2004-2008 ж.ж. туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Қостанай облысының ашық біріншілігі өткен болатын. Облыстық жарысқа Астана мен Қарағандылық палуандар да қатысқандықтан оны Республикалық деңгейде өтті деп айтуға толық негіз бар. Осы дүбірлі додада қаламыздағы «Қайрат» спорт мектебінің шәкірттері де бақ сынап, он бірдей жүлдемен оралды. Атап өтсек, 28 келіде А. Алмасұлы қарсылас шыдатпай 1 орынды жеңіп алса, осы салмақта А.Асықпай тұғырдың екінші сатысынан табылды. 38 келінің күміс жүлдесі Е.Махмұтқа, 42 келінің 2- ші орыны И.Қуанышбековке бұйырды. 50 келіде Ә.Берік те қарсыластарының біреуіне ғана есе жіберді. Сондай ақ, 22 келіде Д.Әбдібеков, 31 келіде Н.Асанхан, 46 келі салмақта М.Мұхамеджанов пен Ш.Ағыбаев, 55 келіде Т.Сәбитбек турнирдің қола жүлдесін қанжығаға салды. Жас палуандардың жаттықтырушылары Д.Қарпықов пен М.Сыздықов.
Дархан Амантайұлы