Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

«Арқалық хабары» газетінің редакциясы қаламыздың тазалығы көңіліңізден шыға ма, қандай кемшіліктер бар, олардың себебі неде және оларды болдырмау үшін не істеу қажет деген сауалдарды қала тұрғындарына қойған болатын. Жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз. Кім-кімнің осы тақырыпқа қосар пікірі болса, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жолдауыңызды сұраймыз, міндетті түрде қарастырып, жариялауға тырысамыз. 

Қонысбай АҒУАНОВ, мемлекеттік
қызмет ардагері:

Мен Арқалықта 43 жыл тұрамын. Заманның ыстығы мен суығына қала халқымен бірге төзе білдік. Қиын-қыстау кезеңде әлеуметтік саланы басқардым, қала халқының проблемаларын бірге шешуге атсалыстық, араластық. Бұрын облыс орталығы тұсында, 80 мың халқы бар қаламызда мүмкіншілік те мол болды. Бертін келе, қаламыз қысқарып, халқы азайды, тазалық деңгейі де төмендеді. Бірақ, істің бәрі – адамның қолында. Сөзден гөрі іс керек қой қай уақытта болса да. Сондықтан, мен қаланың патриоты ретінде, сіздердің газеттеріңіздің беттерінде «Неге?» деген мақала жаздым, одан кейін кеше шыққан «Түйеқұс» деген мақаланы жолдадым. Тазалық ең әуелі әкімнен, басшылардан емес, өзімізден басталады. Егер біз темекі тұқылын лақтырмасақ, шемішке, сағызымызды көрінген жерге шашпасақ, үйдің маңайын сыпырып отырсақ, сонда ғана тазалық болады. Ал, көше тазалығы – коммуналдық мекемелердің еншісінде. Олар да күн демей, түн демей жұмыс істеуі керек.
Соңғы кезде байқаған шығарсыздар, қаламыз тіпті азып кеткендей халге жетті. Екі жыл бұрын мына Әуелбеков көшесі салынды. Жолдың екі жақ бойына қаншама әдемі тал шыбықтар отырғызылды. Әп-әдемі бүршік жарып келе жатыр еді, оны суаратын, күтім жасайтын адам болған жоқ. Бәрі өлді де қалды. Бұған коммуналдық шаруашылықтар жауапсыз қарады ма, әлде дұрыс тапсырма берілмеді ме, білмеймін. Сондықтан, қала басшылары осындай нәрселерге көңіл бөлсе екен.
Тағы бір айтатын жағдай, қоғамда ұйымшылдық жетіспейді. Қаламызда кондоминиумды басқаратын үш мекеме бар. Кондоминиум дегеніміз өзін-өзі басқару принципімен жұмыс істейді. Халықты сенбілікке шақырып, басын қосып, тазалық шараларын ұйымдастыру керек. Ол үшін бастама жетіспейді. Мен бұрын мәслихатта істегендіктен, бұл ретте жергілікті мәслихат депутаттары өз округында кондоминиум басшыларымен, халықпен ұжымдасып, тазалық мәселесін көтерсе, құба-құп болар еді деген ойдамын.
Екінші айтарым, заң бойынша жазалау керек. Қостанайда «Мой участковый» деген акция өтіп тұрады. Ал мен, мысалы, өз участковыйым кім екенін білмеймін. Көбісі білмейді. Үйдің жанында біреу сыра ішіп отырады, жарды сызып, жарнама жабыстырып кетеді, ал оларды іздеп, жазалап жатқан полиция жоқ. Егер заң бойынша тәртіп орнатылса, бәріміз де тәртіп сақтауға тырысып, сескенеміз ғой. Сондықтан, бұл да назар аударуды қажет ететін мәселе.

Лаззат ДОСЖАНОВА, администратор кафе-гостиницы «Сайора»:
– На мой взгляд, с приходом на должность акима города Амантая Балгарина в городе стало намного чище. Коллектив нашего кафе-гостиницы «Сайора» также вносит свою лепту в то, чтобы Аркалык благоухал чистотой, проводя ежедневные уборки территории. В то же время, я считаю, что в городе еще достаточно мест, где необходима хозяйская рука. Но продолжая в эти дни уборки территорий, думаю, что каждый горожанин должен помнить и о том, что чисто не там, где метут, а там, где не сорят. Все это к тому, что чистота должна начинаться в первую очередь с внутреннего мира человека, с его воспитания. При наличии таких качеств можно смело говорить о таком чувстве, как патриотизм. Ведь патриотизм начинается не только с уборки собственного жилища, но и подъездов, прилегающей к дому территории. Уверена, что с приходом такого сознания, Аркалык будет всегда чистым, уютным и комфортным, как для горожан, так и для гостей Аркалыка.

Қуанышбай ҚАЗЫМБЕКОВ, жыршы, ұстаз, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері:
- Бір күн таза болса, аз уақыттан соң бытшыт қылып ластап, құртып кетеді. Өткенде балам үйленген кезде подъезді ақтап, сырлап қойған едік. Бір айдың ішінде сырлатып қойған нәрсені тағы сызып, қызыл бояумен жазу жазып, құртты. Сонда не шаруасы бар екен? Мұны істейтін - кішкентай балалар, оны ересек адамдар істемейді. Оған қоса бізде төрт-бес жалға беретін пәтерлер бар. Сондайлар қажытты. Немқұрайлы қарайды.
Мұнымен қалай күресуге болады? Біріншіден, салт-дәстүрді балабақшадан бастап үйрету керек. «Көкті жұлма, көктей соласың», «Табалдырықта тұрма, бойың өспей қалады» деген сияқты қазақта қаншама тиым сөздер бар. Олардың астары – керемет маңызды дүниелер. Дәстүрден, тілден ажыраған бала былжырақ, жауапсыз келеді. Бүгінгі мәдениетсіздік осы дәстүрден ажырағанымыздың тікелей салдары.

Дуйсен КИЯШОВ, специалист молодежного ресурсного центра при отделе внутренней политики акимата г. Аркалыка:
– Сегодня одна из важных задач, которая стоит в деле воспитания патриотизма у молодежи, заключается в привитии подрастающему поколению, такого важного понятия, каким является приверженность к своему родному городу. В этой связи среди учащейся и студенческой молодежи Аркалыка проводятся тематические акции, в том числе направленные на поддержание и наведение чистоты и порядка на территории Аркалыка. Одна из таких акций – «Чистый город – начни с себя» стартовала еще весной текущего года и будет продолжена с началом нового учебного года. Еще до начала первого звонка стартовала работа по программе «Жасыл ел». К примеру, в рамках данного проекта силами учащейся и студенческой молодежи по всему периметру была приведена в порядок набережная городского водоема. Иными словами, молодежь Аркалыка сегодня принимает активное участие в том, чтобы к празднованию своей юбилейной даты наш город выглядел чистым и ухоженным.

  1. Вконтакте
  2. Инстаграм