Қостанай құрылыс колледжі - Республика, облыс, қала кәсіпорындарына құрылыстық профильдерге жоғары білікті мамандар дайындайтын оқу орны. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің өзіне тән маңызды тарихы мен дәстүрі бар. 1954 жылы Қазақстанда тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты еліміздің эканомикасын көтерудің ауылшаруашылық саласын дамыту үшін қажеттілігі туындауымен бірге, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсаты тұрды.
Осы мәселелер төңірегінде құрылыс және ауылшаруашылық мамандарды дайындау мақсатында оқу орындары құрыла бастады. Солардың қатарында 1956 жылы Қостанай құрылыс техникумы құрылды. 1960 жылы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс бойынша дайындалған мамандық иелері жаңа еңбек жолына жолдама алып, алғашқы техник түлектері бітіріп шықты.
Қазіргі оқу мекемесінің даму динамикасын қарастыра отырып, бастапқы кезде Қостанай құрылыс техникумы тек қана үш мамандық бойынша мамандарды дайындағанын білеміз. Осы дан кейінгі жылдарда да, оқу мекемесі жақсы жақтарынан дамып, жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Осыған орай колледжде еңбек нарығына кажетті мамандықтарды ашуға ерекше мән берілді. Сонымен, 1997 жылы « Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы ашылып, 2000 жылдан «Сәулет» мамандықтарына дайындық жүргізіліп, үш жыл бұрын дизайнерлердің бірінші тобы қабылданды. Қазіргі уақытта республиканың, облыстың, қаланың жастары 7 мамандық пен 8 біліктілік бойынша мамандық ала алады :
- Сәулет өнері
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)
- Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
- Дизайн (салалар бойынша)
- Есеп және аудит
- Газбен қамту жабдықтары мен жүйелерін құру және пайдалану
- Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша)
Колледжде студенттердің өз қабілеттерін мүмкіндігінше пайдаланып, шығармашылықпен айналысып, кәсіптік деңгейін көтеруіне кеңінен жағдай жасалған. Колледж оқытушылары білікті маман дайындау мақсатында, өз біліктіліктерін көтеру, өзге тәжірибелі оқу орындары оқытушыларымен тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырған. Осындай берік ұстаным ұжымның дамуына, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға, мол мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қостанай құрылыс колледжі заманға сай оқу корпусы, студенттердің алған білімдерін тәжірибе жүзінде меңгеруге лайықталған 720 орындық шеберханасымен ерекшеленеді. Арнайы жабдықталған спорт залы, 7 компьютер кабинеті, 35 оқу дәрісханасы, 6 лабораториясы бар. Қостанай құрылыс колледжінің оқу- материалдық базасын нығайтуда алдағы уақытта мамандандырылған оқу дәрісханаларын жабдықтау, және жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қостанай құрылыс колледжінің түлектері өте жоғары кәсіби шеберліктерімен білікті мамандар мен педагогтар қатарына айналды. Колледжде тәжірибесі мол педагогтар сабақ береді. Оның ішінде арнайы пәндер оқытушылары – Панкратова Л.Л., Хибатулина Т.А., Утевова С.К., Ищенко Г.А., Мухин П.В., Семенова Л.И., Шартакбаева Г.Б.,Алинова Д.Р. т.б. атап өтуге болады. Педагогикалық ұжым 60- тан астам педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінен тұрады. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда, тәжірибесіз оқыту мүмкін еместігін ескере отырып, сол себепті әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жұмыс істеу іске асырылуда. Орта буынды жоғары білікті мамандарды дайындауда колледждің әкімшілігі тәжірибені өткізу базасын ұйымдастыруға айрықша көңіл бөледі. Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Қостанай қаласының 70 шақты құрылыс мекемелері мен кәсіпорындарында тәжірибелерін өткізуге мүмкіндік ала алады.Қазіргі кезеңде колледждің серіктестері ""Каз Транс Газ Аймақ "АҚ, ЖШС "БК Строй ", ЖШС "БК Строй монтаж" , "Аргромашхолдинг "АҚ КФ, "Евростиль "АҚ, ЖШС "Алина " болып табылады.
Колледж студенттері Кәсіпорындарда өндірістік тәжірибелерін тәлімгерлермен бірге өткізе отырып, тек кәсіби білім алып қана қоймай, қазіргі еңбек нарығына қажетті маман ретінде қолайлы мүмкіндіктерге ие болуда.
Сонымен бірге, студенттердің бос уақыттарына рухани дамып, қалалық және колледж ішінде ұйымдастырылған мәдени шараларға қатынасып, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалануға да ерекше көңіл бөлінеді. Студенттердің белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында, әскери - патриоттық «Тайфун» клубы,театр үйірмесі,спорттық секциялары ұйымдастырылған. Колледжде құрылыс саласына білікті мамандарды дайындау ісі ескерусіз қалған емес. Колледж өзінің құрылғанынан бергі 58 –жылдық тарихында 40000- мыңнан астам орта буынды мамандар мен білікті жұмысшыларды дайындап, еңбек нарығындағы сұранысты толықтыру қажеттігіге жарады. Колледж түлектері Республика аймамағымен қоса облыс көлемінде, шағын қалалар мен аудандарда еңбек етуде. Колледж өзінің түлектері : Ким И.Р. ЖШС «БК Строй » - дың бас директоры, Коровина З.Тобулбаева Г. С.Косанованың есімдері «Қазақстанның Ең үздік адамдары» энциклопедиясына енгізілді.. Қостанай құрылыс колледжі Біліктілігі жоғары оқытушылар ұжымымен шеберлігі шыңдалған мамандар дайындау ісін жетілдіре түсу, кәсіби –құзіреттілігі жоғары маман дайындап, ертеңгі ел келешегіне қызмет етер тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс жасай бермек. Ашылғанына 58-жыл толған жарты ғасырдан артық тарихы бар колледждің қоғам игілігі үшін болашақта маңызы арта түсері сөзсіз.
Арман Жақанұлы Шамшин,
Қостанай құрылыс колледжінің директоры.