Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

Қала тұрғындары өткен аптада өткен той-томалақтың куәгері болып, республика сахнасында өнер көрсетіп жүрген өнер саңлақтарын жергілікті сахнада тамашалады. Медет Шайкелов, Анар Мұздаханова, Роза Нүркей, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев сияқты атақты әнші-күйшілер той думанның сәнін келтіріп, тамаша өнер кешін сыйлады.


Өнерлерін көгілдір экраннан ғана тамашалап жүрген жұлдыздарды өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болған қала халқы үшін еш нәрсе кедергі болмады. Ауа-райының қолайсыздығына, яғни күннің жаңбырлы әрі күңгірт болуына қарамастан, халықтың шоғыры мол жиналды. Наурыз алаңы да ерекше безендіріліп, үлкен LED экрандар мен жаңа сахна құрылды, лазер шоуы айналаға сән қосты.

 
Өнерпаздарды айтар болсақ, кештің тізгінін осы өңірдің тумасы, «Торғай жұлдыздары» музыкалық жобасының жеңімпазы Медет ШАЙКЕЛОВ пен режиссер, атақты әнші Айнұр БЕРМҰХАМЕДОВА ұстап, халықтың көңілін көтеруге бар өнерлерін салды.


Концерт басында жүргізушілер концерттік кеш тақырыбына арқау болған басты мейрам – ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы екенін алға тартты. Концертті Құрманғазының «Көңілашар» күйімен ҚР мәдениет қайраткері Бораш ӘБЕНОВТЫҢ жетекшілігімен жергілікті оркестр  ашты. Одан кейін сахна төріне «Астана опера» солисті, бірнеше халықтық байқаулардың лауреаты Роза Нүркей көтеріліп, Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» туындысын орындады. Б. Әбеновтың жетекшілігімен «Құрманғазы», «Сарыарқа» күйлері назарға ұсынылды. Сондай-ақ, жерлесіміз А. Мұздахановтың «Дархан баба», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлерін Анар Мұздаханова нақышына келтіріп орындап, жұртшылықтың құлақ құрышын қандырды.


Кеш жүргізушісі Медет Шайкелов те «Қазақтың қыздары», «Есіме аламын» атты әсем әуенді әндерін шырқады. Сонымен қатар, жерлесіміз, Арқалықтың тумасы, қазір Елорданың өнер ортасында жүрген Жұлдыз Құрманова «Ялла хабиби», «Арманыма асығамын» атты әндерді айтты. Сырт жақта өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Данияр Әмірбеков те туған шаһар мерейтойына арнап, «Жұмбақ сезім», «Алый закат» әндерін, Динара Жанабергенова «Киелі Торғай», 80 жылдардағы өлеңдерден құралған поппуриін көпшілік тыңдарманға тарту етті. Сонымен қатар, Қазақстан дауысы тележобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет «Мақпалжан», «Саған халқым» әндерімен халықты үлкен әсерге бөледі.


Ештен кеш жақсы. Халық аңсап, асыға күткен «Музарт» тобы да кешке таман Арқалыққа келіп, концерттің бас кейіпкерлеріне айналды. Қазақстанның ең танымалық музыкалық топтардың бірі де бірегейі – «Музарт» тобы 60-80 жылдардағы әндерді, «Червона рута», «Хуторянка», «Италия», «Латина» сияқты туындыларды орындап, халықтың көңілін бір серпілтті.
Кеш соңы көздің жауын алған тамаша салютпен аяқталды.

«АХ»

  1. Вконтакте
  2. Инстаграм