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқауда жеңімпаз атанып, бас жүлдеге ие болды.

Таяуда Арқалық қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Туған жерім, тың өлкем» атты қалалық мекеме-ұжымдар арасында көркемөнерпаздар байқауы өткен болатын.

Қостанай меценаттар клубы облыс өнері, мәдениеті мен ғылымының өрге жүзуіне сүбелі үлес қосып келеді. Жыл сайын дәстүрге айналған «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары әр саладағы мамандарға беріліп, оларды ынталандырып келеді. Биыл ақпанның 1-і күні Қостанай қаласында облыс әкімі Н. Сәдуақасов 24 адамды құттықтап, оларға сыйлықтарын табыс етті.