«Тілім менің ғасырлардан аманат» аймақтық жазба ақындар мүшәйрасында Арқалық медицина колледжінің білім алушысы Индира Кодыкова қатысып, «Көрермен көзайымы» номинациясына иеленді.
Қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 70-жылдығына, Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуына және Арқалық қаласының 58 жылдығына орай өткізілді.
Байқаудың мақсаты - ақындық өнердің дамуына үлес қосу, жас дарындарды анықтау, рухани- адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Биылғы жылғы мүшәйра өткен жылмен салыстырғанда ерекшелігі жан- жақтан таланттармен сахна төрінің толуы. Мүшәйра Қостанай қаласының, Амангелді ауданының, Қайынды ауылының ақындарымен бірге қаламыздағы білім ошақтарының жас ақындарының жүрек жарды жалынды жырлары сынға түсті. Әділ қазы мүшелері бір-бірінен оза шапқан талант иелерін марапаттап бағалы сыйлықтар табыс етті. Жас дарындарды анықтау және оларды қалың қауымға паш ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әділ қазы мүшелері қаламыздың ақыны Б. Балмашова, Қостанай таңы газетінің тілішісі, ақын М. Жүнісұлы, Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының бас маманы А. Жанабаева байқауға қатысқан ақындар шығармашылықтарына дән риза болып, биіктен көрінулеріне тілектестіктерін білдірді.
Қаламызда жастардың арасында тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырыла берсін, біздің жастарымыз биіктің шыңынан көрінсін! Байқауды ұйымдастырушы «Қалалық мәдениет сарайы» басшыларына алғысымызды білдіреміз!
Самал Жиенбаева,
Арқалық медицина колледжінің әдіскері.