Текті Торғай елінің атақ-даңқын жыр шумақтарымен асқақтатып жүрген ақындардың бірі – Молдатай Жапаров ағамыздың жуырда «Торғайым – алтын бесік» атты кітабы жарыққа шықты. Оған автордың әр жылдарда жазған туындылары енген.

 

Молдатай Жапаров – ерекше ақын. Қай өлеңін алып қарасаң да, терең ой мен көркемдік үндесіп жатады. Сөз саптауынан, өлең өрнегінен мін табу қиын. Бәрі де үйлесімді, жарасымды әрі оқуға жеңіл. Бұл – ақынның шығармашылық жолындағы ірі табыстардың бірі десек қате болмас. Себебі бұл жеңілдік пен жарасымдылық – еңбектену мен ізденудің жемісі.

М. Жапаров өлеңдерінің басым көпшілігі Торғай елін өзек еткен. Бұл автордың – туған жерге сүйіспеншілігін білдірсе керек. Шығармалары республикалық, облыстық деңгейде жариялануға тұрарлық дүниелер болса да, М. Жапаров ең әуелі жергілікті қос газет арқылы жырларын туған еліне жеткізуге асық. Мұны да автордың азаматтығы деп білгеніміз жөн сияқты.

«Торғайым – алтын бесік» кітабында Торғай елінің танымал тұлғалары, ақынның өз замандастарына арнаған өлеңдері де топтастырылған. Композитор Қалибек Деріпсалдин,  айтыскер ақын Айбек Қалиев, би өнерінің майталманы Ерсін Жүсіпов, қаламгер Әубәкір Қылышбайұлы және т.б. танымал тұлғаларға жүрек түкпірінен шыққан лебізін жыр жолдарымен жеткізген екен.

Ақын ағамызды алғашқы кітабымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз.

 

Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

Комментарии

Ғани
#1 Ғани 25.04.2013 16:37 Цитировать
Біз білмейтін қандай "ақын" болды бұл?
Ғани
#2 Ғани 25.04.2013 16:39 Цитировать
"Молдатай Жапаров – ерекше ақын. Қай өлеңін алып қарасаң да, терең ой мен көркемдік үндесіп жатады. Сөз саптауынан, өлең өрнегінен мін табу қиын. Бәрі де үйлесімді, жарасымды әрі оқуға жеңіл. Бұл – ақынның шығармашылық жолындағы ірі табыстардың бірі десек қате болмас. Себебі бұл жеңілдік пен жарасымдылық – еңбектену мен ізденудің жемісі..."
Әй, Қайрат-ай, мына ақпаратында оны әбден мақтап, "ұлы ақын" етіп жіберіпсің ғой. ))))
Админ
#3 Админ 25.04.2013 17:16 Цитировать
Ғани Молдатай Жапаров шынымен бүгінгі ақынсымақтарға қарағанда тәуір ақындардың бірі. Ал ондайлар көп емес екенін білесің ғой. Мақтаған емес, шын өзімнің субъективтік бағам ))) Өлеңдерін қоям жақын арада сайтқа оқырсың!
Ғани
#4 Ғани 29.04.2013 16:52 Цитировать
Жақсы! Бірақ, өлеңдері жақсы дегенге, әй, күмәнім бар-ау... )))
бир кыз Б.Б АХ
#5 бир кыз Б.Б АХ 01.05.2013 12:50 Цитировать
Коп сойлей бермей биринши китапты басынан бастап окып шыксай. Куманин бойына сыймай бара жатса.
Ғани
#6 Ғани 04.05.2013 11:21 Цитировать
Әй, Б.Б деген, сен кімсің өзі?! "Б.Б АХ" дегеніне қарағанда, "Арқалық хабарында" істейтін "бір қыз" болдың-ау... Оқысам да, тұшына алмайтыныма сенімдімін! Ал, керек болса! )))
Ғани
#7 Ғани 04.05.2013 11:22 Цитировать
Б.Б., сен оқып па едің сол кітапты? Әлде ол "ақын"сенің бір туысын болды ма? )))
литератор
#9 литератор 07.05.2013 23:43 Цитировать
Молдатай - өз деңгейі мен өресін салмақтай білетін, Абай хакімнің өлеңге қойған өлшемі мен талабын таразылай алатын азамат. Сол себепті де, ол ойы терең, ұйқастары шымыр болса да, туындыларын орталық басылымдарға тықпаламайды, ақынмын деп кеудесін ұрмайды. Егер жыр щумақтарын топтастырып, кітап шығарса, құттықтаймыз, әрмне. Тек тең жартысы арнаулар болмаса, құба-құп. Мені Молдатайдың жыр кітабы емес, АРКНЬЮС-тің қазақшасы қинап отыр. Торғайдағы (!!) қазақтар ана тіліміздің емле ережелерін, қарапайым стилистикасын ұмытқаны ма? Қате деген өріп жүр,, қойша жайылып. Қайрат інім, біреудің еңбегіне төреші болғанша, өзіңнің с аутыңды көтер. Әй оқып жетістірмеген бір жүгірмек болмасаң кетті тегі!? Келесі жолы мынадай былшылды сайтқа ілсең менен жақсылық күтпе
ББ
#10 ББ 22.05.2013 16:14 Цитировать
окыган сон айтып турмын окымасам боска соз жумсамас едим
Гулсим
#11 Гулсим 13.03.2014 18:26 Цитировать
аға , қалайсыз ? жырыңызды оқыған жоқпын ,бірақ сізге хабарласқаным ғой ұмытпасаңыз мен бірге оқыған Гүлсім қарындасыңызбын